Философтар В.П. Тугаринов, М. Вебер, У. Томас, Ф. Знанецкий құдылықты субьектінің өз идеяларымен мақсаттары арқылы елестеткен, қабылдаған және бағалаған нысана ретінде түсінеді. Олардың тұжырымы бойынша, құндылық – тарихи айқындалған қоғамның немесе топтың адамдарына ақиқат, мақсат-мұрат ретінде пайдалы, қажетті құбылыстардың түйіні. Құндылық тек өмірде бар нәрсе ғана емес, оны тұлға бойына сіңіруді жүзеге асыру. Сол үшін мақсатты түрде күресе білу. Ал, құндылық бағдар – бұл тек бағдар жүйесі емес, сонымен қатар ең алдымен құндылық ұғымының және жеке тұлғаның қандай да бір іс-әрекет саласындағы қайталайтын қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, бағалауына негізделетін дұрыс ойлаудың жиынтығы. Сыртқы бағдардан, мәлімдемелерден, заңдардан, дәстүрлерден, мақсаттардан өзге, құндылық бағдар адамның әртүрлі талаптарымен нормативтерді қабылдауының жеке игерулерінің ішкі көңіл-күйін білдіреді. Онда адам әлеуметтік талаптарға деген өзінің субьективті-тәжірибелік көзқарасын нығайтады және солардың негізінде мінез-құлықтың мақсаттылығы жағынан жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға талпынудан гөрі кеңірек амал –әрекеті қалыптасады.