Бақылау сұрақтары:
Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы пәні нені зерттейді?
Құс шаруашылығы қашан пайда болды?
Құс шаруашылығы дамуы туралы не білесің ?
2-дәріс.
Үй құстарының сырт пішіні мен дене құрылысы
Мақсаты: Құстардың сырт пішінінің және дене құрылысының ерекшеліктерін білу.
Жоспары:
1Құстың дене бітімі. Оның внімдік бағытка қарай өзгеруі.
2.Құстың жасы мен жынысын айыру. Түлеуі. Дене бітімінің белгілері, олардың күйі мен өнімділігіне байланыстылығы.
3. Құсты дене бітіміне қарай бағалау.
4. Құстың сырт пішіні, оның өлшемдері, индекстері.
Құстың сыртқы пішімі. Сыртқы пішім бойынша құс өнімділігінің деңгейін нақты анықтауға болмайды, әйтседе ол бойынша құстың жұмыртқалайтыны немесе жұмыртқаламайтыны, мекеннің жақсы немесе жаман екендігі жайында жорамалдауға болады. Осыған байланысты асыл-тұқымды фермаларда, өнеркәсіптік кешендерде құсты іріктеп, бағалау үшін сыртқы пішінді үйренудің тәжірибелік зор мәні бар.
Кейбір сыртқы пішімдік белгілер жыл маусымына, құсты азықтандырып күту жағдайының деңгейіне, сондай-ақ оның физологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Көбею мүшелерінің қызметіне байланысты сыртқы пішімдік белгілер анағұрлым елеулі өзгереді. Мысалы, жұмыртқалау кезінде ұрғашы құстың салмағы мен аналық безінің ұрық жолының, ас қорту жүйесі мүшелерінің көлемі едәкір ұлғаяды. Сондықтан жеделдете жұмыртқалайтын тауықтың қарны қампиып, жұмсақтау келеді, лондық сүйектерінің ұштары қозғалып тұрады, сондай-ақ киль мен лондық сүйектердің аралығындағы қашықтық та ұзара түседі. Жұмыртқалайтын мекиен мен үйректің лондық сүйектерінің ара қашықтығы шамамен 3-4 еліге (5см), күрке тауық пен қазда бес еліге (9см) тең болады. Жұмыртқалайтын құстың лондық сүйектерінің ұштары жақындасып, 1-2 саусаққа (2-3см) ұштасады.
Табан сүйектері мен тұмсығы сарғайған кейбір тауық тұқымының жеделдете жұмыртқалайтындығы жайында айтуға болады. Өйткені жұмыртқа салу процесінде құс денесіндегі пигмент жұмыртқаның сары уызына ауысып, құстың терісі пигментсізденеді. Әуелі қатпаршақтың, көздің айналасы, содан соң тұмсығы мен табан сүйектерінің бояуы айқындала түседі. Дененің жоғарыда көрсетілген бөліктерін барлай отырып, жұмыртқалау ұзақтығы мен жеделдігін анықтайды. Жұмыртқа салу аяқталғаннан кейін терінің пигметтенуі қалпына келеді. Айдарына қарап, тауықтың жұмыртқалау қарқындылығын сол мезетте анықтауға болады. Жұмыртқа салар алдында жеделдете жұмыртқалайтын тауықтың айдары үлкейіп, айқын қызарып, жұмсара түседі, ал жұмыртқалауы бәсеңдеген сайын ол сүреңсізденіп, тырысып,қарайып кетеді.
Қауырсын түсі мен басқадай сыртқы пішімдік белгілері бойынша оның қандай тұқымға жататынын анықтауға болады. Қауырсындану жағдайы, оның жарқылдауы, ұйысу тығыздығы бойынша құстың денсаулық жағдайын болжауға болады. Күрделі түсті қауырсынды сипаттап жазған кезде жекелеген мақалаларда қауырсындардың негізгі бояуы мен түсін атап көрсетеді. Қауырсындардың кейбір топтары бойынша құстың тынысын да айыруға болады.
Құстың сыртқы пішінін үйрену кезінде оны зерттеп, сипаттап жазады, өлшеп, суретке түсіреді. Құстың сыртқы пішінін байқау мен сипаттап жазу дене тұрқы бойынша жүргізіледі.
Бастың әр түрлі өлшемдері- ұзындығы, кеңдігі мен тереңдігі әр түрлі болуы мүмкін. Ол құс құрылысының жалпы түріне сәйкес келуі тиіс. Формасы мен өлшемдері бойынша айдар аталмыш тұқымға тән болуы тиіс. Оның түрі табақ білдік тәрізді және басқадай формада болуы мүмкін. Табақ тәрізді айдардың формасы кортпейші бар пластинка секілді, әтештер мен жақсы мекиендердің айдары қызыл түсті болады. Жұмыртқаны көп беретін мекиеннің айдары жығылып жатады, ал жақсы жетілген әтештің айдары тік тұрады. Білік тәрізді айдар формасы жөнінен жоғарғы бөлігі сәл-пәл дөңестеу келген жалпақтау қызыл түсті білік іспетті болады. Күрке тауықта тұмсығының үстінде және мойынның үстіңгі бөлігін болай маржандар орналасады- қызылдан көгілдір- жасыл түске айналған терілер түзіледі, ол құстың нерв жүйесінің жағдайына байланысты. Мысыр тауығының тұмсығы теріден тұрады, ұрғашысынан гөрі еркегінде көбірек болады.
Тауықтардың (тауықтар, күрке тауықтар, мысыр тауықтары) тұмсықтары төмен қарай иіледі, суда жүзетін құстардың тұмсығы жазық келеді. Тұмсығының формасына қарай қаздар істік тұмсықты, бүкір тұмсықты және сопақ тұмсықты болып ажыратылады.
Әр түрлі, алуан түрлі тұқымды құстардың көз формасы мен түсі бойынша әр қилы. Тауық пен күрке тауықтың көздері дөңгелек келеді, ал қаз бен үйректің көзі сопақ. Олар қоңыр, қызыл-сары немесе көгілдір түте болады.
Құстың мойны қысқа да, ұзын да, жуан да, жіңішке де болуы мүмкін. Тауықтарға қарағанда суда жүзетін құстардың мойны ұзын келеді. Жұмыртқалайтын тұқымның мойны етті тұқымға қарағанда анағұрлым жіңішке де ұзын келеді.
Етті тұқымның көкірегі жұмыртқа беретін тұқымға қарағанда әлдеқайда жақсы дамыған. Етті тұқымға кең апайтөс, тіктөс, күшті дамыған төс бұлшық еттері тән болады; жұмыртқалайтын тұқымның төсі шағын келеді. Барлық тұқымды құстардың жауырыны мен өнімділік бағыттары тік және тегіс болуы тиіс. Әр түрлі құстардың жауырының ұзындығы мен кеңдігі бірдей болмайды. Жұмыртқа беретін тұқымдікі жіңішке, етті тұқымдікі кеңдеу. Жауырыны ширақ болуы тиіс. Қанаттардың ұзындығы мен орналасуы тұқымдық ерекшеліктері болып табылады. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтың құйрығы етті немесе етті-жұмыртқалы тұқымды тауық құйрығынан ұзын келеді. Суда жүзетін құстың құйрығы біршама қысқа. Қазда бұрым болмайды, ата үйректің бұрымы жетілмеген (шамалы ғана бұйрасы болады). Негізінде төс сүйегінде болатын кеуденің төменгі бөлігін хлуп, ал төс сүйегінің артқы ұшы мен құйрықтың аралығына орналасқан артқы бөлігін кочен деп атайды.
Барлық құстың аяқтары ширақ және тік болуы тиіс. Табан сүйектері жалаңаш немесе қауырсынды болады, әдетте оның түсі тұмсығының түсіндей болады. Әтештің табан сүйектерінің төменгі бөлігінде өскен сүйегі тепкісі бар. Қаз бен үйрек саусақтарының аралығында жарғағы болады.
Экстерьерді бағалау кезінде кез-келген тұқымға тән сыртқы бүкіл белгілері, сондай-ақ интерьеріне, дене құрылысының тегіне және құстың физологиялық жағдайына байланысты белгілер кешені ескеріледі. Жұмыртқа беретін тұқымды тауықтар біршама кішкене келеді, кеудесі ұзынша, басында үлкен айдары, сырғалары бар. Мойыны жіңішке, ұзындау, жауырыны ұзындау, іші көлемді болады. Жүні тығыз, жарқырап тұрады, етті немесе етті-жұмыртқа тұқымға қарағанда құйрығы анағұрлым ұзындау. Жұмыртқалайтын тұқымды құстың сүйегі нәзік, терісі тығыз, әрі нәзік болады.
Етті тұқымды құс тірілей үлкен салмақтылығымен, қомақты басымен, терең де кең кеудесімен, томпақ та тым керілген төсімен, кең, бірақсалыстырмалы түрде қысқа жауырынымен, алшаң орналасқан аяқтарымен, аяқтың табан сүйектерімен, мамық та, борпылдақ қауырсындарымен, қысқа құйрығымен ерекше көзге түседі.
Етті жұмыртқа тұқымды құстың басы орташа шамада, тұмсығы қысқа көздері үлкен әрі томпақ, айдары орташа, сүйектері нығыз, бірақ көлемі шағын, аяқтары тік, біршама толықтау, алшаң орналасқан, мамық жүні тығыз немесе шамалы борпылдақ келеді.
Құс экстерьерін жете талдай үйрену үшін оның дамуын сипаттайтын өлшемдерді алады. Тұрқының ұзындығын тұтасқанның алдыңғы ұшынан құйымшақ сүйектің артқы жоғарғы ұшына дейін лентамен өлшейді. Төстің тереңдігі кішкентай кронциркульмен соңғы мойын омыртқа мен кеуде клеткасындағы кильдің алдыңғы ұшы аралығы өлшенеді. Кеуде кеңдігін буындарының бүйір нүктелері аралығын кішкентай кронциркульмен өлшейді. Кеуде орамын лентамен анықтайды. Онымен қырлы төстің алдыңғы ұшы мен соңғы мойын омыртқасы арқылы қанаттарының үстімен құсты байлайды. Қырлы төстің ұзындығы оның алдыңғы ұшы мен соңғы ұшына дейін лентамен, ал төс бұрышын арнаулы құралмен-бұрыш өлшегішпен (градус) өлшейді. Оны төс етіне перпендикуляр түрде төс сүйектегі қырлы төстің алдыңғы ұшынан 1 см қашықтықта қояды. Санның, сирақтың, табан сүйектерінің ұзындығын лентамен немесе кронциркульмен сәйкес сүйектердің шеткі нүктелерінен өлшейді.
Тауық денесінің өлшемі: 1-тұлға ұзындығы, 2-жамбас ені, 3-балтыр ұзындығы, 4-төс сүйегі ұзындығы, 5-жіліншік ұзындығы, 6-кеуде тереңдігі.
Бұл өлшемдер бағалау немесе арнайы тексеру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде құс денесіндегі жекелеген бөліктердің дамуын неғұрлым объективті түрде бағалауға көмектеседі. Экстерьерді бағалау кезінде, сондай-ақ экстерьерлік профиль пайдаланылады, оны сызып алуан түрлі және тұқымды құс құрылысының ерекшеліктерін салыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |