Бақылау сұрақтары:
1. Құс жынысы қалай анықталады?
2. Құстың жасы қалай анықталады?
3. Жұмыртқа өнімділігі қалай анықталады?
3-дәріс.
Құс етін өндіру. Ересек құстар мен балапандардың құс етін өндірудегі маңызы.
Мақсаты:
Құс етін өндіру технологиясын және құс етінің қасиеттерін білу
Жоспары:
1.Ересек құстар мен балапандарының құс етін өндірудегі маңызы.
2. Құс тағамдары, олардың балапандарының өсу ерекшеліктері.
3. Ет өнімділігіне қарай бағалау: сойыс ет шығымы, өкпе, бауыр, т.б. өнімдерінің шығымы.
4. Еттің қоректік дәрежесі, дәмділігі, химиялық құрамы.
5. Бройлер етін өндіру технологиясы
Құс етін өндіру - өсуі тез, бұлшық еттерінің, әсіресе төс және сан еттерінің жетілуі жақсы, азықты тиімді пайдаланатын, мол және жоғары сапалы, әрі дәмді ет беруге мамандандырылған балапандарды арнайы өсіруге негізделген. Ет өндірудің технологиялық процесі әр түрлі құстың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Бройлерлер – етті немесе ет- жұмыртқа бағытындағы тұқымдардың, аталық іздерімен, олардың 7-8 апталық мерзіміне дейін етке арнайы өсірілген буданының ( өнеркәсіптік будандар) балапандары. Осы мерзімде бройлерлер 1,6-1,7 кг салмақ тартып, жақсы еттік сапаларға жетеді, буын шеміршектері мен төс сүйегі қатая түсіп, тері астына және ішіне май жинай бастайды. Озат құс фабрикаларында бройлерлер өсімінің 1 кг салмағына 2-2,5 кг және одан да аз ареаулы құрама жем жұмсайды.
Бройлерлер құс шаруашылығы дамыған көптеген елдерде өсіріледі. Бройлер етін етін өндіру- негізінен мамандандырылған ірі шаруашылықтарға шоғырландырылған. Қазіргі уақытта жылына 4-5 миллион және одан да көп бройлерлер өндіретін комбинаттар салынуда.
Соңғы жылдары бройлерлер өндіретін шаруашылықтар кооперация негізінде дамып келеді. Ірі ішінара мамандандырылған шаруашылықтар, құс етін өндірудің аяқталған технологиялық циклын құрайтын жекелеген технологиялық звенолар құрылды.
Бройлер өндірудің тиімділігі ең алдымен аналық табындағы тауықтардың тұқымдық және өнімділік сапаларына байланысты. Бройлерлер өсірілетін құс фабрикаларындағы аналық табын аталық және аналық формаларының үйлескен екі, үш немесе төрт аталық іздерін будандастырған кезде алынатын будан жұмыртқалары мен инкубациялау цехын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Мұндай будандастырудан алынған балапандарда өсу қарқыны, азық қайтарымы, еттік сапалары бойынша гетерозис тиімділігі пайда болады.Будан балапандар ауруларға төзімді, тіршілік етуге қабілетті келеді.Аналық табынды қосымша үш топқа бөлуге болады. Бірінші топта бір немесе екі аталық іздің тауықтары мен әтештері өсірілсе, екінші топта аналық іздің тауықтары мен әтештері, үшіншісінде – аталық із әтештерімен бірге аналық із тауықтары күтіледі.Әдетте ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тауықтарын өсірген кезде бір әтешке 8-12 тауық жұптастырады.Тауықтардың қолдан ұрықтандырғанда құстың жыныстық топтарының яғни еркектері мен ұрғашыларының арасындағы қатынас өзгереді.Қолдан ұрықтандырған кезде бір әтештің шәуетімен 150-200 тауықты ұрықтандыруға болады.Құстың жыныстық қатынасына жұмыртқалардың ұрықтануының нәтижелері, демек, балапандардың шығу пайызы да байланысты болады. Инкубаторға салынған жұмыртқалар санынан алынатын балапандар саны басқадай факторларға да: азықтандыру деңгейіне, құрама жемдегі қоректік заттардың арақатынасына, құстың күтіміне және жасына байланысты болады.
Инкубациялық жұмыртқаларды өндіруге ет және ет- жұмыртқа бағытындағы тұқымдар мен аталық іздердің 8 айдан 14-16 айлығына дейінгі тауықтар пайдаланылады.Бұдан жасырақ тауықтардың жұмыртқалары ұсақ және формалары көп ретте дұрыс болмайды. 15 айлық мерзімнен кейін тауықтардың жұмыртқалауы сирейді, жұмыртқаның әсіресе қауызының сапасы біршама күрт төмендейді, ұрықтанған жұмыртқалардың саны азая түседі. Демек, аналық табындағы тауықтарды жұмыртқасын инкубацияға 5-7 айлық мерзімінде пайдалану керек. Инкубациялық жұмыртқа өндіруге үзіліс болмау үшін аналық табынды жылына 3-4 рет толықтырады.
Тауықтардың аналық табыны әдетте терезелері жоқ еденнің бір шаршы метріне 3-3,5 бас келетіндей есеппен күтіледі. Кейбір шаруашылықтар ата- аналық табынды ірі көлемді топтық клеткаларда күтіледі. Клеткаларға отырғызу тығыздығы шамамен 1,5 есе жоғары. Еденде күткен кезде бір секцияға 300-500 тауық, ал бір клеткаға 30-40 бас және 4-5 әтеш орналастырылады.
Қыс айларында қорадағы ауаның температурасы 14-18°С, жаз айларында 18-25°С, салыстырмалы ылғалдылық қыс айларында 65-75 пайыз, жаз айларында 55-65 пайыз деңгейінде ұсталады. Мұндай ауа режимі еріксіз желдеткішпен қамтамасыз етіледі. Қыс айларында, әдетте, құс қорасын 20-25°С-ге дейін жылыту қажет. Ауа райы ыстық әрі аңызақ аймақтарда жаз айларында құс өорсаы ағынды суымен салқындатылып, ылғалдандырылады. Ауа алмасуының жеделдігі құстарды тығыз орналастыруға ғана емес, сонымен бірге сыртқы ауа температурасына да байланысты болады. Жаз айларында тірілей салмақтың 1кг-на сағатта кем дегенде 5-8м², қыс айларында 1-5-2м² таза ауа келуі тиіс.
Бройлер мен толықтырушы балапандардың ата-аналық табынының өлшемін анықтауға бастапқы нормативтер
Көрсеткі
|
Саны
|
9 айдағы жұмыртқалауы (7-ден 16-ға дейін, дана)
|
134-135
|
Жылдық орташа жұмыртқалауы, дана
|
180-185
|
Жұмыртқалардың инкубацияға пайдалануы, пайыз
|
76
|
Балапандар шығымы, пайыз
|
75
|
1-70 күндік балапандардың сақталуы, пайыз
|
95
|
1-20 күндік толықтырушы балапандардың сақталуы, пайыз
|
93
|
Бір бас толықтырушы балапанды өсіруге арналған тәуліктік балапандар саны:
аналық формалар
|
3,6
|
аталық формалар
|
7,2
|
Жыл басынан тауықтардың орташа саны, пайыз
|
64
|
Ата-аналық табынды күтудің 9 айындағы шығарылған жарамсыздық пен қалдық, пайыз
|
24
|
Жыныстық қатынасы
|
1:8
|
Күн сәулесінің ұзақтығы мен жарық берудің жеделдігі тауықтардың қарқынды жұмыртқалауына үлкен әсер етеді . Құс қоралары өыздыру немесе түсті лампаларымен жарықтандырылады. Азықтандыру аймағында жарық берудің жеделдігі 25-35лк. Бірқалапты жарық беруді қолдана отырып, жыныс қызметіне, жұмыртқалау жиілігіне әсер етуге және ет, ет-жұмыртқа бағытындағы құстар арасында жиі байқалатын балапан басу сезім құбылысын тежеуге болады.
Бройлерлі құс фабрикаларындағы ата-аналық табын тауықтарына жарық беру схемасы
Мекиен-тауық-тардың жасы, күндер
|
Күн сәулесінің ұзақтығы, сағат-минут
|
Жарықты іске қосу уақыты, сағат
|
Жарық беруді тоқтату уақы-ты, сағат-минут
|
141-161
|
8
|
8
|
16
|
162-280
|
14
|
5
|
19
|
281-287
|
14-30
|
5
|
19-30
|
288-295
|
15
|
5
|
20
|
296-303
|
15-30
|
5
|
20-30
|
304-310
|
16
|
5
|
21
|
311-318
|
16-30
|
5
|
21-30
|
319-450
|
17
|
5
|
22
|
Ата-аналық табындағы тауықтарды азықтандыру. Ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тауықтарды қалыпты шамадан тыс артық азықтандыру олардың семіруіне және жұмыртқалауының сиреуіне ұрындырады; рационда қоректік заттардлың жеткіліксіздігі де құстың жұмыртқалауын төмендетіп, жұмыртқалардың инкубациялық спаларын нашарлатыды. Әдетте тауықтар құрғақ құрама жеммен азықтандырылады. Түйіршіктелген құрама жем мүлде толық қолданылмайды. Өйткені ол тауықтарды тез семіртіп жібереді. Кейде жергілікті жерде өндірілген азықтарды пайдаланған кезде ата-аналық табындағы тауықтар дымқылдандырылған жем қоспасымен азықтандырылады пайдаланған кезде ата-аналық табындағы тауықтар дымқылдандырылған жем қоспасымен азықтандырылады. Оның концентратты азықтар, көкөніс (жаз айларында туралған көк шөп, қыс айларында қызыл түсті сәбіз, сүрлем қоспасы) енгізіледі. Ет және ет-жұмыртқа бағытындағы ересек құстарды азақтандырғышпен, суарғыштармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажет. Ересек бір құсқа арналған азықтандыру өрісі кем дегенде 10см, цилиндірлі азықтандырғыштан-кем дегенде 5см, суару өрісі 2-2,5см болуы тиіс. Асыл тұқымды құс, оның қоректік заттарға деген талабы ескеріле отырып, мекиен тауықтардың жұмыртқалау жеделдігіне, жасына және қоныдылығына байланысты азықтандырылады.
Ет және ет жұмыртқа бағытындағы ата-аналық табынның тауықтары тәулігіне орта есеппен 135-140г құрғақ жем қоспасымен азықтандырылады. Егер көбірек азықтандырылатын болса құс семіре бастайды, ал азықтың мөлшерін немесе рационның энергетикалық құндылығын азайтатын болса онда клетчаткалардың үлесі көбейеді яғни рационныңжалпы жұғымдылығы төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |