С. С. Жанибекова Қазақстан Республикасы


Оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамыту және бақылау жолдары



бет19/25
Дата05.09.2022
өлшемі0,77 Mb.
#148760
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
ШАКЕН ФАРИЗА

2.1 Оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамыту және бақылау жолдары
Қазіргі білім берудің күрделі міндеттерінің бірі – оқушылардың оқу әрекеттерін тиімді жүзеге асыруы үшін қажет өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыру. Бүгінгі таңда адамның өзін-өзі реттеуінің негізгі қағидалары (жүйелілік, белсенділік, саналылық), оның құрылымы, негізгі механизмдері, іс-әрекеттің өнімділігі мен тұлғаның дамуына әсері жан-жақты зерттелген.
Өзінің оқуын реттеу – оқушының өз мүмкіндіктерін оқу қызметінің талаптарына сәйкестендіре алуынан көрінеді. Яғни өз оқуының субъектісі ретінде әрекет ету жеке тұлғалық әлеуеті мен жауапкершілігіне қатысты екенін сезінуі деуге болады. Оқушының өзін-өзі реттеуін дамыту мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тәуелді, ол оқу үдерісінің барысын, оқу материалының жаңалық дәрежесін, білім алушының қызығушылығы мен маңыздылығын алдын-ала білуі керек. Оқу қызметінің нәтижелілігінің шарты болып табылатын өзін-өзі реттеу дағдысын дамыту үшін, оқытуды ұйымдастыруда өздігінен реттелетін оқудың үш элементі маңызды болып табылады: тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; оқушылардың проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.Сабақта таңдап алынған тапсырмалар мен әдістер өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Яғни оқушы өзінің оқудағы мақсатын анықтайды, оған жету жолдарын болжамдайды, оқу әрекеттерін орындаудың жаңа тәсілдерін жасайды. Соңында, ол өзінің әрекеттерінің нәтижесі туралы ойланады, өзі үшін бақылау мен бағалаудың түрлі критерийлерін, көрсеткіштерін анықтайды. Сындарлы оқыту теориясына сәйкес оқытуды диалогке құру: оқушының сыныптастарымен, мұғаліммен бірлескен әрекетте түрлі рөлдерді орындауы, сол арқылы көшбасшылық функцияларды игеретін оқу жағдаяттары жасалуда.
Мысалы, оқушылардың өзіндік мақсатын анықтауға көмектесетін өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, зерттеушілердің пікірі бойынша, мұғалімнің бағалау қызметінен оқушылардың бірлескен қызметі арқылы оқушының тәуелсіз (өзін-өзі) бағалау әрекеті ретінде сипатталатын үш кезеңнен өтеді: мұғалімнің бағалау қызметі; оқушылардың өзің-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерің дамытуынталандыру, оны түзету; оқушыларға бағалау критерийлері мен бағалау әдістерін көрсету, ұсыну. Оқушыларға өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау қиын. Бағалау өлшемдері мен бағалау әдістерін игергеннен кейін ғана мектеп оқушылары оларды өзін-өзі бағалауда қолдана алады.Сондай-ақ, өзара бағалау нәтижелі болуы үшін, топтық бағалау іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері бар: мұғалім оқушыларды тапсырманы орындау үшін ең жақсы үлгіні таңдауға, тапсырмаға, жаттығуға, әңгімеге, эссеге қойылатын талаптарды бірлесе талқылап, анықтауға, еркін пікірталас ұйымдастыруға және тағы да басқаларды шақыра алады. Бірлескен оқуда оқушылар бір-біріне қатысты әр түрлі рөлдерді орындайды, кейбір жағдайларда олар сыныптастарының жұмыстарының көрмесін қарап шығу тапсырылған сарапшы рөлін атқарады, кейде бірі сұхбат жүргізуші журналист рөлін, ал қалғандары респонденттер болады.
Мұндай белсенді әдістің соңында оқушылардың өз әрекеттерін өздерінің бағалауын ұйымдастыру маңызды. Бағалау критерийлеріне сәйкес іс-әрекетті бағалау тәжірибесін игеріп, олар өздерін жеткілікті түрде бағалайды. Осылайша, өзара, өзін-өзі бағалау енді оқушының күнделікті сабақтағы ілгерілеуі туралы білуге ​​және қандай міндеттерді шешу керек екенін түсінуіне, яғни әрекетті рефлексиялауына бағытталады. Тиімді әдістер іріктеліп, қолайлы оқу ортасы жасалған жағдайда оқушының өзін-өзі реттеу дағдысының қалыптасу деңгейін сабақта қалай бақылауға болады? Оқытуға қатысты өзін-өзі реттеу дағдысы – құрылымы бар дағды түрі. Ол әрекеттің мақсаттылығы, әрекеттің өнімділігінің шарттары, әрекет ету стратегиялары, нәтижені бағалау және түзету сияқты компоненттерден тұрады. Кез келген сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыста өзін-өзі реттеудің әр түрлі компоненттері бойынша бақылаулар жүргізуге болады. Ал бақылау барысынан қажетті деректер жинау үшін, бақылауды арнайы кестеге сәйкес жүргізген тиімді. (Қосымшада №1. Топтық жұмысқа бақылау парағы) . 
Берілген бақылау кестелері бойынша оқу әрекетін орындау барысында оқушының өз оқуына қатысты мақсат қоюы мен орындау жауапкершілігін анықтауға болады. Оқушының өз мақсатын нақты сезінуі оның оқу әрекетінің субъектісі бола алуына, сабақтағы тапсырмаларды орындау қадамдарына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы дербес шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, бір пәннің шеңберінде 10-сыныптың 3 оқушысының оқу әрекетіне жасалған бақылау қорытындысынан төмендегі жайттар анықталды (А – үлгерімі жақсы, В – орташа, С – төмен оқушы).
Бірінші тоқсан бойы жиналған бақылау деректерін талдау арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдысы оның қалыптасқан дағдысының көлеміне ғана емес, оқыту кезеңіне, ұйымдастырылған оқу әдістеріне де тікелей тәуелді болатынын көрсетті. Мысалы: танымдық, тұлғалық белсенділік талап етілетін топта жұмыс істеуге арналған әдістер кезінде А оқушы эмоционалдық, танымдық, әлеуметтік тұрғыдан көшбасшылықты өзіне алды. Уәждік тұрғыдан қолдауды қажет еткенмен, мұғалім тарапынан жасалған скоффолдинг көмегімен сыныптастарымен өзараәрекеттестікті іске асыра алды. В оқушы бірлескен оқуда эмоционалдық және танымдық тұрғыдан өзін-өзі реттей алатындығын көрсетті, алайда нақты шешім қабылдауда, топтық жұмыс өнімін қорғауда сырттан көмек күтіп, көбінесе, өзіне жауапкершілік алудан бас тартатыны көрінді.
С оқушы ой шақыруға арналған жеңіл сұрақтарға жауап беріп, репродуктивті әдістерді орындауда белсенділік танытқанымен, бірлескен жұмыс кезінде талдау, шешім шығару әрекеттерінен тыс қалды, ол өзін ешкім тыңдамайтынын, ойлануға уақыттың аз болғанын айтты. Оқушының өзін-өзі реттеу дағдысы жеткілікті қалыптаспаған болса, оқу әрекетінің өнімділігі төмендейді. Тәжірибелі мұғалім белгілі бір оқушының өзін-өзі реттеу дағдысының жеке сипаттамаларын, сондай-ақ оның жеке компоненттерінің даму деңгейін тез анықтай алатыны сөзсіз. Мұндай мәліметтер педагогикалық түзетуді мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Мысалы, жоғарыдағы жүргізілген тәжірибе барысында, оқу мақсатына орай берілген бағалау критерийлеріне қарап, А оқушы тапсырманы орындау нәтижесіне толық қанағаттанса, В оқушы күмәнданды. Дегенмен өзін артық бағалау немесе жеткіліксіз бағалау болмағандығын мұғалімнің түсіндірмесі арқылы емес, тапсырма дескрипторларына қарап түсінді. Бастапқыда В оқушы тапсырманың қиындығы, уақыттың жетіспеушілігі түрінде сылтау тауып, баға үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеді. Яғни өзін-өзі реттеу дағдысы төмен оқушы өзінің оқу көрсеткіштерінің төмен болуына сырттан кедергілер «іздейді».
Алайда, жүйелі жүргізілген қалыптастырушы бағалау оның дағдының қалыптасуына ықпал етті. Ал С оқушының: «Мен сабақта жұмыс істедім, бірақ ештеңе істеуге уақыт болмады, бірақ мені ешкім тыңдамады, бірақ сыныптасым дұрыс кеңес бермеді, бірақ топтық жұмыста сөйлеуге мүмкіндік болмады» – деген қорытындысын бақыланған уақыт аралығында өзгерту мүмкін болмады. Бұдан шығатын қорытынды – өзін-өзі бағалау жүйесін дамыту арқылы оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын жетілдіруге болады.Өзін-өзі реттеу дағдысы – бұл оқушының орындаушылық әрекетін сапалы іске асыруға бағытталған әрекеттер. Қорыта келе, оқушының өзін-өзі реттеу дағдысын дамытуға ықпал ететін белсенді оқу әдістерін тиімді қолдану – оқудың нәтижелілігі ғана емес, тұлғаның толыққанды қалыптасуының да шарты болып табылады. Оқытуда нәтижеге жету жолдарын мұғалім дұрыс анықтай алса, тиімді тапсырмалар құрастырып, әдістерді іріктеп қолданса, оқушының дамуы мен оқу әрекетін біріктіретін тұлғалық мәнді сапасының біртіндеп қалыптасуына тікелей ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет