С. В. Кожанова Жалпы иммунология


АНТИГЕНДЕРДІҢ МАКРОФАГТАРМЕН



Pdf көрінісі
бет98/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
АНТИГЕНДЕРДІҢ МАКРОФАГТАРМЕН 
ӨҢДЕЛУІ ЖӘНЕ ТАНЫСТЫРЫЛУЫ
Макрофагтар экзаантигендерді, ең алдымен бактерияларды фаго-
цитозға
ұшыратады. Оларды лизосомалды ферменттердін көмегімен 
ұзындығы 9—25 амин кышкылынан тұратын пептидті фрагмент- 
терге дейін ыдыратады. Бұл кұрамындағы ферменттер көмегімен 
макрофагтардың ыдырата алмаған бөлігі. Осы ыдырамаған фрагмент- 
тер 
организм үшін шынайы бөтен антигенді детерминанта (эпитоп)
бо- 
лып табылады.
Келесі кезенде фагосома II класс МНС молекулалары бар вакуол- 
дармен косылады. Бұл молекулалар а және (3-полипептидтті тізбектері- 
нен тұрады. Олардын ортасында инвариантты ү-тізбек орналаскан. 
Вакуолдар фаголизосомамен косылған жағдайда, кышкыл протеа- 
за әсерінен ү-тізбегі ьщырайды, ал оның орнына эпитоп орналасады. 
Нәтижесінде 
II класс МНС молекуласымен қосылған эпитоптың иммуно-
генді кешені
түзіледі, оны суперантиген деп те атайды. Бұл кешен секре- 
торлы грануланьщ кұрамында макрофаг бетіне карай жылжиды. Ол өте 
тұракты және макрофаг бетінде бірнеше апта сакталады. Бұл жағдай ма- 
крофаг бетіндегі иммуногенді кешенмен сәйкес келетін Т-хелперлердін 
клоны арнайы танығанша көптеген Т-лимфоциттердің жанасуына 
мүмкіншілік береді. Осылайша клонның сұрыпталуы өтеді және оның 
антигентәуелді пісіп-жетілуі (дифференцировкасы) басталады.
АТЖ бетіндегі иммуногенді кешенді тану кезінде Т-жасушалык ре- 
цептор (ТЖР) көмегімен Т-хелпер кабылдаған белгіні 
арнайы
деп атай- 
ды. Бұл белгіні кабылдау Т-хелперлердің белсенуі үшін өте кажетті
бірак жеткіліксіз. Сондыктан тағы бір белгі — 
костимулдаушы белгі
ке- 
рек. Егер жасуша екінші белгіні алмаса, онда ол апоптозға ұшырайды. 
Т-хелперлер екінші белгіні, өздерінің бетіндегі СЭ28 (СО40Б немесе 
СТЬА-4) молекуласы мен АТЖ бетінде экспрессияланатын костиму- 
лятор молекулалары (оған нәруызды молекулалар жатады) бір-бірімен 
жанасу кезінде алады. Мұндай молекула кызметін 
макрофагтар мен


13-Тарау. Антигендерді өңдеу және таныстыру
207
дендритті жасушалар ушін В7 молекуласы
атқарса, 
В-лимфоциттер
үшін В40
молекуласы аткарады.
Макрофагтарда В7 молекуласы индуцибелді. Мысалы, оны бакте- 
риялы кабырғанын полисахаридтері мен липополисахаридтері тудыруы 
мүмкін. Бұл косылыстар В7 мен В40 молекулаларынын В-лимфоциттер 
бетінде де экспрессиясын болдыруы мүмкін. Бүгінгі күні В7 экспрес- 
сиясын болдыратын басқа факторлар белгісіз.
Микробты компоненттері әсерінен В7 костимуляторынын индук- 
циясы иммундык жүйеге бактериялы антигенді организмнін меншікті 
антигендерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Кейбір нәруыздарға 
иммундык жауапты тек өлтірілген микроорганизмдер немесе бакте- 
риялы кабырғанын компоненттері косылған адъюванттарды колданған 
кезде ғана 
алуға 
болатындығы 
эксперименталды 
зерттеулерде 
көрсетілген. Мұны келесідей түсіндіруге болады: егер бактериялы 
компоненті жоқ нәруызды антиген макрофагтармен ұсталып және 
таныстырылса, онда Т-лимфоцит антигенді арнайы түрде таниды, 
бірак ол инертті жағдайда (анергия) калып кояды немесе костимул- 
даушы белгі болмағандыктан апоптозға ұшырайды. Иммунизациялау- 
шы коспаға бактериялы кабырғаның компоненттерін (макрофагтар- 
да В7 экспрессиясын тудыратын) қосса, Т-хелперлердің толығымен 
жұмыска косылуы камтамасыз етіледі. Нәтижесінде адъюванттардын 
көмегінсіз антиденелердің түзілуін тудыра алмаған нәруыздарға карсы 
антиденелердің өндірілуі басталады.
Қорыта келе, макрофагтар СӘ4+ Т-лимфоциттермен әрекеттесе 
алатын кәсіби антиген таныстырушы жасушаға жатады. Антигендерді 
таныстыру бірнеше кезеңнен тұрады:
•жасуша ішіне түскен антиген өңделуге ұшырайды, бұл үдеріс 
кезінде нәруызды молекулалар шектелген протеолиз аркьшы 
пептидті фрагменттерге ьщырайды, олардың бір бөлігі антигенді 
эпитоп болып табылады;
•түзілген пептидті фрагменттер (эпитоптар) АТЖ цитоплазма- 
сының вакуолдерінде 
II класс НЬА антигендерімен иммуногенді
кешен тузеді;
•түзілген иммуногенді кешендер АТЖ мембранасына тасымал- 
данады, бұл жерде олар Т-хелперлерге таныстырьшады. Т-лим- 
фоциттің белсенуі үшін АТЖ бетінде 200-ден 1000-ға дейін 
иммуногенді кешендер болуы керек.
Экзогенді антигенді, мысалы, бактериялык антигенді МФ та- 
ныстыру үдерісі кезінде дамитын оқиғалардьщ реті осындай.


208
III Бөлім. Адаптивті иммунитет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет