Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021


-дәріс. Құс шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы



бет4/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
1-дәріс.
Құс шаруашылығы-мал шаруашылығының бір саласы.
Мақсаты: Құс шаруашылығының дүние жүзінде және Қазақстанда дамуы туралы мәліметтерді білу
Жоспары:


  1. Оның аса қысқа мерзімінде мейлінше бағалы тағамдар ( құс етін) өндірудегі маңызы.

  2. Құстан алынатын өнімдер сипаттамасы.

  3. Қазақстан Республикасындағы құс шаруашылығының аухалы, өркендеу кезеңдері.

  4. Құс өнімдерін өндірудің маңызы

Құс шаруашылығы бүкіл дүние жүзінде қарқынды дамып

келе жатқан сала, себебі адамдардың құс өнімдеріне деген сұранысы жылдан жылға артып келеді. Халықтың ахуалы неғұрлым жоғары болған сайын, олардың тамаққа деген талғамы жақсарып, астың сапасына, жеңіл қорытылатына және жылдам, әрі тез дайындалатындығына көп назар аударады. Биологиялық заңдылыққа сәйкес ағза неғұрлым кіші болса, ол ағзаның өсу жылдамдылығы және көбею қабілеті соғұрлым жоғары. Құс шаруашылығы сондықтанда, мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда өнімді көп береді. Америка ғалымы Джорданның мәліметтері бойынша, салмағы 454 кг келетін сиырдан жылына құрамында 14 пайыз құрғақ заты бар 3178 кг сүт өндіріледі, ал салмағы 1,5 кг келетін тауықтан 200 данадан асатын жұмыртқа алынады. Яғни , тауықтың құрамындағы құрғақ заттан бір жылда өндіретін жұмыртқаның құрамындағы құрғақ зат 5,5 есе көп, ал сиырдың құрамындағы құрғақ заттан сүттің құрамындағы құрғақ зат бар болғаны 2,9 есе көп. ″Бұл мысал,- дейді профессор,-тауықтың шикі затты тамаққа айналдыратын керемет машина екендігін дәлелдейді ″. Тауық шөпті қағаз ақшаға, құмды күміске, ал дәнді алтынға айналдыратын бірден- бір құрал деп есептеген өткен ғасырдың басында, құс шаруашылығын өндірістік жолға қойған американ фермерлері.

Құс шаруашылығының күрт өркендеуінің негізгі шарттары:



  1. Жоғары дәрежелі асыл тұқымды құстардың сұрыпталуы.

  2. Аз ғана жерде көп мөлшерде құс ұстау мүмкіншілігі.

  3. Құс шаруашылығында көптеген жұмыстарды механикаландыруға және автоматизациялауға болады.

  4. Халықтың ахуалы жақсарған сайын, құс өнімдеріне деген сұраныс арта түседі. Бұған себеп құс өнімдерінің тағамдық құндылығы, жеңіл қорытандылығы және тағамдардың тез әрі жылдам дайындалатындығы.

  5. Биологиялық заңдылыққа сәйкес ағза неғұрлым кіші болса, ол ағзаның өсу жылдамдылығы және көбею қабілеті соғұрлым жоғары. Құс шаруашылығы сондықтанда, мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда өнімді көп береді.

  6. Өнеркәсіптік табындағы тауықтар тәуліктік мерзімнен бастап олардың пайдалануының ақырына дейін клеткалық батареяларда болады. Клеткалық батареялар қораларды неғұрлым тиімді пайдаланып, едендн күту әдісіне қарағанда жұмыртқаны 3-4 есе көп алуға мүмкіндік береді. КБН-1 клеткалы батареясын пайдаланған кезде құс қорасының 1 м2 алаңына 20 мекиен, ал еденде өсіргенде 5-7 бас күтіледі. Қораларда қолайлы микроклимат пен жарық режимі автоматты түрде сақталынады. Мұның өзі мекиендердің сақталуы мен жұмыртқалағыштығын арттыруды қамтамасыз етеді. Еліміздің азот құс фабрикалары клеткаларда күтілген тауықтардан 270-280-нен жұмыртқа алып, әр 10 жұмыртқаға 1,5 азық өлшемін жұмсауда. Мұндай құс қорларында тауықтарды күтудің технологиялық процестері азықтандыру, құсты суару, саңғырықтарды тазалау, жұмыртқаларды жинау, тасымалдау мен өңдеу, кешенді механикаландырып, автоматтандырылған. Мұның өзі операторлардың еңбегін жеңілдетіп, еңбек өнімділігін 2-3 есе арттыруға мүмкіндік берді (1 оператор 30-50 мың жұмыртқалайтын мекиенді бағып-күтуді қамтамасыз етеді).

Еліміздің көптеген құс өсіретін шаруашылықтарында цехтар мен блоктан тұратын құс қорлары бар. Оларды жұмыртқаларды жинаудан бастап, орауға дейінгі технологиялық процестер толық механикаландырылған. Күтімнің клеткалық түрі құс жағдайын қадағалауды жеңілдетеді, әлсіз, өнімділігі төмен, ауру тауықтарды дер кезінде бөліп алуға болады, төсемдік материалды басқа жақтан әкелуге (ағаш үгінділері, жаңқалар және т.б.), қалың төсеніш дайындауға және оны құс қорасынан шығаруға жұмсалатын қаржы үнемделеді.

Мамандандырылған шаруашылықтарда жұмыртқаларды өндірудің жеделдетілген жүйесі мыналарды қарастырады:

- негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша гетерозис тиімділігін 3-5 пайызға қамтамасызететін мол өнімді будан құсты пайдалану;

- тауықтарды, қораларды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін клеткалы батареяларда күтуді, жұмыртқа өндірісінің технологиялық процесін, кешенді механикаландыру, автоматтандыру және еңбек өнімділігін арттыру (1 оператор 30-50 мың меиен күтеді);

- құсты қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету, оның генетикалық потенциалын тиімді пайдалану үшін тауықтарды толық рационды құрғақ құрама жеммен азықтандыру;

- мол өнімді, құс өсіруге мүмкіндік беретін қолайлы микроклиматы бар, (температура, ылғал, ауа алмасу және теңестірілген жарық режимі) терезелері жоқ, көп құс сиятын қораларды пайдалану;

- құс ауруларының алдын-алу, қораларды жастары бірдей құстарды бір мезгілде толтыру және оларды босату, иммунизациялау мен құстың мейлінше аман сақталуын қамтамасыз ететін басқадау шараларды жүргізу;

- барлық өндірістік қуаттарды дұрыс пайдалану арқылы қарастырылған технологиялық графикке сәйкес жұмыртқаларды жыл бойына бірқалыпты өндіру.

Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларында балапандарды өсіру мен ересек құстарды күтудің технологиялық схемалары графиктер негізінде жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет