Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет23/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Бақылау сұрақтары:
1.Үйректердің биологиялық және шаруашылығының

ерекшеліктері атаңыз ?

2. Үйректердің асыл тұқымдары, кроccтары және танымалдығы
14-дәріс
Келешекте құс етін өндіру технологиясын жетілдіру, оның болашағы
Мақсаты: Келешекте құс етін өндіру технологиясын жетілдіру
Жоспары :

1.Бройлерді клеткада өсіру

2. «Дон» құс комплексінде (Ростов облысы) бройлерлер етін өндірудің жаңа технологиясы

Бройлерлер қалың төсеніштен гөрі клеткаларда тез өседі; еті (әсіресе төс еті) шикі протеиннің көп мөлшерімен, ылғал үлесінің аздығымен ерекшеленеді: кокцидоз және саңғырық арқылы жұғатын басқадай ауруларға шалдығу қаупі азая түседі. Сонымен бірге төсеніш материалдары қажет болмайды, топтардағы құс саны азаяды. Мұның өзі зоотехникалық және мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жеңілдете түседі. Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде энергия шығындары азаяды, соның әсерінен өнімнің 1-кг-на жұмсалатын азық шығыны да төмендейді. Клеткалы- контейнерлерде күткен кезде жұмыскерлер құсты сояр алдында ұстау, қораларды тазалау және басқадай еңбекті көп керек ететін процестерден құтылады. Бройлерлер көбінесе қайтадан жабдықталған КБМ- 2, КБУ- 3, 2Б-3, БГО-140 және РР-15 клеткалы батареяларында, каскадты екі немесе үш қабатты батареяларда немесе батарея- контейнерлерде күтіледі.

Бройлерлер клеткалы батареялардың таңдалған түрін орнатуға болатын кез- келген қораларда өсіріледі. Құс қорасының еденінде ағып кететін ылдыйы болуы керек. Құс қорасында желдету мен қорадағы ауаның жылуы бойынша климат сақтау қажет. Клеткалы батареялардың барлық қатарлары мен қабаттарында бірдей температура режимі жасау үшін батарея жанындағы дәлізді бойлай еденнен 10-15 см биіктікте ауа беретін құбыр таратылады.

КБУ-3 типіндегі клеткаларда балапандарды өсірудің алғашқы күндері олар астындағы торға аяқтарын жарақаттамауы үшін жалпақ резинадан немесе полиэтиленнен жасалған төсеніш төсеу керек. Төсеніш 10-15 күн пайдаланылады, содан соң олар клеткалардан алынып, жуылады, дезинфекцияланып, балапандардың келесі тобы үшін сақталып тұрады.

Резина төсеніштердің орнына тығыз қағаздарды да пайдалануға болады, оларды пайдаланғаннан кейін өртеп жібереді. Клеткалы батареяларда өсірудің алғашқы күндерінде оларға науа сияқты немесе өздігінен тазаланатын деңгейі тұрақты тостаған тәрізді мөлтек суарғыштар қойылады. Өйткені бұл мерзімде балапандар батареяға жабдықталған ниппелді суарғыштарды таба алмайды.

Алғашқы күндері жем салғыштарға арнайы бөлгіштер қойылады, соның арқасында балапандардың жем жеуі жеңілдейді. Балапандар өздерін жақсы сезінуі үшін батареялардың барлық қабаттарында қолайлы микроклимат жасалады. Өйткені клеткалардағы құс қажетті температура бар аймаққа бірдей таралу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан клеткалардың барлық қабаттарында жас мерзіміне қарай теңестірілген температура режимін сақтауды өте қатаң қадағалау керек.

Бройлерлерді клеткаларда және қорада өсірген кездегі температура режимі.

Балапандардың жас

мерзімі, күндер



Ауаның температурасы, °С

клеткада

қорада

1-7

32-30

30-28

8-14

30-28

27-25

15-21

27-25

22-20

22-28

24-22

20-18

29-42

21-20

18-16

48-49

20-18

15-14

50-56

18-16

14-13

Бройлерлер күтілетін құс қораларында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз шамасында сақталады. Ылғалдылығы артып (80 пайыздан асқанда), температура көтерілген кезде балапандардың тыныс алуы қиындай түседі. Олардың құты қашып, жемге зауқы соқпайды, ал ылғалдылығы азайған кезде қауырсын құрғақ тартып, сына береді, балапандардың жем жеуі нашарлап, суды көбірек ішеді.

Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде құс қорасындағы ауа алмасуын ерекше қадағалаудың зор мәні бар. Өйткені құсты тым шоғырландырып жіберген сәтте зиянды газдар көбірек бөлініп шығады да, оттегіне деген қажеттілік арта түседі. Қорадағы ауаның 1 литріндегі аммиактың шоғырлануы көлемі бойынша 0,01 мл-ден, күкірттегі-0,001 мл-ден, көміртегі тотығы 0,2 пайыздан артық болмауы тиіс. Ауа режимінің сақталуы тек тасқындата – соратын желдеткішті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болады. Ауаның бірқалыпты алмасуына бройлерлердің 1 кг тірілей салмағына таза ауаның мынадай мөлшерін бергенде ғана өол жеткізуге болады: м³/с: қыста 1,8-2,5, жазда 7-10, көктем мен күзде 3-6.

Бройлерлерді клеткаларда күткен кезде жарық сөндірілмейді. Алғашқы екі аптада азықтандырғыштар мен суарғыштар деңгейінде жарық беру жеделдігі 25 лк, содан соң өсірудің ақырына дейін 5-7лк.

Отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезіндегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциялары мен азықтандырғыштардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігінн дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 см² алаң бөлінеді. Клетка еденінің 1м² алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.

«Дон» құс комплексінде (Ростов облысы) бройлерлер етін өндірудің жаңа технологиясы жасалынған. Еттік балапандар клеткалы- контейнерлерде өсіріледі. Мұның өзі кешенді бүкіл технологиялық процестерді механикаландыруға тұңғыш рет мүмкіндік беріп отыр.

Бірегей технологиялық жүйеде азықтандыру, суару, микроклиматты автоматты түрде реттеу, саңырықты тазарту сияқты мәселелер шешіледі. Тәуліктік балапандар инкубатордағы клетка- контейнерге тиеледі де, жер астындағы галерея бойынша итермелі конвейерлердің жәрдемімен бройлер- контейнерлерді жоғары этаждарға көтереді; құс қорасының тоғыз этажының әрқайсысына клеткалы- контейнерлерді тасымалдайтын итермелі конвейерлер монтаждалған.

Құсты азықтандыру, суару және олардың жағдайларын бақылау үшін клетка- контейнерлер тәулігіне 20-30 минут жем мен судың автоматты дозаторларының қасынан өтеді: саңырық клеткалардың астындағы табандыққа жиналады. Бройлерлерді өсіру кезеңі аяқталғаннан кейін клеткалы- контейнерлер қора этажынан жер астындағы конвейерлерге өтеді де, сою цехына қарай бүрылады: табандықтарды қотаратын арнаулы пункт бар, клеткалы- контейнерлер оның қасынан өте бере өз жақтауымен төңкеріледі, сөйтіп табандықтарды саңырық қабылдайтын құрылғыға түсіп қалады, ал табандықтар одан әрі жуылуға және дезинфекцияға өтеді.

Сою цехында клеткалы- конвейерды 90° бұрғаннан кейін стационарлық тіреулер есіктерді ашады да, бройлерлер қабылдау транспортерінің лентасына түсіріледі. Құстан босатылғаннан кейін клеткалы конвейерлер жуу және дезинфекция жасау үшін стационарлық жуу машиналарына беріледі де, ыстық ауамен құрғатылады, табандықтарды тіркеп алғаннан кейін олар инкубаторға бағытталады. Өсірудің бүкіл процесі, инкубаторға балапандарды тиеу мен клеткалы- контейнерлерді таза табандықтармен жабдықтаудан басқаның бәрі механикаландырылып, автоматтандырылған.

Бройлерлерді сою және бастапқы өңдеу. Сою жүйелері бір сменада 10-12 мың балапанды өңдеуге есептелген. Бройлерлерді сойысқа 10 мың балапан тұратын бройлер қорасын түгелдей босатуға немесе 20 мың құсқа арналғанды жартылай босатуға сәйкес келетіндей топпен дайындайды. 20 мың балапан сиятын құс қорасын кешкі уақытта бройлерлерді сояр алдында брезентпен ұзынынан шымылдықтап, қоршап қояды. Құстарды сою цехына жөнелтуден 5-6 сағат бұрын азықтандыруды тоқтатады. Бройлерлер союға жөнелткенге дейін су іше береді. Бройлерлер қорасының екінші жартысы келесі күні босатылады. Сөйтіп 20 мыңдық бройлерлер қорасы екі күнде тазартылады. Содан соң оны тазартып, дезинфекциялайды, балапандардың жаңа тобын құс қорасын босатқаннан кейін 14 күн өткен соң ғана қабылдайды- бұл санитарлық қажетті аралық.

Балапандарды төсеніште өсірілген кезде құс қорасын арнайы кішігірім секцияларға бөліп, қоршайды да, оларды жеке бригада қолмен ұстайды. Бройлерлер сою цехына арнаулы транспорт құралдарымен жеткізіледі. Егер балапандар каскадты клеткаларда күтілсе онда оларды сою цехына ленталы транспртермен жөнелтеді, ал клеткалы- контейнерлерде өсірілсе онда солардың өзімен жеткізеді. Балапандарды ұстаған кезде жарақаттап алмау керек, өйткені қанаттарын, сирақтарын майыстыру, денесін жарақаттау ұшаның тауарлық түрін бұзып, сорттылығын төмендетеді. Ұстау мен тасымалдау құсқа кері әсер етпеуі үшін оны беймазалатпайтын дәрі- дәрмек- транквилизатормен қоректендіру қажет.

Сою цехына ең соңғы рет азықтандырғаннан кейін 4-6 сағат өткен соң құсты сояды. Ішек- қарыны жартылай жарылған тауарлы ұша алу үшін бройлер 40 минутта мынадай операцияларға ұшырайды: оның жоғары кернеулі токпен жанын шығарады, күре тамырын қияды, ыстық су құйып, жидітеді де, жүнін жұлады, ішек- қарнын тазалайды, үйітеді, сорттацйды, орап, салқындатады. Ұшаны өңдеудің сапасы көп ретте конвейер қозғалысының жылдамдығына және үйіту кезінде судың температурасына байланысты.

Конвейерден алынған бройлердің ұшасын арнайы арбаға тиейді де, тоңазыту камерасына жөнелтеді (0-2). Ұшаның ішкі температурасы 6-4°С төмендеген кезде ғана салқындату аяқталады. Салқындатылған ұшалар сақтау камерасына тасымалданады. Олар онда 0-4°С температурада және 80-85 пайыздық ауа ылғалдылығында, өткізілгенге дейін сақталады.

Қосымша Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет