Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет15/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Бақылау сұрақтары:

1. Толықтырғыш топтағы балапандарын өсіру .

2 Күрке тауық етін өндіру технологиясы

9-дәріс.
Ата-аналық топтарды күтіп-бағу
Мақсаты: Ата-аналық топтағы құстарды өсіруді үйрену
Жоспары:

1.Құс түрлерінің тұқым куалау қабілетін күшейтуде қоршаған ортаның маңызы.

2. Құс бағу әдістері: торға қамап бағу, торлы еденде, жалпы еденде ұстап бағу жағдайын жақсарту, ауа температурасы, ьшғалдылығы т.б

3.Қазы етін өндіру технологиясы.


Тауықтардың бұл табыны жоғары сапалы будан жұмыртқаларының қажетті санын алу мақсатында өсіріледі.

Ата-аналық табындар екінші қатардағы асыл тұқымды репродукторлар мен құс фабрикаларында өсіріледі, бірақ финалдық буданның будан жұмыртқалары бірінші қатардағы асыл тұқымды репродукторлармен, асыл тұқымды зауыттарда да өндіре алады. Асыл тұқымды репродукторлар мен құс фабрикаларына бастапқы ата-аналық формалар жыл сайын әкелінеді. Репродуктор шаруашылықтар мен құс фабрикалары жағдайларында бастапқы табында және ата-аналық формаларды қатарынан бірнеше жыл бойы ұдайы өсірген кезде олардың өнімділігі төмендейді. Будандардың 2 және 3 ұрпақтарында жұмыртқалау 5-8 пайызға, ал жұмыртқа салмағы 2-3 г-ға төмендейді. Сонымен бірге жүйелердің үйлесімділігі мен гетерозис тиімділігі күрт төмендеп кетеді.

Ата-аналық формалар (тәуліктік балапандар немесе жұмыртқалар) асыл тұқымды репродукторлардан немесе асыл тұқымды зауыттардан әкелінеді. Инкубация цехына жеткізілген ата-аналық формалардың жұмыртқалары дербес инкубацияланады. Тәуліктік балапандарға қант таңбалағышпен сақина салады, аналық формалардың балапан әтештері етке өсіріледі, ал әкелік формалардың ұрғашы балапандары өнеркәсіптік мекиендер цехына көшіріледі де, тағамдық жұмыртқалар өндіруге пайдаланады.

Құс фабрикаларындағы ата-аналық табынның жылдық орташа құс саны тәуліктік балапандардың қажетті тобын алуға арналған инкубациялық жұмыртқалардың қаншалықты қажетті екніне байланысты. Ол өнеркәсіптік табынға арналған қоралардың өлшеміне, жұмыртқалауына, инкубациялық жұмыртқалардың шығуына, тауықтардың пайдалану мерзімінің ұзақтығына тәуелді болады. Ата-аналық табын үлесі мекиендер санының 8-ден 15 пайызға дейінін құрайды. 500 мыңнан астам мекиендері бар ірі құс фабрикаларында аналық табын өте тиімді пайдаланылады.

Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларына арналған ата-аналық табын бойынша негізгі нормативтік және есеп-қисап деректері 43-кестеде келтірілген. Ата-аналық табын инкубациялау, балапандар мен өнеркәсіптік табынды өсіру цехтарының жұмысымен келісілген график бойынша құрылады да, 52 апта бойы өнім өндіру үшін пайдаланылады.

Инкубациялауға пайдалануға болатын жұмыртқаларды бірқалыпты өндіру үшін ата-аналық табынды жылына кем дегенде 4 мәрте толықтырады. Табынды неғұрлым жиірек толықтырып отырса, инкубациялау цехына жұмыртқалар бірқалыпты түсіп тұрады. Инкубациялауға арналған жұмыртқаларды жұқпалы аурулардан аман тауықтардан сұрыптап алады. Инкубациялық жұмыртқалардың шығуы 70 пайыздан төмен болмауы тиіс. Кейбір шаруашылықтарда таза жұмыртқалар жетіспеген кезде арнаулы синтетикалық жуғыш құралмен алдын-ала тазартылған жұмыртқалар пайдаланылады. Жұмыртқаларды жуып тазартудың технологиясы 9 тарауда толық баяндалған. Жуғаннан кейін жұмыртқалар – малдәрігерлік ережелерге сәйкес міндетті түрде дезинфекцияланады.

Тауықтардың жасы өсуіне байланысты (60 аптаға дейін) жұмыртқалардың морфологиялық және инкубациялық сапалары жоғарылай түседі. Жұмыртқалардың ұрықтануы 98-100, балапандардың шығуы 95-97 пайызға жетеді. Алайда 60 апталық мерзімнен кейін әтештердің ұрықтандыру қабілеті төмендеп, жұмыртқалардың ұрықтануы 85-90 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Осы мерзімде әтештердің түлеуі тоқтап, мекиендердің түлеуі басталады. Ол құстың ұдайы өнім өндіру қабілетіне біршама әсер етеді. Тауықтар мен балапандардың шығуы қалпына келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет