С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау АНТИГЕНДЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет96/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
13-Тарау
АНТИГЕНДЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ
ТАНЫСТЫРУ
Кәсіби антиген таныстырушы жасушалар. Эндогенді және экзогенді 
антигендердің өңделуі. II класс және I класс МНС нәруыздары бар 
иммуногенді кешендердің калыптасуы. ТАР нәруыздарының маңызы. МФ, 
ДЖ және В-лимфоциттермен антигендердің өнделуі мен таныстырылуы.
Антигендерді Т-лимфоциттер танитын турге дейін өңдейтін жэне
оларды таныстыратын (процессинг жте презентация) жасушаларды
антиген таныстырушы жасушалар (АТЖ) деп атайды.
Көптеген жасушалар АТЖ кызметін атқара алады. Олардын 
ерекшеліктері — II класс МНС молекулаларын экспрессиялау және 
костимулдаушы белгімен камтамасыз ету. Үш жасушалар түрі 
кэсіби
АТЖ жатады: ДЖ, МФ және В-лимфоциттер.
Бұл жасушалар бір- 
бірінен антигендерді жұту механизмі, II класс МНС молекулаларын 
конститутивті экспрессиялау және костимулдаушы белсенділігі бой- 
ынша ажыратылады.
• 
Д Ж
— ең тиімді АТЖ, себебі олар II класс МНС молекулаларын 
тұракты (конститутивті) эспрессиялайды және костимулдашы 
белсенділігі жоғары; «анкау» Т-хелперлерді белсендіру кабілеті 
бар.
• 
МФ
— II класс МНС молекулаларын және 
В7
сиякты кости- 
мулдаушы молекуланы экспрессиялау үшін корпускулярлы 
антигендердін фагоцитозы аркылы белсенуі керек.
• 
В-жасушалар —
II класс МНС молекулаларын үнемі экспрессия- 
лайды, бірак костимулдаушы молекуланы экспрессиялау үшін 
белсенуі кажет.
Баска түрдегі жасушалар кәсіби емес АТЖ катарына жатады, оларда 
II класс МНС молекуласы немесе костимулдаушы молекула түзілмейді. 
Олардын көпшілігі АТЖ кызметін ұзак кабыну үдерісі кезінде қыска 
уакыт аралығында аткарады.


13-Тарау. Антигендерді өңдеу және таныстыру
203
АТЖ қызметін келесі жасушалар атқаруы мүмкін: фибробласт-
тар (теріде), глиалды жасушалар (мида), үйқы безінің
|3-
жасушалары,
тимустың және қалқанша безінің эпителиалды жасушалары, тамыр
эндотелиінің жасушалары.
Ядросы бар барлык жасушалар I класс МНС молекулаларын экс- 
прессиялайтын болғандыктан, эндогенді антигендерді цитотоксикалык 
Т-лимфоциттерге таныстыратын ядросы бар кез келген жасуша 
нысана-жасуша кызметін аткаруы мүмкін. Көбіне вирус немесе баска 
да кейбір жасушаішілік микроорганизмдер закымдаған жасушалар 
нысана-жасуша кызметін аткарады. Бірак, катерлі ісік жасушалары 
сиякты өзгерген меншікті жасушалар, организмнің ескірген жасушала- 
ры, трансплантаттын барлык аллогенді жасушалары да нысана-жасуша 
болуы мүмкін.
I және II класс МНС нәруыздарымен кешен түріндегі таныстырыла- 
тын антигенді пептидтердін табиғаты әр түрлі болады. Әдетте, 
эндогенді
антигендер цитозолда өңделеді және АТЖ мембранасында I класс МНС
молекулаларымен таныстырылады, ал экзогенді антигендер эндоцитоз
жолымен процессингке үшыраиды жте II класс МНС молекулаларымен
жасуша мембранасында таныстырылады.
Осы екі жолдың негізгі принңиптері.
• I класс МНС молекулаларымен презентациясы үшін вирус 
нәруызыньщ немесе онкоген немесе меншікті мутантты генмен 
бакыланатын нәруыз түзілуін қажет етеді (тәжірибеде нысана- 
жасуша тірі вируспен закымдалуы керек екендігі дәлелденген).
• II класс МНС молекуласымен презентациясы тірі вирус немесе 
репликацияға кабілеті жок вирус жағдайларында байкалады (яғни 
бұл жағдайда жаңа нәруыздардыц түзілуі кажет емес).
•Экзогенді антигендер II класс МНС молекулаларымен, ал 
эндогенді антигендер I класс МНС молекулаларымен кешен түзуі 
жаксырак деп есептеледі.
• I класс МНС молекулары цитозолды деградация нәтижесінде 
алынатын 
эндогенді 
түзілген 
нәруыздардың 
пептидтермен 
әрекеттеседі; II класс МНС молекулары фаголизосомада деграда- 
ция кезінде түзілетін экзогенді антигендермен әрекеттеседі.
Белгілі бір жағдайларда АТЖ экзогенді антигендерді I класс МНС 
молекулаларымен кешен түрінде цитотоксикалык Т-лимфоциттерге 
таныстыруы мүмкін. 
Мундай айқаса таныстыру Д Ж да анықталган.
бұл жағдай дендритті жасушалармен вирустардың жұтылуына 
мүмкіндік береді және вирустармен және вируспен закымдалған жа-


204
III Бөлім, Адаптивті иммунитет
сушаларды жоятын цитотоксикалык Т-лимфоциттердін жетілуіне 
ықпал етеді.
Дендритті жасушаларда вирустардын жасушаға енуіне арналған ар- 
найы рецепторлар болмаса да, олар әр түрлі вирустарды жұтады және 
вирусты агенттердін өнделуі мен таныстырылуын жүзеге асырады.
Эндогенді нәруыздар жасушалардын 
цитозолды протеолитикалық
жуйелерінде
— 
протеосомаларында
деградацияға ұшырайды. Бүл 
үдеріс АТФ-тәуелді. Иммунды хабарлы жасушаларда арнайы про- 
теосомалар кездеседі, оларды 
иммунды протеосомалар
деп атайды. 
Олар ІҒЫ-ү және ТЫҒ-а әсерінен индукциялануы мүмкін және ви- 
руспен закымдалған жасушаларда пайда болады. Болжам бойынша
олар вирусты нәруыздардың өнделуіне катысады, нәтижесінде I класс 
МНС-нәруыздарымен бірігіп таныстырылады. Иммунды протеосо- 
малар қарапайым протеосомаларға караганда жылдамырак жұмыс 
жасайды, себебі олардын әсерінен нәруыздардын жогары денгейде 
деградацияға ұшырауы кезіндегі вируспен закымдалган жасушаларды 
«таңбалағаннан» баска косымша кызмет аткаруы мүмкін. 
Жасуиіаларда
иммунды протеосомалар жоғары деңгейде болуы салдарынан меншікті
нэруыздардың шамадан тыс процессингке үшырауы нэтижесінде ауто-
иммунды удерістер дамуы мумкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет