Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет19/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Бақылау сұрақтары:

1. Құрама жем туралы мәлімет беріңіз.

2. В тобындағы дәрумендерге сипаттама беріңіз.

3. Премикс деген не?



12-дәріс.
Бөдене шаруашылығы

1. Бөдене шаруашылығы

2. Бөдене шаруашылығына өндірістік негіз

3. Өндірістік бөдене шаруашылығының жолына шығу
Бөдене (Coturnix coturnix) – фазан тұқымдасынан, тауықтар түріне жатады. Дене ұзындығы 16-20 см, салмағы орта есеппен 80-120гр. Аталық пен аналық бөденелерді дене тұрқынан, қауырсын түрінен айырады. Бөденелер Европада, Африкада, Азияда кеңінен таралған. Бөденелер жылдам өседі. 2 аптада қауырсынды, өздері қоректенеді, 1-5 айда ересек бөденелерге жатқызуға болады. Бөденелер қолға 19ғасырдың аяғында, 20ғасырдың басында үйретілген. Қазіргі кезде шағылыстыру арқылы Жапон бөденелерінен бірнеше түр шығарылған: мәр-мәр бөденесі, фараон т.б. Бөденелерді тек фермаларда емес үй жағдайында да ұстауға болады.

Бөдене жұмыртқалары тауық жұмыртқаларынан құнды. 5 бөдене жұмыртқасында (5 бөдене жұмыртқасы 1 тауық жұмыртқасының салмағына тең) Калий К-5есе көп, Темір Fe-4,5 есе, B1, B2 дәрумендері 2,5-есе көп болып келеді. А дәрумені, фосфор, мыс, амин қышқылдарының көп мөлшерде болуы бөдене жұмыртқаларын тек азық есебінде емес емдік мақсатта қолдануын қамтамасыз етеді.

Бөдене жұмыртқасында ақуыз көп мөлшерде кездеседі (басқа құстарға қарағанда). Мысалы, тауық жұмыртқасында ақуыз мөлшері 55,8% болғанда, бөденеде 60% ақуыз бар. Көптеген құстарда жұмыртқаның 10% қабыршақ алып жатса, бөденелерде 7,2% қабыршақ құрайды. Бөдене жұмыртқаларымен асқазан, рахит, астма және диеталық тағам ретінде бөдене жұмыртқаларына теңдес жұмыртқа жоқ.

Өнімділік мәселесімен басты ауыттып жүргенде, бөдене шаруашылығының тиімділігін ұмытпаған жөн. Егер біз дүние жүзілік рынокқа бет алсақ, онда бірнеше болып мән беретін нәрсе ол экономика. Сондықтан біз сол сауда рыногына бет бұрсақ біз тек қана біздің елдің тәжірибесін алып қоймай шет елдердің тәжірибесіне көңіл бөлген жөн. Мал шаруашылығында негізгі экономикалық көрсеткіш-қорек конверсиясы болып табылады. Ал бұл мәселеде бөденеден озар құс жоқ. Олардың емдік қасиетін қоя тұрып, аспаздық және биологиялық мүмкіншіліктерін бағалау қиын.

Ал олардың ұйымдастырылу мәселелеріне келсек, бөденелердің кішкене дене мөлшері олардың тасымалын оңайлатады және тұрақтарын салу қиынға соқпайды.

Менің бұл докладта жазып отырған мәселелерім бөдене шаруашылығының қолайлы кәсіп екенін дәлелдейді. Біздің елімізде бөдене шаруашылығын дамыту географиялық және климаттық жағдайлары мүмкіндік береді.

Өндірістік бөдене шаруашылығының жолына шығу

Бөдене шаруашылығы көп елдерде дамып келе жатыр. Бөденелердің негізгі ерекшелігі олардың жұмыртқа өндірістілігімен ерте жетілуі. Олардан алынатын өнім дәмді және құнарлылығы жоғары болып есептеледі.

Бөдененің мекеніне 37-38 күн толғанда олар жұмыртқа басады. Олардың 1жылға беретін жұмыртқа өнімі 250-300 жұмыртқаны құрайды. Инкубация уақыты 17 күн.

Бөденелердің дене температурасы 42С ол деген сөз, тауықтардан температурасы жоғары. Бөденелердің инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілеті жоғары.Сондықтан оларға вакцинация егу қажеті жоқ. Бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасынан әлде қайда құнды және оның емдік қасиеті жоғары. Бөдене жұмыртқаларын көп уақыт сақтауға болады. Кішкене балаларға және диеталық қолдануға жұмыртқаның маңызы зор.

Бөдене өнімдерін қолдануда көптеген елдер ат салысуда. Себебі: бөдене жұмыртқасы зертханалық объект болып саналады. Бөдене эмбриондары вакцина (егу) жасауға, медецинада мал дәрігерлігінде өз орнын табуда. Жұмыртқаның косметикалық маңызы зор. Кішкентай бөденені үй жағдайына ұстауға да мүмкіншілік бар. Еліміздің құс фабрикасында істелінген торларда 15 бөденені ұстауға мүмкіншілік береді. Бұндай 2 торда ұсталынған бөденелер құрамында 4 адамы бар жанұяны жұмыртқамен қамтамасыз етеді. Бөдене мекендерінің 1 жылғы басқан жұмыртқалары, олардың дене салмағын 24 есе басып түседі. Біздің елімізде бөдене шаруашылығы өзінің дамуының басында тұр. Сондықтан бізге ең керек нәрсе ол шетелдердің тәжірибесі.

Дүние дүзілік құс шаруашылығының призиденті профессор Ю.Ямада (Япония), еліміздегі НПО “Комплексті” аралау барысында өздерінің елдеріндегі бөдене шаруашылығы, тауық шаруашылығынан кейін 2 орында тұрғанын айтып өтті. Қазіргі кезде Жапонияда 8млн. бөдене өндіріс мақсатында ұсталуда. Құстардың орташа жұмыртқа басуы 1жылға -250 жұмыртқаны құрайды. Сондықтан бөдене шаруашылығына барлық назарымызды бөлген жөн. Бөдене шаруашылығын көтеруге үкіметтік өндіріс орындары, цехтар, құс фабрикалары арқылы қол жеткізуге болады.Қазіргі жорамалдар бойынша барлық бөдене шаруашылығымен айналысып жатқан өндіріс орындарын қосып, бір бірақ өте сапалы, үлкен өндіріс фабрикасын салу. Бөденелерді тек жұмыртқа өндірісінде емес, ет өндірісінде де қолдануға болады. Ол үшін оларды тамақтандыру (семірту) 65-күнге созылады. Соңында олардың салмағы 150-160гр жетеді.

Кейбір бөдене шаруашылықтарында бөденелерді котлеть ету қолданылады. Ондай өнім халықта үлкен сұраныста болып келеді. Кейбір бөдене шарушылықтарында, орташа жұмыртқа өндірісі 297-1000 жұмыртқаға жем мөлшері 45кг. Аурулардан сақталуы 97%. Қазіргі кезде бөдене шаруашылығының 2 мақсатта дамыту көзделіп отыр: 1.Жұмыртқа, 2.Ет.

Кейбір бөдене шаруашылықтары болашақта жұмыртқаларды тамақ есебінде ғана емес микробиологиялық, порфюмериялық және косметикалық мақсатта қолдануды көздеуде.

19 ғасырдағы жаңа технологиялар бөдене шаруашылығын дамытуда үлкен ықпалын тигізеді, сол себепті жаңа мамандар әр елдерде бөдене шаруашылықтарында тәжірибе жинауда.

Бөдене шаруашылығында басқа шаруашылықтар сияқты өзінің қиыншылықтары жоқ емес. Сондықтан білікті мамандар өте қажет. Егер әр облыста 50 мың бас бөдене ұсталатын болса, онда бөдене шаруашылығы қарқынды дамитын еді. Өйткені әр аудан, кенттер жұмыртқамен, етпен қамтамасыз етілер еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет