С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет189/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

минанттарға (эпитоптарға) ие болуы мумкін.
Осының салдарынан 
наукастарда айкаса әрекеттескен 
сенсибилизация
туындауы мүмкін.
Ресей ғалымы А.Д. Адоның ұсынған аллергиялык серпілістін жіктеуі 
ұзак жылдар бойы колданылған. Осы жіктеу бойынша аллергиялык серп- 
ілістер екі үлкен топка бөлінеді: 
жедел серпілістер жэне баяу серпілістер.
Жоғары сезімталдыктын жедел түріне 
арнайы аллерген науқас
ағзасына екіншірет қайтара тускен соң 15—30минуттан
кейін дамитын 
терілік және жүйелік (тыныстык, ас-корытулык және т.б.) аллергиялык 
серпілістер жаткызылған. 
Аллергиялық
серпілістің жедел түрі терінін 
күлдіреуі, бронхоспазм, ішек-карын жолының бұзылыстары және т.б. 
түрде көрінеді.
Жедел түрді серпіліске анафилаксиялык шок, аллергиялык есек- 
жем, сарысулық ауру, бронх демікпесінің жұкпалы емес 
а л л е р г и я л ы к


19-Тарау. Жоғары сезімталдық механизмдері
381
түрі, Квинке ісінуі, жедел аллергиялык гломерулонефрит және т.б. 
жатады. Кейін өткен тәжірибелік зерттеулер жоғары сезімталдыктын 
жедел түрінің дамуы патогенезінде антиденелер негізгі орын алатынын 
дәлелдеген, сондыктан жоғары сезімталдыктын бүл түрін тағы 
В-тэуелді
аллергия
деп те атаған.
Жоғары сезімталдықтың баяу туріне (БЖС) аллергенмен қайта
кездескеннен соң бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамитын
аллергиялық серпілістер
жаткызылған.
Бүл серпілістер, мысалы үшін туберкулез, кырылдауык, садын 
кездерінде жиі дамиды; оларды гемолитикалык стрептококк, пневмо- 
кокк, вакцина вирустары шакыра алады.
Аллергиялык серпілістін баяу түріне, мысалы, стрептококкты
пневмококкты жүкпалар және туберкулез кезінде көздің мүйізгек 
кабығының закымдануы жатады. Аллергиялык энцефаломиелит 
кезіндегі жүйке тіндерінін закымдануы да БЖС серпілісі болып келеді.
Өсімдіктектес, өндірістік, дәрілік және т.б. химиялык заттар терімен 
кайта жанасканнан кейін 24-72 сағатта байкалатын жанасулык дер- 
матит те баяу жоғары сезімталдык серпілістеріне жаткызылған. 
Т-лимфоциттер мен макрофагтар катысуы БЖС серпілісі патогенезінің 
негізі екені аныкталғаннан кейін бүл серпіліс түрі 
Т-тәуелді аллергия
деп аталған.
Жоғарыда айтылғандай, 
жоғары сезімталдық серпілістері сен-
сибилизацияланған ағзаның аллергенмен қайта жанасуынан пайда
болады.
Бүл жағдай антигенді алғашкы рет енгізгенге карағанда 
екінші ретте әсерлі корғаныстык адаптивті иммундык жауап ка- 
лыптасатын иммунизацияға ұқсас. Бүл иммундык серпіліс пен жоғары 
сезімталдыктың арасындағы айырмашылығы: бірінші жағдайда им- 
мундық жауап нормоэргиялык болып табылады, яғни оның каркыны 
(антидене саны және/немесе сезімталданған лимфоциттер саны) ағзаға 
түскен антигендер санына сәйкес болады.
Гиперэргиялық жауап (жоғары сезімталдық) кезінде иммундық
жауаптың қарқындылығы соншалықты кушті, тіпті тіндердің әр
турлі дәрежедегі зақымдануын тудыратындай болады.
Бүл біркатар 
клиникалық белгілер мен симптомдардың пайда болуына әкеледі. 
Бірінші кезекте тіндерде жергілікті кабыну серпілістері, жүрек- 
кантамырлар, тыныс алу және жүйке жүйелерінде жүйелі аллергиялык 
көріністер байкалады.
Казіргі кездегі 
иммунологияның жетістіктеріне 
байланысты, 
корғаныстың иммундық жауаптардың және иммундык патологиялык


382
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
жағдайлардьщ, онын арасында аллергиялардың да, барлығынын 
негізінде адаптивті иммунологиялык серпілістердін гуморалдык және 
жасушалык механизмдері жататыны белгілі болды. Осыдан 1964 ж. 
Кумбс пен Джелл
(К. СоотЬз, Р. Оеіі) 
жогары сезімталдықтың даму
жолдарына қарай жіктеуін
ұсынған. Бұл жіктеу бойынша жоғары 
сезімталдыктьщ негізінде сезімталдыктың әр түрлі клиникалык 
көріністеріне алып келетін иммундык механизмдерінін ерекшеліктері 
жатады. Бұл жіктеу казіргі уакытта жалпы кабылданған.
Осы жіктеу бойыниіа жоғары сезімталдықтың механизмдерінің
4 түрін ажыратады.
I. Атопия және анафилаксия.
II. Цитотоксикалык (цитолитикалык) серпілістер.
III. Иммундык кешен аурулары.
IV. Жоғары сезімталдыктын жасушалык механизмдері (БЖС).
Бұл механизмдер аллергиялык та және аутоиммундык та аурулар
патогенезінің негізінде жатыр.
Аллергиялык серпілістер бұл антигенге гиперэргиялы адаптивті 
иммундык жауап болып табылады, бұл кезде антиген аллерген болып 
келеді. Гиперэргиялык иммундык жауаптың дамуына алып келетін 
аллергия дамуының басты себебі — белгілі бір антигенге адаптивті 
иммунды жауап реттелуінін бұзылысы. Белгілі бір антиген бір адамда 
адаптивті иммунды жауапты калыпты деңгейде (ағзаға түскен антиген 
мөлшеріне сәйкес) калыптастыратын болса, баска адамға сол антиген 
аллерген болуы мүмкін.
Жоғары сезімталдықтың аталған барлык механизмдері (біріншіден 
баска) аутоиммундық аурулар даму патогенезіне қатысады.
Аутоиммундық аурулар
иммундык төзімділік механизмдерінін 
бұзылысы нәтижесінде пайда болады, бұл кезде иммундық төзімділіктін 
орталык та, шеткі де механизмдері бұзылуы мүмкін. Аутоиммундык 
үдерістер 
ағзаның өзінің антигендеріне қарсы адаптивті иммундық
жауаптың (антидене тузілуі немесе жасушалық серпілістер) болуы-
мен
сипатталады. Аутоиммунды аурулардың көпшілігінің патогенезіне 
жоғары сезімталдык механизмдерінін II, III және IV түрлері және 
олардың үйлесулері катысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет