Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет7/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Құстың жасын анықтау. Құстың жасын жұмыртқадан шыққан күнінің жазылуымен, аяқ сақиналарындағы немесе қанат белгілерімен белгілейді, және шамаман интерьері бойынша, мысалы топшының ұзындығы бойынша анықтайды. Шапшаң жетілетін тұқымды әтештердің топшысы алты айлығында шамалы шодырайып шығып тұрады, ал бір жасқа толғанда топшының ұзындығы 1 см-ге жетеді; біржылда ол құстың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты 1-2 см-ге ұзарады. Жас тауықтарды жылтыраған тығыз мамық жүні мен нәзік терісі бойынша сақа тауықтардан жеңіл ажыратып алуға болады. Сақа қаздардың кейбір тұқымдардың (холмогорлық және басқалар) жастарынан 6-8 айлығында қалыптасып, одан әрі біртіндеп өсіп отыратын маңдайындағы томпағы (маңдай сүйегінің дөңі) бойынша ажыратуға болады.

Балапандардың жасын мамық жүнінің жетілуі бойынша анықтайды. Тез жетілетін тұқымдары 8-кундігінде қанатының қауырсындары құйрығына дейін жетеді. Төртінші аптасының соңы мен бесінші аптасының бас кезінде ювенальды түлеу басталады. Ескі жүнінің түсіп, жаңа жүнінің өсуі біртіндеп өтеді. Қанатының сыртқы ең шеткі қауырсыны бірінші болып түседі, келесі қауырсындары әрбір 7-8 күннен кейін түседі. Кеш жетілетін тұқымды балапандардың түлеуі кешірек басталып, ұзаққа созылады, алғашқы қауырсыны 6-апталығында түседі, келесілері кезекпен әрбір 10-12 күннен түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет