Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет13/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Бақылау сұрақтары:

1. Инкубатор жайындағы мәліметтер

2. Инкубатордың түрлері

3. Инкубаторда тәуліктік балапандарды бағалау


7-дәріс.
Инкубация кезінде биологиялық бақылау және бақылау тәсілдері
Мақсаты: Инкубацияның бақылау тәсілдері
Жоспары:


  1. Инкубацияға салынатын жұмыртқалардың сапасын тексеру

  2. Биологиялық тексерудің мәні

  3. Бақылау тәсілдері

Инкубациядағы жетістіктер технологияның қатаң сақталуына және жұмыртқалар сапасына байланысты болады.

Инкубациялық жұмыртқалардың сапасы олардың ұрықтануымен шығымына қарай сипатталады. Жұмыртқалардың ұрықтануын инкубацияның 6-7 тәуліктерінде қарап, анықтайды. Ұрықтары көрінбеген жұмыртқалар ұрықтанбаған болып табылады. Ұрықтану күтіп-бағудың тәсіліне, еркек пен ұрғашы құстарға, жыл маусымына, құстарда асылдандыру жұмыстарына байланысты. Құстардың жасы ұлғайған сайын олардың ұрықтану қасиеттері төмендейді. Өндірістік жағдайларда балапандардың шығу пайызын инкубаторға салынған жұмыртқалар санынан, ал шығым пайызын ұрықтанған жұмыртқалар санынан есептеп шығарады.

Инкубациялық жұмыртқалардың сапасына асыл тұқымды құстарды азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары әсер етеді. Асыл тұқымды құстардың рационында қоректік заттар мен витаминдер мөлшерге сәйкес болуы керек. Күтіп-бағудың қажетті тәртібін (отырғызу тығыздығының жоғарлылығы, төмен және өте жоғары температура ауа ылғалдылығының жоғары және төмендеуі, ауа алмасуының болмауы) сақталмаған жағдайда құстардың зат алмасуы нашарлап, олар азықтық қоректік заттарын, әсіресе А, В2,Е витаминдерін және микроэлементтерді нашар сіңіреді. Соның нәтижесінде бұндай құстардан Инкубацияға жарамайтын, биологиялық сапасы кем жұмыртқа алынады.

Жұмыртқалар сапаларына ата-аналық табынның еркек және ұрғашы құстарының жасы мен жыныстық қатынастары әсер етеді.

Өте ұзақ және дұрыс сақталмаған жұмыртқаның шығымы 20-30 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Нашар оралу, дұрыс тасымалданбау жұмыртқа салаларын төмендетеді, жұмыртқалардың сынып, шытынауы, шайқалуы, ауа камерасының қозғалуы және т.б. ақаулар пайда болады.

Жұмыртқаларды жинау, орау және тасымалдау. Инкубациялау үшін жұмыртқалар физиологиялық кемелденген, дені сау құстардан алынады. Тауық, күрке тауық, мысыр тауықтары жұмыртқаларын 2-3 сағат, ал үйрек және қаз жұмыртқаларын 1 сағат сайын таза, дезинфекцияланған арнаулы картон қораптарға жинайды. Сонан соң олар жәшіктерге салынып инкубация цехына жіберіледі. Инкубация цехына жіберілетін жұмыртқаларға құстардың тұқымын, нәсілдерін, тізбекттерін, құс қора нөмірін, жұмыртқа санын көрсететін құжаттар жасалынады. Жұмыртқаларды тасымалдауда жұмыртқалардың шайқалуына, аса суып кетуіне немесе аса қызуына жол берілмеуі керек.

Инкубаторлар және олардың сипаттамалары. Инкубаторлар инкубациялық, шығару және қосарланған болып бөлінеді. Біріншісі


жұмыртқаны қабығының жарылуына дейін инкубациялауға, шығару -
балапан шығаруға арналған. Қосарланған инкубаторларда жұмыртқаларды инкубациялау және құстарды шығару қосарлана, қатар жүргізіледі.Инкубаторлар камераларының жұмыртқалармен бірден толтырылуына орай бір жолғылық және камераларды жұмыртқаммен толассыз бірнеше құн толтырғанда жүйелі деп бөлінеді. Бұдан басқа бөлмелік типті (операторлар қызмет көрсеткенде инкубатор ішіне кіреді) және шкафты болады (қызмет инкубатор сыртында көрсетіледі).

Инкубатор дегеніміз бір және бірнеше камерадан, жұмыртқа салатын астаушалардан және оларды орналастыратып құрал -жабдықтан тұратын агрегат. Инкубаторда камера ішінде ауаны айналдыратын желдеткіші, ауа алмастырғышы құралы, жылытқышы, ылғалдаушы және бақылау құралдары, температура және ауа ылғалдылығын реттегіш, салқындатқыш жүйесі, сонымен қатар электр жабдықтары мен дабыл қағушылары болады. Жұмыртқа салынған астаушалар барабанға, қос қатарлы аспаларға немесе блок арбаларға орналастырылады. Инкубация процесінде жұмыртқа салынған астаушалар аударылады. Жылыту автоматты жүйеде өз еркімен қосылып тұратын электр қыздырғыштармен жүргізіледі. Инкубаторларда берілген температура режимін демеу ушін ауа немесе ауа-су салқындату жүйесін қолданады. Ауамен салқындатқан кезде артық жылу ауа жапқыштары арқылы сыртқа шығады. Кейбір кезде ауа қозғалысы қарқынын үдету үшін шығару құбырына сорғыш желдеткіш орнатылады.

Сыртқы ауанын температурасы жоғары болған кезде ауамен салқындатудың тиімділігі төмендейді, мұндай жағдайда сумен салқындатуды пайдаланады. Сумен салқындату әсіресе артық жылуды шығаруды керек ететін және ауаның ылғалдылық сәйкестігі жоғары, шығару камераларында тиімді. Инкубатордағы ауаның салыстрмалы ылғалдылығы 50-60 пайыз, ал шығару кезінде 36,9-37°С температурада ылғалдылығы 70-72 пайыз болуы тиіс. Қазіргі заманғы инкубаторларда салыстырмады ылғадылық автоматты түрде реттеледі. Инкубация кезінде барлық жұмыртқалар үшін бірдей жылу алмасуы мен режимін жасау қажет. Осыған байланысты инкубаторларда ағынды желдеткіш тесіктерінен ауа соратын бір немесе бірнеше желдеткіштер орналастырылады. Кірген ауалар жылынады, ылғалданады және араласады. Желдеткіштер автоматты режимде жұмыс істейді. Қазіргі инкубаторлар толығымен электрленген. Электрлі жылытқыш, автоматты басқару жүйесі мен реттеу, дабылқаққыш, жарық.Сақтандыру және іске қосу құрылыстары, осының бәрі жалпы электротехникалық схемаға байланыты. Электр құралдары 380/220 немесе 220/127 В кернеуді айнымалы токтың үшфазалық жүйесіне ееептелген.

Барлық электр құралдары мен аппаратуралары инкубатор сыртында орналасқан желдеткіштер, жылытқыштар, ылғалдатқыштар және т.б. жұмыстарын бақылайтын арнайы жарық және дыбысты дабылкаққыштары бар арнаулы калқанға (щитке) орналастырылады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет