Бақылау сұрақтары:
1. Құсты азықтандыру
2. Құсқа берілетін азықтың түрлері
3. Дәнді дақылдар туралы мәлімет
11-дәріс.
Азықтандыру нормасы, азықтандыру түрі және тәртібі, олардың өзара байланысы.
Мақсаты: Құстарға арналған азықтарды нормалау
Жоспары:
Жоғары құнарлы құрама жемді, концентрат құрама жем
Белокты-витаминдік қоспалары
Премикстерді пайдалану.
Құрама жем бірқатар азықтармен азықтық қосындылардан құрастырылып шығарылытын күрделі мал азығы. Оның құрамы мен қоректілігі мал түлігі мен құс түрі, жасы, өнімдік бағыты мен өндірістік тобына сәйкес өзгеретің ас қорыту физиологиясы мен қоректік мұқтадығына лайықтанылады.
Өндірісте құрама жем екі түрде өндіріледі. Біріншісі: құс не мал азығына жалғыз азық көзі ретінде жұмсалатын толық рационды құрама жемде, ал екінші, мал азығына құнарлы жем ретінде жұмсалатын дәндер қосындысының құрастырылған құрама жем.
Толық рационды құрама жем құрамында бірнеше дән мен жармасы, кебегі, протеиндік азықтық техникалық қалдықтар мен жануар тектес азықтар, витаминді шөп ұны, қажетті минералды қосындылар мен витаминдік препараттар кіреді.
Құрама жем өндіруге крахмалға бай энергетикалық азықтар ретінде – жүгері, арпа, сұлы, тары, сарго, қара бидай, бидай дәнің протеиндік азық ретінде – ас бұршақ азықтық бұршақ, жасымық оларға қосынды ретінде кебек, ұн өндірісіндегі, күнжара, шрот, фосфатиттік – белоктық қосынды түріндегі өсімдік май өндірісінің, құрғақ сығынды (жом), сірне (патока), түріндегі қант өндірісінің дән қабығы, өнген бүрі, техникалық май, балық ұны, құрғақ көк сүт, сүт сар суы түріндегі ет, балық, сүт өндірісінің қалдықтары және шөп ұның пайдалану.
Витаминдер деп өте аз мөлшерде болғанымен де тіршілікті қамтамасыз етуге өте қажет аса маңызды органикалақ қосылыстардыайтады (латынша «vita»-өмір, «amin»-аминқышқылы). Витаминдер организімде түзілмейтіндіктен желінген азықпен толық жеткізулер қажет. Жеткілікті жеткізлмеген жағдайда организімдегі зат алмаусу бұзылып, мал мен құс гиповитаминозаға (латынша «gipo»-аз), ал ол асқындаған жағдайда витаминсіздіктен туындайтын авитаминозға (латынша «а»-жоқ) шалдығады.
Организімдегі атқаратын қызметіне байланысты витаминдерді екі топқа бөледі. Бірінші, ферменттерді белсендіретпі, яғни оларлың құрамында биокатализаторлық (коферменттік) қызмет атқаратын витаминдерге В тобының витаминдері мен К витамині жатады; екіші, жасуша құрылымышіагы түзілуді рсггсу арқылы зат алмасуына индуктивтік әсер егетін витаминдерге А, Д, Е, С витамигідері мен холин жатады. Химиялық құрылымы мен физикалық әсері бойынша витаминдерді майда (А, Д, Е) және суда (В тобының, С) еритіндерге бөледі. Олардың барлығы дерлік белоктардан (аминқышқылдарынан) пайда болады, тек кейбіреулері ғана ас қорыту жолындағы микробиологиялық түзу барысында (В12 витамині цианкобаламин, К витамині) немесе организмдегі биологиялық түзуде (С витамині) пайда болады.
А витамині — ретинол. Ретинол жасушада өтетін алмасудағы тотығу үрдісін, күкіртті белоктар алмасуын, жасушанын көбейіп, өсуін реттеуге қатысады. Сол үрдістер арқылы тері, ас қорыту және тыныстау жолдары, зәр шығару жүйелерінің ішкі кілегей қабаты эпителийінің өсуін, көз қабыршығының дұрыс пигментациялануын қамтамасыз етеді.
Д витамині - кальциферол. Өсімдік пен жануар денесінде ультракүлгін сәулелендіру әсерінен стериндерлен Д витамині өндіріледі. Табиғатта кездесетін оның он шақты түрінің ішінде Д2 және Д3 витаминдерінің маңызы зор. Өсімдіктер мен ашытқыларда 255-313 нм толқынындағы ультракүлгін сәулелер әсерінен эргостериннен Д2 витамин.
В1 витамині - тиамин. Тиаминнің фосфорлық қосындысы белоктармен пирожүзім қышқылын карбоксилсыздандыратын кокарбоксилаза ферментін түзеді. Сондықтан В1 витаминінің жетіспеушілігінен қанда, мида және басқа да жұмсақ ағза ұлпасында пирожүзім қышқылының шамадан тыс жиналуынан жүйке жүйесі уланып, полиневриттен салдық пен бұлшық ет тартылуы орын алады. Бұған алдымен құс шалдыққыш келеді.
В3 витамині- пантотен қышқылы. Пантотен қышқылы зат алмасуының негізгі ферментін әсерлендіруші А-кофсрментінің (Ко-А, А-коэнзимі) құрамында сірке қышқылының әсерін күшейтеді. Дәлірек айтқанда, алмасу барысында көмірсулар мен майдың, аминқышқылдарының толық тотығып, энергияға айналуына ықпал ететін лимон қышқылы айналымында (цикл лимонной кислоты) - үшкарбондық қышқылдар, ал Кребс айналымында (цикл Кребса) сірке қышқылының қалдығын порменсіздендірелі. Бұл витамин жетіспеушілігінен зат алмасу үрдісі тежеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |