Бақылау сұрақтары:
1. Үйректердің биологиялық ерекшеліктері
2. Үйректердің асыл тұқымдары, кросстары
15-дәріс
Құс саңғырығын өңдеу жолдары және құс өнімдерін өңдеу
Мақсаты: Құс өнімдерін өңдеу
Жоспары:
Құс жұмыртқасын өңдеу
Құс етін терең өңдеу
Құс саңғырығын өңдеу
Құс жұмыртқасын өңдеу
Құс фермасында жұмыс күні бойынша 4-5 рет, алғашқысы таңертеңгі азықтандырудың алдында жиналады. Павильоны типіндегі құс қораларындағы клеткалардан жұмыртқалар транспортердің көмегімен стол-жинағышқа беріледі, содан соң олар метал контейнерлерге немесе картон жәшіктерге орнатылған картон ыдыстарға қолмен салынады. Әр ыдыстағы жұмыртқалардың саны бірдей болуы тиіс. Кірленген, жарылған және шытынаған жұмыртқалар әртүрлі ыдыстарға салынады. Жұмыртқаларды жәшіктерге немесе контейнерге жұмыртқаны орап салған кезде жұмыртқа өндірілген цех құс өсірушінің аты-жөні көрсетілген карточка бірге салынады. Жиналып контейнерге немесе жәшіктерге орап салынған жұмыртқалар автофургонмен немесе жұмыртқаларды тасымалдауға бейімдеп жабдықталған ГАЗ-53 автомобильдерімен немесе «Беларусь» тракторына тіркелген арбалармен құс қорасынан жұмыртқа қоймасына жеткізіледі.
Қоймада жұмыртқа өңдеуден өтеді: ыдыстан алынып, жуатын және кептірілген жүйеге беріледі, сапасы мен салмағы бойынша сұрыпталады, таңбаланады, оралады, сөйтіп қысқа мерзімде қоймада сақталады.
Қоймаларға түскен кезде жұмыртқалар байқаудан өткізіліп, әр цехтан жеткізілген ораулардың саны есептелінеді, жұмыртқалардың санын тексеру үшін және немесе контейнерге бақылау іріктеу жүргізіледі, олар жолдама документтердің деректерімен салыстырылады. Жұмыртқаларды тапсыру және қабылдау актімен жүргізіліп, цех өкілдері мен жұмыртқа қоймасының өкілдері оған қолдарын қояды.
Көптеген құс фабрикаларында жұмыртқаларды өңдеу жөнінде шетелдік фирмалардың автоматтандырылған жүйелері орнатылады.
Құс етін терең өңдеу
Құс фабрикалары мен құс комбинаттарында құсты сою мен өңдеу негізінен механикаландырылған жүйелерде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде құс фабрикалары мен құс комбинаттары үшін тауықтар мен балапандарды өңдеуге арналған бірыңғай жартылай автоматты жүйелер, күрке тауықтар өңдейтін жүйелер, ішек-қарындары жаруға және ұшаны салқындатуға арналған жабдықты қоса есептегенде құстың барлық түрін өңдеуге арналған универсалды жүйелер шығарылады. Құсты өңдеудің тасқынды-механикаландырылған жүйесі, құсты союдан ұшаны тоңазытудан дейінгі бірегей толассыз технологиялық процесті қамтамасыз етеді.
Құсты сояр алдында ас қорыту трактасын тазалау үшін ол сояр алдында төзімділіктен өткізіледі. Бұл кезде оған тек қана су мен әлсіреткіш зат – 2 пайыз глаубер тұзының ерітіндісі беріледі. Соймастан бұрынғы ашықтыру етті неғұрлым ұзағырақ сақтауға ықпал етеді.
Құстың толық ішін жарған кезде сояр алдындағы төзімділік азая түседі. Сояр алдындағы ашықтыру ұзақтығы балапандар, тауықтар, мысыр тауықтар, күрке тауықтар үшін 8-12 сағат, балапандар мен ересек үйректер және қаздар үшін 8-12 сағатқа созылады. Сояр алдындағы ашықтыру кезінде құсты суаруға шек қойылмайды.
Союға арналған құс қолмен ұсталынады, таңертен ерте, жарығын сөндіріп тастап немесе шам жарығымен түнде ұстаған жақсы. Еденде ұстағанда торлар пайдаланады. Құсты клеткаларда күткен кезде оларды клеткалардан суырып алып, транпостер лентасына отырғызады, содан соң жәшіктерге немесе құс тасымалдайтын контейнерлерге отырғызады
Құс саңғырығын өңдеу
Құс өсіретін шаруашылықтарда жыл сайынғы саңғырық қоры 50 миллион тоннадан асып, ылғалдылығы 70-75 пайызға жетеді. Мұның өзі оны тек қордан шығару проблемасын ғана емес, сонымен бірге ауа бассейіні, су қоймаларын, жарамды жерлерді, ормандарды ластаудан қорғау проблемасын да тудырады.
Құс саңғырығы молынан шоғырландырылатын және шапшаң әрекет ететін тыңайтқыш. Оның химиялық құрамы төмендегідей, пайыз: құрғақ заттар 34,5-48,3, күл 14-40, шикі май 2,9-4,5, шикі клечатка 14-25, азотсыз экстративті 46-48 пайыз.
Жұмыртқалайтын бір тауық орта есеппен тәулігіне 175-189 г саңғырық, етті тауықтар 276-300, күрке тауықтар 450, үйректер 423, қаздар 594, 1-4 апталық мерзіміндегі жұмыртқалайтын тауық балапандары 24, 5-9 апталық мерзімдегілер 97, 10-22 апталық мерзімдегілер 176 г саңғырық бөліп шығарады.
Көптеген құс фабрикаларында құс қорасындағы саңғырық көлденең транспортердің жәрдемімен құс қорасының жанына салынған ыдысқа бағытталады, трактор тиегіші оны автомобильге, самосвалдарға немесе трактор арбасына тиейді де көң сақтау қоймаларына апарып төгеді немесе далаға шашып тастайды.
Тюмень облысындағы «Боросвкая» құс фабрикасындағы барлық құс қорасының саңғырықтары жер астынан тартылған трубалар арқылы пневматикалық механизмдер жәрдемімен құс фабрикасынан тысқары жерге жеткізіледі. Бұл бүкіл фабрика жеріне зоогигиеналық жақсы жағдайлар жасайды.
Саңғырық сыйымдылығы 750-5000 тонналық жартылай бетондалған шұңқырларда оларды бір жылдай сақталады.
Саңғырықтардағы қоректік заттар ысырабын төмендету суперфосфатпен немесе ылғал тартатын басқадай компоненттермен компостерлермен абзал. Компостырленетін массаның ылғалдылығы 40 пайыздан жоғары болмауы тиіс. Саңғырықтың 3-4 бөлігіне толықтырғыштың бір бөлігі ғана салынады. Жаңа саңырық аурулар мен арам шөптердің таралмауы үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылмайды. Шым-көңді компостырлар далада арнайы алаңдарда, құс шаруашылығы кешенінде және шымтезек алаңында дайындалады. Компостырлеу орны құс фабрикасының орналасуына, тыңайтқыш өндірілетін қалаға, шымтезекті өндіру орнына, тыңайтқыштарды сіңіру мерзімі мен нормаларына, сондай-ақ транспорт құралдарымен қамтамасыз етілуіне байланысты. Шымтезекті компостырларды тікелей далады көктемгі – жазғы кезеңінде дайындаған жақсы. Ол үшін алаңға шымтезектің қалыңдығы 30-40 см қыртысы тасылып жеткізіледі де, оның үстіне шымтезектің үш бөлігіне саңғырықтың бір бөлігін жайып тастайды. Саңғырық штабелінің жоғарғы қабаты шымтезекпен жабылады. Компост фосфор үгіндісімен және калий тұзымен байытылады
Достарыңызбен бөлісу: |