Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет11/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Бақылау сұрақтары:

1.Құстың тұқымдары шаруашылығында пайдалану.

2. Құсты түқымына қарай жіктеу.

3. Тауықтың тұқымдары мен кросстары олардың сипаттамасы.



5-дәріс.
Сұрыптау – генетикалық станциясы, асыл тұқымды құс зауыты, репродуктор шаруашылықтары
Мақсаты: Құс асылдандыру мекемелері
Жоспары:


  1. Сұрыптау –генетикалық станциясындағы жұмыстар

  2. Асыл тұқымды құс зауытындағы жұмыстар

  3. Репродуктор шаруашылықтар

Қазіргі кезде өндірістік құс шаруашылығы үш звеноға бағытталған: гибридтік құс, құс ұстаудың оптималдық шарттары, құндылығы тиімді биологиялық азақтандыру осылардың біреуі бұзылса, жақсы жетістіктерге жету қиын. Құс шаруашылығында асылдандыру жұмыстарының басты тапсырмасы мыналар болып табылады:

- Пайдаланып отырған тауық тұқымдарын, кростарын, жүйелерін, тұқымдық топтарын, олардың қасиетіне байланысты жұмыртқа немесе ет өнімін өндіруге пайдалану.

- Дәрісның басқа тиімді әдістерімен пайдаланып отырған тұқымды әрі қарай дамытып және жаңа тұқым шығару.

- Өндіріске қажетті жаңа жүйелер шығару, олардың өнімділігі және өміршеңдігі жоғары болу үшін шағылыстыру.

- Халықты, құс фабрикаларын толық қамтамасыз ету үшін гибридті құс өндірісін ұйымдастыру.

Жаңа жүйелер, кростар шығару үшін өндірісті ұйымдастыру және арғы ата-тектік, ата-аналық гибрид топтарын көбейту үшін мамандандырылған құс шаруашылығы қожалықтары мен көптеген ғылыми мекемелер құрылды.

Асыл тұқымды құс шаруашылығының алға қойған мақсаты – гибридтік құс алу үшін олардан диеталық жұмыртқа алу барысында құс фабрикасында ата-аналық топтармен, ата-аналық топтарын шығару, оларды құны жоғары премисктермен байытылған құрама жеммен қамтамасыз ету. Жұмыртқа бағытындағы ата-аналық топ тауықтарын шағылыстырғанда жұмыртқа алады, ол жұмыртқадан балапан шығарады, сосын одан гибридтік жұмыртқалағыш тауық өсіреді. Гибридтік жұмыртқалағыш тауықтың әрі көбейтпейді, олардан тек қана тағамдық жұмыртқа алады. Сол себептен мамандандырылған құс фабрикалары (тағамдық жұмыртқа өндіретін) жылына өнеркәсіптік топты толықтыру үшін гибридтік жас тауықтарды өсіреді.

Гибридтік құс деп – екі немесе одан көп бір жүйенің арсында немесе әртүрлі жүйенің өзара шағылысуының нәтижесінде шыққан құсты айтады.

Гибридті жұмыртқалағыш тауықтарды пайдалану тауықтың басы аз және шығынды аз мөлшерде жұмсап, көп жұмыртқа алу. Мысалы, АҚШ-та 2005жылы тауық саны 438 миллион, олардан 39,7 миллиард жұмыртқа алынған, ал 2006 жылы 298 миллион гибридтік тауықтардан 64,5 миллиард жұмыртқа алынған. Демек, тауық санын азайтқанда жұмыртқа 62,5 пайызға өсіп отыр.

Біздің елімізде екі жүйелі «Старт – 1 » кросы шығарылып отыр. Оның жүйелері М2 және М3 деп аталады. Осы гибридтік жұмыртқалағыш тауықтардан әр басқа жылына 283 жұмыртқа, жұмыртқаның салмағы 58,2г, 1кг жұмыртқа салмағына 2,53кг азық шығындалады.

Родонит кросы тауықтарының өнімділігі 1- кестеде көрсетілген.


1 – кесте іздер мен будандар өнімділігі.

Родонит


Көрсеткіштер

2003

2004

2005

2006

Өтімі

Жұмыртқалағы

штығы (дана)

А1(2)

А1(1)

А1(3)

Гибридті

мекиен


дер

Гетерозистік

тиімділігі %


257

268


254
288
10,9

263


255

256
280


8,4

272


249

265
280


6,6

237


245

246
262


8,0

1-ші кестедегі көрсеткіштерден «Родонит» кросытауықтарының өнімділігі әр түрлі асыл тұқымды зауыттарда бірдей емес екенін көреміз. Бұл кростың өзіне және оларға жасалған азықтандыру жағдайына байланысты. Алдында пайдаланып, өсіріліп отырған жүйелерге қарағанда гибридтік жұмыртқалағыш тауықтардың өнімділігі аналардан жоғары, ал әр жұмыртқа салмағына шыққан азық шығыны да аз болды. Осы көрсеткіштер гибридтік құстарды пайдалану өндіріске экономикалық тиімді екенін дәлелдейді.

Көкшетау облысының Шучинский құс фабрикасы жағдайындағы «Волеский - 3» үш жүйелі кростың гибридті тауықтарының көрсеткіштері алғашқы қолданып жүрген тауықтардың көрсеткішінен 4-8% асып түседі.

Беларустың аймақтық тәжірибелік құс шаруашылық станциясында «Беларусь - 9» кросы шығарылған. Олардың 78 апталығындағы өнімділігі 270 дана жұмыртқадан жоғары, орташа салмағы бір жұмыртқаның өмірінің 52 апталығында 61,7грамм. Елімізде қазіргі кезде бұл кросс кеңінен тараған кростардың бірі болып саналады. Беларусь ССР-де барлық жұмыртқалағыш тауықтардың «Беларусь – 9» кросы 68 пайызын қамтиды. Бұл кросты енгізу Баровский құс фабрикасында өнімділігі 14 дана жұмыртқаға, ал Валогадский облысының құс шаруашылығында жұмыртқа өнімін 10 данаға көбейтті, Свердловский облысында 18 данаға көбейтті. Осы кросты жұмыртқа өндіретін шаруашылықтарда пайдалану жылына 15 миллион теңге экономикалық пайда табуға мүмкіндік берді. «Беларусь - 9» кросын Москва облысының шаруашылығында қолдану жылына әр бастан 262 дана жұмыртқа алуға, әр жұмыртқаның массасы 60грамм және әр бастың сақталуы 97 пайыз болуына әкеп соқты.

Ленинград облысының ГПП3 «Ногорный» шығарған төрт жүйелі «Зарге - 17» гибридтік кросы қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Бұл гибридтік кросс тауықтарының жұмыртқалағыштығы басқаларға қарағанда жоғары. Гибридтік тауықтар биологиялық циклде жұмыртқалағыштың сапасын жүйелік топқа қарағанда екі-үш ай көбірек ұстайды. Гибридтік тауықтарды пайдалану жүйелік тауықтарына қарағанда бес аптаға көп болады. Сол себептен гибридтік құстарды пайдалану тиімділігі жоғары болады.

Елімізде құс мамандарының алдына жуық арада жоғарғы сапалы гибридтік құс өнеркәсібіне көшу мақсаты қойылып отыр. Құс өнеркәсібінің есептеуі бойынша гибридтік құсты өнеркәсіпте қолдану, жұмыртқа өнімін алуды жоғарылатып, жүйеде қосымша қаржы бөлмей (20\30 пайыз), сонымен қатар азық шығынын қысқартуды, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, еңбек өнімділігін жоғарылатады. Осы алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін сеДәріслық жүйелер мен асыл тұқымдық шаруашылықтар құрылды. Олар құс шаруашылығының дамуын жетік бірмегендіктен, мамандарға шетелдің мықты фирмаларының жетістіктеріне сүйене отырып, шарттарға байранысты сеДәріслық-генетикалық қарым-қатынас жасап, асыл тұқымды жәнетауарлы шаруашылықтарды жан-жақты жұмыс жүргізіледі.

Жаңа жүйе шығару, оларды шағылыстыру, қарғандарын көбейту және гибридтік ата-аналық формасын көбейту, көпсалалы және қиын процесс болғандықтан бір шаруашылықты бұл операцияларды іске асыру мүмкін емес. Сол себептен тек қана белгіленген функцияларды орындайтын арнайы шаруашылықтар құрылды.

Селекциялық әдістемесі және ұйымдастырылған асыл тұқымдық шаруашылықтардың структурасы үнемі және үздіксіз жалғасып отырады, өйткені оған ғылыми-техникалық прогресс пен алдыңғы қатарлы практика жетістіктері әсерін тигізеді. Осыған байланысты ұсынып отырған құс шаруашылығы асыл тұқымдық жұмыстарын ұйымдастыру схемасын аяқталған болып санала алмайды, ал көп жыл бойы жинақталған практика және осы күннің сұранысына жауап береді.

Жоғарғы өнімді жүйелермен кростарды шығаруда терең селекциялық -дәріслық жұмыстар жеті арнайы ұйымдастырылған селекциялық станцияларда (Прибалтика, Беларусь, Закавказье, Солтүстік Қазақстан, Батыс Есіл, Қазақтың, Алпе Шығыстың) және үш Москва, Харьков, Ташкент облыстарында орналасқан ғылыми зерттеу институттарында жүргізіледі. Аталған мекемелердің әрқайсысы селекциялық орталық функциясын жасайды, құстардың арнайы мамандандырылған және арнайы өнім алуға арналғандарымен, олар кереті мамандар кадрын, генетикалық бай қорларын, жақсы тәжірибелік базасын және есептеу техникасын иемденеді.

Басты селекциялық орталықтың міндетін құс шаруашылығының бүкілодақтық ғылыми зерттеу және технологиялық институты атқарып (ВН И Т И П), ол зоналық аталықтарға методикалық көмекте көрсетеді. Бүкіл селекциялық станциялар және басты институттар құс өнеркәсібіне тікелей тәуелді, соның бұйрық тапсырмасымін жұмыс істейді, бұл жағдай жұмыстың ұйымдары селекциялық орталықтарда мынадай жоғарғы өнімді тауықтың жаңа кростары шығарылды. «Старт», «Белорусь-9», «Бірінші-1», «Борный-2», «Бройлер-6», Солтүстік қола күрке тауықтары, бұл тауықтар өнімділігі жағынан көптеген шетел фирмамірының құстарынан кем қалмайды. Бірақ селекционерлердің жетістіктері олардың құстары өндірісте қолданылып, тез көбейгенде ғана практиканың жетістіктері басып санала алады. Осыған байланысты бұл структураның бірінші шектемесінің келесі звеносы басып, таза жүйелердің көбені, олардың өнімділігін сол дәрежеде тұрақтандыру болып табылады.

Бұл жұмыстармен «63» асыл тұқымды зауыттар айналысады, жардың 36-сы жұмыртқа бағыттағы құс жүйелеріне мамандандырылған. 21-і ет бағыттағы құс жүйелеріне. 5-еуі үйректердің көбеюіне, біреуі шаруашылықтар, алміздің барлық құс шаруашылықтарына асыл тұқымдық құс жемін жеткізушінің негізгілері болып табылады. Барлық асыл тұқым зауыттары нақты сеДәріслық орталықтармен тығыз байланысты шағылыстыру арқылы алған гибридтердің өнімділіші, таза жүйелі тауықтарікіне қарағанда он-он екі пайызға жоғары екені белгілі. Сондықтан гибридтерді кеңінен қолдану үшін, асыл тұқымды зауыттардан алған барлық өнімді шағылыстыруға жұмсалған жөн. Осы мақсатта бірінші реттегі репродукторлар құрылды және құрылып жатыр олар нақты кросстармен жұмыс істеуге мамандандырлған және асыл тұқымды зауыттарға бекітілген. Біздің елімізде қазіргі кезде бұндай шаруашылықтардың 109-ы бар, олардың 12-і жұмыртқа бағытындағы тауық жүйелеріне мамандандырылған, 58-і ет бағытындағы, құстың басқа түлерімен 9-ы айналысады . Олардың күштімлігі тауарлық шаруашылықтарда гибрдитік жас құстармен қамтамасыз етуге мүмкінідік беріп Асыл тұқымды құспен айналысудың алғы құс фабрикаларындағы ата-аналық топты камтекттеу болып саналады. Осы мақсатта олар нақты репродукторларға бекітіліп, олардан имскен грасик бойынша инкубациялық жұмыртқа алынады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында халықты диеталық жұмыртқамен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет