С. Сатыбалдин атындағы орта мектеп шағын орталығы Тәрбиеші: А. Б. Магмурова



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі1,03 Mb.
#39038
1   2

Тәрбиеші: А.Б.Магмурова.

2013 жыл

Мақсаты: Әр ұлт өкілдерінің достығы туралы түсінік беру және өз-ара достыққа тәрбиелеу

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Сіздерді 1 мамыр Достық күнімен құттықтаймыз.

Олай болса " Балауса " шағын орталығының 1 мамыр мерекесіне арналған салтанатты ертеңгілігін ашуға рұхсат етіңіздер.



( осы кезде қазақша музыка ойналады, балалар қол ұстасып ортаға шығып шеңбер құрып тұрады)

1."Достық" әні орындалады

Орыс (Абзал-Аяулым)

Түрік (Бекарыс -Мерегүл)

Өзбек (Нұрхат-Ақерке)

Қырғыз (Али-Құралай)

Татар ( Амир- Алтынай)

Украин (Амирхан -Аққыз)

Грузин (Ибрагим-Анель)

Шешен ( Абат- Нұрай)

Қазақ (Ералы-Аяжан-Айсана- Мұхамедали)


2. Тақпақтарын айтады

1. Ақ көңіл, досшыл баламын Абзал

Ананың тілін аламын

Баулыған анам, мен болам

Бауыры барлық адамның



2. Бекарыс деген түрікпін Бекарыс

Әрқашан істе озатпын

Тым ыстық маған көрінер

Тыныштық атты ғажап күн



3. Тойлауға әбден лайық Аяулым

Бірлікті мақтан қылайық

Мамыражай мамырға

Сән салтанат құрайық

4. Жомарт көңіл түрікпін Мерейгүл

Барлығымен таныспын

Досым көп менің әлемде

Хат жазып , хабар алыстым



5. Жер –жалғыз анамыз Нұрхат

Жетілген панамыз

Біз оның төсінде

Бірге өскен баламыз



6. Өзбек елінің гүлімін Ақерке

Желбіреген тұлымым

Әлемде күн көтерген

Балалардың бірімін



7. Амир деген баламын Амир

Қарашығымын анамның

Бар бала маған дос екен

Бақытты болып өссе екен



8. Бейбітшілік ұранымыз Али

Достық, бірлік жыр -әніміз

Таңғажайып Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз



9. Көктеммен бір үйлесіп Құралай

Ән салып би билесіп

Көрсетеміз әлемге

Татулықты үлгі етіп


10. Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен- бірі туысқан

Қол ұстасқан ел жатыр Алтынай

11. Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Түрік, Ұйғыр, дүнгендер.

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр Амирхан

12. Әрқашан күн сөнбесін,

Аспаннан бұлт төнбесін.

Қасымда болсын досым,

Болайық бізде аман. Аққыз

13.Күн әлемі, көк әлемі,

Бұл -суреті достардың

Ақ қағазға жазған сөзі

Дос болайық бәріміз Абат

14. Алатау, Кавказ ұласып

Баурай бұйрай кең жатыр

Достықтың әні асқақтап

Құлаққа дауысы кеп жатыр Нұрай

15. Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер! Анель

16. Әкел досым қолыңды

Қол ұстасып жүрейік

Татулықтың белгісі

Кел қосылып ткүлейік Аяжан

17. Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз



Атсын күліп таңымыз Ибрагим
(Тақпақтарын айтып болған соң, шаңырақтың шетінен ұстап балалар хормен айтады)
Ақпыз сары қарамыз

Бәрімізде баламыз

Бір шаңырақ астында

Бақытты өмір сүреміз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет