С температурада сүттің бактерицидтік қасиеті үш сағатқа, 15



бет54/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#80676
түріҚұрамы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
сүзбе технологиясы

Анықтау жолы (арбитражды әдіс). Әйнектелген жасалынған бюксқа 20-30 г жуылған қыздырылған құмды салып кептіргіш шкафқа 102 ± 2°С 30-40 мин салады. Бұдан кейін кептіргіш шкафтан алып аузын қақпақпен жауып эксикаторда 40 мин суытады да таразыда өлшейді. Осы бюксқа 3-5 г ірімшік немесе ірімшік өнімдерін салып, аузын жауып тез арада өлшейді. Бұдан кейін жақсылап араластырып қақпағын жаппай су моншасына қояды, бұл кезде оны үнемі араластыру қажет. Осыдан кейін ашып бюкс пен оның қақпағын кептіргіш шкафқа 102 ± 2°С салады. 2 сағ соң бюксты кептіргіш шкафтан алып қақпағын жауып эксикаторда 40 мин суытып қайтадан өлшейді. Қалған өлшемдерді 1 сағат аралығында жүргізіледі. Құрғақ заттың жалпы салмағын келесі формуламен анықтайды: (m1-m0)-100% m X = Мұндағы: m0 — құмы бар бюкстың салмағы, г; m — құм, ірімшігі бар бюкстың кептіргенге дейінгі салмағы, г; m1 — құм, ірімшігі бар бюкстың кептіргенгеннен кейінгі салмағы, г; Өнімдегі ылғалдың жалпы салмағын (W) келесі жолмен анықтаймыз: W=100-X . Құрғақ заттың жалпы салмағы процент есебінде Xсов = Xс.в. — Xж , мұндағы: Xж — майдың жалпы мөлшері, %. Зерттеу нәтижелерін талдау. Ірімшіктің физико-химиялық көрсеткіштерінің сапасын төменгі кестеге толтырыңыздар.
Сұрақтар:
1. Сүзбені дайындау технологиясын атаңыз.
2. Сүзбені сараптау кезінде қандай көрсеткіштеріне зерттеу жүргізіледі?
Әдебиет: С.А.Бредихин и др. Технология и техника переработки молока . М. Колос, 2003. В.И.Криштафович и др. Товароведение и экспертиза продовольственных товаров. М., 2008. МемСТ 13264-88;
МемСТ 3623-73; МемСТ 3624-73; МемСТ 3626-73; МемСТ 9225-84; ТУ 371-89; ТУ1002-02-5587; ТУ 10 РФ 20-07-92
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: Ірімшік және ірімшік өнімдерінің сынамалары. Мемлекеттік стандарттар. Май өлшегіштер, тығындар, реактивтер. Пипеткалар 5, 10 және 20 см3 су моншасы. Циллиндр, химиялық стакандар. Таразы. Фарфор аяқшалары 150-200 см3. Металл бюкстар. Күкірт қышқылы (тығыздығы 1810-1820 кг/м3); изоамил спирті; күйдіргіш калий немесе натрийдің ертінділері 0,1 моль/дм3; 1%ды фенолфталейннің спиртті ертіндісі. Студенттердің өзіндік жұмысы: сынамалардың органолептикалық және физико - химиялық көрсеткіштерін анықтап, МС талаптарымен салыстырып ветеринариялық санитариялық баға беріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет