Жеке тұлғаның құндылық бағдарын теориялық тұрғыда негіздеген Г.Қ. Нұрғалиеваның пайымдауынша, құндылық бағдар жүйесі қайшылықты, өзгермелі және оның құрылымы көпдеңгейлі болып келеді. Оның жоғарғы сатысы – тұлғаның өмірлік мақсаттары мен мұрағаттарына байланысты. Құндылық тұлға бағыттылығының типін анықтайтын психологиялық-педагогикалық зерттеудегі құнды ой-әрекеттің бірлігін қалыптастыруда негізге алатын теориялардың бірі ретінде қарастырылады. Бірінші жағынан, психологиялық іс-әрекетте қалыптасады және көрініс табады, ал екінші жағынан – психологиялық іс-әрекет реттеліп отырады.