Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет14/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Бақылау сұрақтары:
1. Инкубацияға салынатын жұмыртқалардың сапасын тексеру

2. Биологиялық тексерудің мәні

3. Бақылау тәсілдері

8-дәріс
Мол өнімді құс өсіру үшін толықтырғыш балапандарды өсірудің маңызы.
Мақсаты: Толықтырғыш балапандарды өсіруді үйрену
Жоспары:

1.Әртүрлі құстардың толықтырғыш топтағы балапандарын өсіру мерзімі және уақыты.

2 Күрке тауық етін өндіру технологиясы
Толықтырғыш топтарды бағыттап өсіру организмнің өсуінің дамуын жалпы заңдылықтарын білуге негізделген. Жұмыртқа бағытындағы тауықтар балпандардың тәуліктік мерзімінен 22 – аптасына дейінгі өсу жылдамдығы біркелкі болмайды. Балапандардың ең жоғары салыстырмалы өсу жылдамдығы бірінші 1-5 аптасының арасында болады. Осы кезең ең жауапты кезең. Ал 6 – шы апта кезеңінде балапан толық қауырсынады. Алғашқы аптасынан 17 аптасына дйін орын ауыстырмастан балапандарды өсірген кезде КБУ – 3, БКМ – 3, БГО – 140 клеткалы батареялар қолданылады. ККУ-3 этажерка тәрізді үш қабатты универсалды батарея, онда азық тарату ,суару және саңғырық шығару процесстері механикаландырылған барлық клеткалардың алдыңғы есігінде арнайы жапсырмалы бар. Олар арқылы балпандардың жасына байланысты шыбықтардың ара қашықтығы 21 – 48 – ге дейін реттеп отырады. Толықтырғыш балапандарды өсірген кезде мәні зор. Жоғары және төмен температура балапандарға зиян болады. Жылу азайған кезде балапандар өзара үйірмелесіп жем жеуге келмейді. Олардың өсімін тежеп, шығынын келтіреді. 30 – 33° арасында болады. Ал 6 мен 17 апта аралығында 20 – 37° Аралығында болады. Балапан тіршілігінің алғашқы 2 айында апта сайын, 4 аптада бір рет өлшеп отырады. Олардың орта салмағын өлшеп стандартпен өлшейді. 4 аптада балапандардың салмағы 230 – 270 болу керек, 9 аптада 610 – 680 грамм болғаны дұрыс. 13 аптада 950 – 1050 грамм болуы тиіс. 17 аптада 1250 – 1300 грамм болуы тиіс. 22 аптада 1450 – 1500 грамм болуы тиіс.

Толықтырушы балапандарды бағыттап өсіру организмнің өсуі мен дамуы жалпы заңдылықтарын білуге негізделген. Ол азықтандыру мен бағып – күтудің қолайлы жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыртқа бағытындағы тауықтар балапандарының тәуліктік мерзімінен 22 апталығына дейінгі өсу жылдамдығы біркелкі болмайды. Балапандардың бесінші апталық мерзімдегі өсу жылдамдығы жоғарырақ болады. Дененің күнделікті өсімі 4 пайыздай болады, 6 - 9 апталығында 3, 5; 10 – 17 апталығында – 1,77 және 18 – 22 апталығында тәуліктік өсім 2,85 пайызға дейін жетеді.

Балапандардың өсуінің артуы (әр кезеңнің бастапқы мерзіміне пайыз есебімен (1,5 апталығында 723 – 782; 6 – 9 апталығында – 138 – 128; 10 – 17 апталығында – 182 – 194 және 18 – 22 апталығында 33,8 – 30,3 болады. Тәуліктік абсолютті өсім алғашқы кезеңде 7,02 – 7,6 г екінші кезеңде – 12,1, үшінші кезеңде 11,0 – 11,8 г және төртінші кезеңде 6,0 – 5,7 г болады. 22 аптада тәуліктік орташа өсімі орта есеппен 9,19 г болады. Яғни балапандардың ең жоғары салыстырмалы есу жылдамдығы бірінші кезеңге (1 – 5 апта) келеді. Сондықтан да балапан өсіргенде осы кезең ең жауапты болады. Осы кезеңнің соңына қарай дене, бас, мойын түгелдей қауырсынданады. Ал 6 апталық мерзімінде балапан толық қауырсынданады. Ал 9 апталығында қауырсын түгелдей мамық жүнге айналады. 4 – 5 айлық кезінде балапандардың ювенальды түлеуі басталып, өсудің соңына қарай (20 – 22 апта) аяқталады.

Алғашқы бір жарым аптада балапан организімінің жылуды реттеу қасиеті болмайды, қанаттың қауырсын жүндерінің өсіп – жетілу қарқыны баяулайды. Балапан сары уыздың қалғанымен қоректенеді. Бұл кезеңде барлық ұлпалар мен органдардың дефиренциясы жүріп олар нығая түседі.

Ас қорыту трактының, ішкі секреция бездерінің, ұдайы өндіру органдарының қызметтері дами түседі. Балапанның қозғалысы шектеліп маужырап ұйықтай береді. Жылуды кебірек талап етіп сыртқы тітіренткіш күштерге жөнді назар аудармайды. Бұл өте жауапты кезең, сондықтан балапандарды күтетін адамдар тарапынан ерекше назар аударуды талап етеді. Келесі жас кезеңі (1,5 – 4,5 апта) жеделдете өсу қарқынымен сипатталады. Бұл кезеңде балапандардың дене жылуы жоғарылап, мамығы жеделдете өсе бастайды. Ішкі секреция бездерінің жетілуіне байланысты өсу мен қауырсындануда жыныстық деформизм байқалады. Ұрғашы балапандар мен балапан әтештерді жынысына қарай анықтауға болады. Кезеңнің ең соңында ювеналды түлеу басталып, балапандар суды көбірек талап етеді. Үшінші кезең (5 – 9 апта) қарқынды өсумен сипатталады және ол ювеналды түлеп аяқталады. Организмнің жылуды реттеуі қалыптасады. Өсудің бірінші кезеңінің аяғында (1,5 ата) балапан бастапқыдан гөрі екі есе кең алаңды талап етеді. Екінші кезеңнің аяғында (4 – 5 апта) балапанның тірілей салмағы мен денесі 2 есе ұлғайып, үшінші кезеңнің аяғында тірілей салмағы тағы да екі есе артады. Балапандардың шамамен тірілей салмағы 1,5 апталығында 70 – 75 г, 4 – 5 апталығында 280 – 300, 6 – 9 апталығында – 620 – 640 грамм болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет