106
II Бөлім. Туа біткен иммунитет
Комплементтін нәруыздарын организмнін көптеген жасушала-
ры түзеді: гепатоциттер, моноциттер, макрофагтар, ішектің эпителиі,
бүйрек түтікшелері, эндотелий жасушалары, фибробласттар және т.б.
Әр түрлі жасушалар комплементтін бір немесе бірнеше компоненттерін
өндіруі мүмкін. Комплементтің 90% артык нәруыздары бауырда түзі-
леді. Бауыр сарысулык С4 компонентінін негізгі көзі болып табылады,
ал С1 компоненті басымырак түрде ашішектін эпителиінде түзіледі.
Комплемент компоненттерінін түзілуінде басты кызметті макрофаг-
тар аткарады, мысалы, макрофагтар және Купфер жасушалары Сің,
С4, С2, СЗ, С5 және С6 өндіреді. Осы жағдай макрофагтар мен ком-
племент жүйесі арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді.
Май тінінде пропердин жүйесінің О және В факторлары, сонымен
катар СЗ компоненті түзіледі. Иммунды жауап кезінде СЗ компонентінін
лимфоидты тіндермен жергілікті өндірілуі мүмкін. Кабынуалды
цитокиндері (ИЛ-1, 6 және ІҒКІ-ү) бауырда комплементтің көптеген
нәруыздарының түзілуін ынталандырады, сондыктан оларды жедел
кезен нәруыздарына жатқызады.
Комплемент нәруыздары тек қан сарысуында ғана емес, сонымен
катар биологиялык сөлдер мен тіндік сұйықтықтарда да кездеседі.
Комплементтің компонеттері анадан балаға плаңента арқылы өтпейді.
Үш айлык нәрестелерде комплемент жүйесі нәруыздарының деңгейі
ересек адамдардың деңгейіне сәйкес келеді.
Бүгінгі күнде комплемент жүйесі белсенуінін
3 жолы
белгілі:
• классикалык жол;
• альтернативтік жол;
• лектинді жол.
Достарыңызбен бөлісу: