210
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
түзілген иммунды кешендердің эндоцитозы,
кейіннен олар лизосомалар-
да деградацияға ұшырау нәтижесінде пептидті фрагменттер түзіледі.
Олар II класс МНС нәруыздарымен косылып иммуногендік кешен
түзеді және ол кешен В-лимфоиит бетіне тасымалданады.
Бірақ, қалыпты жағдайда В-лимфоциттердің бетінде В7 кости-
муляторының экспрессиясы жоқ, сондықтан бактериялы компоненттер
эсерінен В-лимфоциттердің бетінде В7 экспрессиясы болған кезде ғана
Т-хелпердің белсенуі болады.
Бұл негізінен бактериялы жұкпалар кезінде байкалады. Мұндай
жағдайларда В-лимфониттер Т-хелперлердін белсенуі үшін кажетті
екі белгіні камтамасыз ету нәтижесінде оларды іске косады. Белсенген
Т-хелперлер пролиферацияға ұшарайды және лимфокиндерді, соның
ішінде ИЛ-2 бөле бастайды. Ол В-лимфоциттін сәйкес рецепторлары-
на әсер ету аркылы В-жасушасына кажетті екінші — пролиферативті
дифференцияланушы белгімен (бірінші — арнайы белгіні В-лимфоцит
иммуноглобулинді антигентанушы рецепторларынын көмегімен ан-
тигенмен байланыскан кезде алады) камтамасыз етеді. Екі белгіні
алған В-лимфоциттер пролиферацияга ұшырайды, сосын плазмалык
жасушаға дифференцияланады,
ал олар арнайы ерекшеліктегі
антиденелерді өндіреді.
В-лимфоциттердін көмегімен антигендерді Т-хелперлерге осын-
дай жолмен таныстыру МФ мен ДЖ салыстырғанда біршама тиімсіз
екендігін атап өткен жөн, сондыктан бұл негізгі емес, тек қосымша ме-
ханизм.
Достарыңызбен бөлісу: