Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет12/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Бақылау сұрақтары:
1. Сұрыптау –генетикалық станциясындағы жұмыстар

2. Асыл тұқымды құс зауытындағы жұмыстар

3. Репродуктор шаруашылықтарындағы жұмыстар


6-дәріс
Инкубатордың негізгі типтік технологиялық көрсеткіштері.

Мақсаты:

Инкубатордың технологиялық көрсеткіштерін білу


Жоспары:


  1. Оларды жетіддіру, инкубатор күрлысының ерекшеліктері.

  2. Тауық жұмыртқасын инкубаторда шығару тәртібі, баска құс жұмыртқаларын инкубациялау ерекшеліктері.

  3. Етті құстың жұмыртқасынын инкубациялау

Жұмыртқаларды инкубациялау цехы
Бұл цех график бойынша жұмыс істейді. Онда жұмыртқаларды қоймаларға жеткізу, оларды инкубаторларға салу уақыты, ата-аналық табын тұратын цехтардың жұмыс және балапандарды өсіру графигіне сәйкес шығару мерзімдері қарастырылады. Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларындағы инкубация цехының қуаты өндірістік тауық табынының өлшеміне, оларды күтуге арналған құс орындарының саныныа, жұмыртқа өндіру жоспарына, мекиендер табынының айналымына байланысты болады. Егер өнеркәсіп табынында орта есеппен жылына 50 мың тауық болса онда «Универсал – 45» немесе «Универсал – 50» екі инкубаторы, егер 300 мың бас болса – 5 инкубатор, ал 500 мың бас болса 7 инкубатор пайдалану қажет болады. Егер тауықтардың өнеркәсіптік табыны көп болса қажетті инкубаторлар саны аз болады, яғни олар тиімді пайдаланылады.

Инкубаторлар саны олардың сыйымдылығына байланысты болады. Мәселен «Универсал-50» инкубаторына 50784 жұмыртқа сияды, 1 инкубаторда жылына 716 мың жұмыртқа инкубацияланады. Ал 1250 мың жұмыртқаны инкубациялау үшін 1,7 инкубатор қажет. бұған ағымдағы толықтыру жағдайында сыйымдылықтың 15 пайызын үстеп қосу керек. Сондықтан да тәуліктік 1 млн балапан алу үшінбалапандарды жыл бойына өсіруге арналған екі «Универсал-50» инкубаторы керек болады. Ата-аналық табын цехы жыл бойы инкубацияланған будан жұмыртқаларымен инкубациялық цехын бір қалыпты қаптамсыз етіп отыруы тиіс. Инкубациялық жұмыртқаларды бір қалыпты өндіру үшін ата-аналық табынды жылына кем дегенде 4 рет комплектілейді.

Жылына 3 миллион бройлер өндіретін фабрикада жыл бойына әр жолы 14-15 мың жұмыртқадан 300 мәрте салынады. Мұндай салу айына 25-26 рет қайталанады. Инкубация жақсы жұмыс істеген жағдайда инкубаторға 100 мәрте салынған жұмыртқадан 75-80 мың балапан алынады. Ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тауықтардың жұмыртқаларын инкубациялағанда ауаның температурасы мен ылғалдылығы арттырылады. Озат бройлерлер кәсіпорындарында кестеде көрсетілген инкубация режимі қолданылады.
Бройлерлер фабрикаларына арналған инкубацияның үлгі режимі.

Инкубациялау күні

Инкубатордағы ауа-ның температурасы, °С

Инкубатордағы ауа-ның ылғалдылығы, пайыз

1-4-ші

33,2

63-64

5-8-ші

37,7

56-58

9-13-ші

37,5

49-51

14-18-ші

37,2

49-50

Балапан шығаратын шкафтарда

37-37,5

57-58

Инкубаторда тәуліктік балапандардың жарамдылары мен жарамайтындары сұрыпталады. Жарамды балапандардың тұмсығының ұшын, кейде қанатының ұшын қырқады, ал ата-аналық табынды толықтыруға арналған балапан әтештердің топшысы мен ішкі саусақтарының тырнақтары күйдіріледі. Жарамсыз балапандар жем үгіндісіне қосылып өңделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет