8.1. Негізгі әдебиеттер
1. Нейбауэр А. Моя первая программа на С/С++ /Перев. с англ. – СПб: Питер, 1995
2. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке СиЖ Учеб. пособие. – 2-е доп. изд. – М.: Финансы и статистика, 1999
3. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005
8.2. Қосымша әдебиеттер
1.Дейтел Х., Дейтел П. Как программировать на Си. – М.: Бином, 2000
2. Мейер Б., Бодуэн К. Методы программирования. Т. 1 и 2. – М.: Мир, 1984
9 апта
Тақырып 10. Берілгендердің күрделі типі: массивтер
Дәріс жоспары
Массивтер.
Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер.
Сандық массивтерді өңдеудің типтік алгоритмдерін программалау.
Бір өлшемді массивтер мен нұсқауыштар.
Дәрістің қысқаша конспектісі
Массив – бұл бір типті ақырлы сандардың жиыны.
Массив атпен аталады.
Мысалы, 1.6, 14.9, -7, 0, -4 сандарының терілімін 5 элементтен тұратын массив деп санауға болады және белгілі бір атпен атауға мысылы, А болады.
Массивтің әр элементі массивтің аты мен квадратты жақша ішінде индексін көрсетумен аталады.
Массив элементтері индекстерінің ретімен реттелген.
Массивтерді сипаттауда:
көрсету қажет.
Сонымен қатар, сипаттауда әр индекс қабылдайтын мәндердің саны көрсетіледі. Мысалы, int а[10]; 10 элементтен тұратын а[0], а[1], ..., а[9] массивті анықтайды. float Z[13][[6]; бірінші индексі 0 ден 12 ге дейінгі 13 мәннен, екінші индексі 0 ден 5 ке дейінгі 6 міннен тұратын екі өлшемді массивті анықтайды. Сөйтіп, Z екі өлшемді массив элементтерін келесідей көрсетуге болады: Z[0][0], Z[0][5], , Z[12][5]
Си тілінің синтаксисіне сәйкес, тек бір өлшемді массивтер ғана болады, дегенмен, бір өлшемді массивтің элементері массив бола алады. Сондықтан екі өлшемді массив массивтің массиві ретінде анықталады. Сөйтіп, мысалда әрқайсысы float типті 6 элементтен тұратын 13 элемент-массивтерден тұратын массив берілген. Кез келген массив элементін нөмірлеу 0- ден басталып, N-1 -ге дейін нөмірленетініне назар аударыңыз, мұндағы N –индекс мәндерінің саны .
Массивтердің шектелуі, яғни, Си тілінде оның элементінің индекстерінің санына жоқ. Си тілінің стандарты транслятор 31- ге дейінгі массивтердің сипаттамасын ғана өңдеуге рұқсат етеді . Әдетте, көбінесе, бір өлшемді және екі өлшемді массивтер кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |