Психологтар «құндылық» ұғымымен қоғамдағы әлеуметтік-тарихи мағыналарды және шындықтың белгілі құбылыстарының жеке адамдарға қатысты мәнін сипаттайды. Құндылық бағдар психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі психологиялық компоненттерді бір жүйеге біріктіреді. Оның психологиялық табиғатын қажеттіліктер, қызығушылықтар, түрткілер және жеке тұлғаның бағыттылығы аралығындағы байланыс пен қатынас тұрғысында қарастырған жөн[2, 18].
«Құндылық», «Құндылық бағдар» ұғымдарына түсініктеме бере келе, құндылық бағдарды қалыптастыру мәселелерімен Г.А. Аргунова, Н.А. Асташова, С.Г. Гладнева, Э.В. Зауторова, С.А. Куликова, Б.Т. Лихачев, Н.Д. Никандров, З.И. Равкин, Т.А. Серебрякова, И.И. Шатилова, т.б. ғалымдар айналысқан.