Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6


Сабақ соңы 10 мин Жаңа сабақты бекіту



бет22/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж


Сабақ соңы

10 мин



Жаңа сабақты бекіту: (10 минут)

  1. Сұрақ-жауап арқылы: 

1-топқа:

1) «Күлтегін» жаба ескерткішінің ерекшелігі қандай?

2) Жазуды алғаш кімдер оқып, тәржімалады?

 

2-топқа:

1) «Тоныкөк» тас жазуында не жазылды?

2) 683 жылы түркі елінде қандай оқиға болды?

 

3-топқа:

1) Білге қаған ескерткішінің ерекшелігі неде?

2) Ескерткішті кімдер зерттеген?

 

4-топқа:

1) «Орхон-Енисей», «Руна» жазулары деп неге аталды?

2) 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласында қандай маңызды оқиға болды?




  1. Оқулықтағы тапсырманы орындайық. 

 

Тарихи шежірелер деген сөзді түсіндіріп бер.Ауызша деректердің бір түрі- тарихи аңыздар мен шежіре екенін сіздер білесіздер. Тарихи шежіреде рулар мен тайпалардың, елдердің шығу тегі туралы мәліметтер айтылады. 



1-топқа тапсырма: 

- 5-сыныпта сіздер «Асыл мұра» бағдарламасының «Шежіре» бағыты бойынша ізденіп, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырасыздар. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ баласына отбасында ата-анасы тегін санасына сіңіреді. Жеті ата жайлы сіздер не білесіздер?



2-топқа:

- «Туған жер-алтын бесік». Туған қаламыз Аршалы жайлы не білесіздер?



3-топқа:

- Ерлік пен елдіктің дастанына айналған еліміздің тәуелсіздік шежіресі жайлы не білесіздер?



4-топқа:

- 2012 жылдың 1-желтоқсаны- Қазақстан Республикасының Бірінші Президент күніне арналған «Президенттілік-мемлекет болғанның белгісі» атты Президент сағатын өткізу жоспары бойынша сіздердің сыныптарыңыз «От жалын кезеңі» тақырыбында Елбасының қызметі, атағы, марапаты жайында интербелсенді сабаққа дайындық үстіндесіздер. Ұлт Көшбасшысы жайында не айтасыздар?



Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?


Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға сөздік пайдалану арқылы қолдау көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?


Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.



Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?







Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 6

Сабақ 12



Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:


Көне түркілердің діни наным-сенімдері

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

көне түріктердің жазба мәдениеті , әдеби тілдің және жазба

әдебиеттің дамуы , түріктердің наным – сенімдері мен діні туралы түсінік беру.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.



Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Балалық шақтан қызықты оқиға»

Мақсаты: эмпатияны дамыту.


1-топ:


Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер


Жаңа білім

10 минут




«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Ежелгі түркілердің көне діні. Түркілер тәңірлік дінге сенді. Орхон-Енисей сияқты көне түркі жазба деректерінен ежелгі түркі тайпаларының бір құдайға сенгенін білеміз. Құдайларын «ТӘҢІР» немесе «КӨК ТӘҢІР» деп атаған. Бұған Орхон тас жазбаларындағы тәңір, түркі тәңірісі есімдері дәлел бола алады. «Жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, арасында адам баласы жаратылғанда», - деп бастатын Орхон тас жазба ескерткіштеріне қарағанда, ежелгі түркілер тәңірлеріне көкте, әуелгісі мен соңы шексіз, теңі мен ұқсасы жоқ, өмір беруші, жаратушы, өлтіруші, жәрдемдесуші, қамқоршы, жол көрсетуші, т.б. сипаттар бергені корінеді. Сондай-ақ, түркі қағандарын таққа отырғызған, оны жорықтарында қолдаған, ал қаһарланса тақтан тайдырған Көк тәңірі деп білген.
Тәңірлік діннің негізі М. Қашқаридің еңбектерінде, «Күлтегін» жазуында және басқа да жазба деректерде жазылған. Тәңірі, Көк тәңірі түркілердің түсінігінде: жарылқаушы, өз сыры өзінде, адам түсінігінен тыс, ақылға сыймайтын құдірет иесі, тылсым нәрсе. Ол барша жаратылыстың тағдырын айқындаушы. «Тағдырды тәңір береді» деп түсінген түркілер жердің де көктің де иесі «Кок тәңірі» деп білген. Құрбандықтарын «Көк тәніріне» атап шалып, ел басына күн туған алмағайып заманда Көк тәңірге: «Қуат бере гөр!» деп сиынған. 
Ежелгі түркілерде о дүниелік сенім болған. Олар тәңірдің белгілеген күні адам тәнінен құс кейпінде ұшап шығатынына, о дүниеде мәңгі омір кешетініне сенген. Соңдақтан мәйттің жанына о дүниеде пайдаланады деген сеніммен тіршілігінде қолданған киім-кешегін, құрал-жабдықтарын, атын бірге көмген.
Ежелгі түркілер тәңірден, аруақтардан, жер-су, киесінен жәрдем сұрап жалбыранған, оларға бағыштап төрт түліктен құрбандық шалған немесе аталған малдарды күзептірідей қоя беретін болған. Түркі дінінде тәңірге, аруақтарға, жер-су, киелеріне құрбандық екі түрмен берілген: бірі мал шалу арқылы тірі құрбандық болса, бірі заттай құрбандық болған еді. Яғни, түркілер зират басына немесе жер-су киесі үшін талдарға бір жапырақ шүберек немесе орамал байлайтын болған.
Түркілер от пен суды кие тұтқан. От оттан, отын судан бастай алады. Сондықтан су береке, тоқшылық, тазалықтың нышаны, ал от тазалықтың белгісі. Осы наным бойынша ежелгі түркілер, бүкіл мал-жанын екі оттың ортасынан аластаған.
Тәңірлік дінінің арнайы ғұрыптары болды. Алайда түркілер ол үшін арнайы ғибадатханалар салмаған. «Көк аспанның асты ғибадат сарайы» деген түсінікте болған.
Б.з. 6 ғасырдың баснда, Түркі қағанаты құрылған тұста, түркілерде текті, атақты адамды жерлеу, олпрдың рухын қадірлеу, басына мазар тұрғызу сиақты дәстүр түпкілікті орнықты. Ол дәстүр сонау сақ,

Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Жаңа тақырыпты Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді.

Әр топқа тапсырмалары беріледі.

І топ: (3 топтың тапсырмасынан)

1. Жалпы түрік тілінде - 200 – ден астам жәдігерлер бар.

2. Түріктердің жазба әдебиеті ҮІІІ ғасырда дүниеге келді.

3. Тарихи дастандарға - «Күлтегін» және «Тоныкөк» ескерткіштері жатады.

4. ҮІІІ – ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны.

5 . «Оғызнама» - ескі нұсқасын жазып қалдырған - Рашид ад – Дин. Толық жаған ХҮІІ ғасырда

Әбілғазы.
ІІ топ: (ІҮ топ тапсырмасы)

1. Түріктер отқа , табиғатқа , аспан әлеміне , Ұмай анаға табынған.

2. «Ұмай анаға» табынуының себебі - от басына шапағатын тигізеді деп ойлаған.

3. Қазақтарда бөріге табынудың белгісі - қасқыр атын атамауы.

4. Мұсылман діні ҮІІІ ғасырдан бастап кең түрде етек жая бастады.

5. Исламды мемлекеттік дін есебінде қабылдағын - Сатұқ Боғра хан.


ІІІ топ: (І топ тапсырмалары.)

1. Көне түрік әліпбиі - 35 әріптен тұрған.

2. «Руна» сөзі - ескі , көне деген мағынаны береді.

3. Көне түрік жазуы біздің жыл санауымыздан бұрынғы І мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан.

4. Ертедегі орта ғасырларда көне руна жазуларын қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған.

5. Түрік жазуы Ү ғасырда пайда болды деген пікірді жоққа шығарады : --------------------


ІҮ топ: (ІІ топ тапсырмалары )

1. Соңғы 30-40 жылдары көне түрік жазулары - Талас , Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылды.

2. Көне түрік жазулары ҮІІІ-ІХ ғ. бүкіл игілігіне айнала бастады.

3. Түрік жазуының қысқаруына себеп : ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының тез



таралуы.

4. Соғды жазуы әсіресе : қаған сарайында маңызды рол атқарды.

5. Соғды жазуын қолданды : кеңесшілер , елші, есепші, мемлекеттің белді иелері


Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.

Сергіту сәті

2 минут


«Қара жорға» биі

видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту



10 минут

«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»

әдісі арқылы оқу әрекетін ұйымдастыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет