Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
SWOT - талдау
*Топқа бөлгендегі психологиялық жағдайдың оқушылардың көңіл күйіне жағымды әсері.
*Топпен жұмыс істеу барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынастың орнауы.
*Оқушылардың өз пікірлерін ашық айтуға дағдылануы.
*Өткен тақырыпты қазіргі өмірмен байланыстыруға деген оқушылардың талпынысы
* Жекелеген оқушылардың сабақта белсенділік танытпауы.
* Уақытты тиімді пайдаланбауы.
* Ортақ пікірге келе алмауы.
Мүмкіндіктері
Қатерлері
*Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсілдерді түрлендіру қажеттілігі
* Өз бетінше білімді меңгеруді ұйымдастыру
*Дарынды және талантты балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру
* Бағалау барысында нақты баға бере алмауы.
* Әр оқушының пікіріне деген топтың ортақ көзқарасының жеткіліксіздігі.
Бағалау парақшасы
Рефлексиялық шеңбер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Пән: Әдебиет Мектеп:Бөлім:Мұғалімнің аты-жөні:
Күні: Қатысқандар:
Сынып: 8 Қатыспағандар:
Сабақ
тақырыбы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме
8.5.2.11.Оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай білуі;
8.8.3.12.Өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын ажырата білуі;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Өлеңді өз бетінше оқып, білім алады.
Көптеген оқушылар: Өлеңнің тақырыбы мен идеясын талдап, өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алады.
Кейбір оқушылар: Өлеңді оқу барысында күрделі мәселелерді шешу жолдарын өз бетінше қарастыра алады. Алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйренеді.
Жетістік
критерийлері
1.Оқыған туындының тектік, жанрлық сипатын, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтай алады.
2.Өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын ажырата біледі.
3.Бағдарламаға сәйкес 9-10 өлең мен (бұған поэмалардан үзінділер де кіреді), 5-6 прозалық туындыдан үзінділерді жаттай алады.
Тілдік
мақсаттар
Параллелизм, қаратпа сөз.
Құндылықтарды дарыту
Мәңгілік ел-өнер құшағында. Ұлттық мұра ретінде танылған үздік шығармаларды дәріптеу.
Пәнаралық байланыстар
Биология, қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары
Компьютер
Бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
1)Оқушылармен сәлемдесу.
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңберін құрып, оқушылар қол ұстасып бір-біріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Топтастыру стратегиясы.
Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан
Бәйге! Бәйге! Бәйге!
Бұл тапсырмада оқушылар Мұқағали туралы мәліметтерден берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
1 «Ана» тобына:
1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан
4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
6. Ақынның атасының аты? Мақатай
2 «Табиғат» тобына:
1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты?
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?
3. «Аққу» тобына:
1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
3. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»
4. Ақынның жарының аты - Лашын
5. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
6. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау»,
Кеспе қағаздар
Сабақтың ортасы
Сабақ қазақтың ақиық ақыны, үлкен ақыны, поэзия әлемінің асқар шыңы, сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, жанына жақын сырлас дос таппай дүниеден өткен Мұқағали Мақатаевқа арналады.
Қазақ поэзиясының «Хан тәңірі» атанған Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-шы ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген.
Әкесі – Сүлеймен, Анасы – Нағиман, Әжесінің аты – Тиін. Ол алғаш рет астанада шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы оқудан шығуға мәжбүр етеді.
Мұқағали Мақатаев – халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны.
1976 жылы 45 жасында ақын аға қайтыс болады.
Туған жерің?
Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың?
Туған жылың?
1931.Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін
Және дағы тәуірмін
Мекен-жайым – жер менің
Жерде жүрген ақын деген пендемін
Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
І. Тірек сызба бойынша әңгімелеу:
1-топ – Ақын өмірі;
2-топ – Ақынның білімі;
3-топ – Ақын шығармалары.
ІІ. Мұғалім алдымен жаңа сөздермен таныстырады. Сөздерге қарап өлеңнің не туралы екенін болжатады.
1)Бұл қандай ағаш? Оны қандай сөздермен сипаттауға болады?
2)Бұл ағаш қанша жыл өмір сүреді?
3)Қайыңның жаны бола ма?
4)Қайыңның жүрегі бар ма? Болса ол қайда орналасқан деп ойлайсыңдар?
5)Қайың жапырақтары неге ұқсайды?
6) Сенің қайың болғың келе ме?
Балалар, ақынның өзіне құлақ түрейік:
(Компьютерден ақынның «Өмір сүрейік алмасып...» өлеңі тыңдалады)
Оқушылардың өздеріне іштей мәнерлеп оқуға тапсырма беріледі.
1)Өлең кімге арналған?
2)Өлеңде қандай қаратпа сөз жиі қолданылады?
3)Ақын өлеңде қандай өтініш айтады?
4)Ақынға қайың не себепті ұнайды?
5) Ақын неге қайың болғысы келеді?
6) Ақын ме қайыңның арасында қандай ұқсастықтар болуы мүмкін?
7) Ақын қайыңға қандай сезімдерін жеткізеді?
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» атты шығармасында күйдің құдіреттілігі, қасиеттілігі сөз болады. Адам тілмен жеткізе алмағанды күй өз құдіретімен жеткізеді. Бұған тағы бір дәлел, «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы. Жошының өлімін Кетбұға күйші күйі арқылы етіртеді. Бұл күйдің қасиеттілігі, күйдің құдіреттілігі болса, бүгін біз құс төресі – аққудың қасиеттілігі мен киелілігі туралы өтеміз. Осы тақырыпта жазылған М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысамыз.
Алдымен шығарманың авторы туралы қысқаша мағлұмат алайық. /слайд/
Болжау стратегиясы арқылы қара сөзбен түсіндіріп өту
І бөлімде Жетімкөлдің сұлулығы суреттеледі. Таң ата бастағанда, таудың басы алаумен боялғанда қанатынан аққудың оянатын. Аққулар Жетімкөлін түгендеп келетін. Көкқұтандар тәрізді жалп беріп бірден келіп қонбайтұғын. Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша бұл көлге мылтық алған саятшы тұрмақ тірі жан аяқ баспайтұғын. Аққулар аман-есен қайтқанынша Жетімкөлдің суына шөлдейтұғын. Суымен сырқаттарын емдейтұғын. Тұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осындай дәстүр қалыптасқан-ды. Алайда, жылдар өтті, байғұстар шошыған ба? Жетімкөл жетімсіреп қала берді, аққулар оралмады осы маңға.
ІІ бөлім. Төсекте албырап ауырып жатқан бала, еденде қалжыраған әке, шарасыздан шаршаған, жаудыраған, түн күзетіп отырған ана.
Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,
Баласының ана отыр күйінбағып.
Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар
Миын қарып барады, миын қарып.
Бір уақыттарда байғұс ана төрт бүктеліп еденде жатқан жарына тіл қатып:
•Мана күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын жөнеп кетті.
«Аққуменен баланы аластаңдар», - демеді ме? Неткен жансың санасыз жаратылған, тұрсаңшы таң атуға таяу қалды. Манағы тәуіп шалдың айтқаны ұмытылып кетті ме санатыңнан, - деп жарын Жетімкөлге жұмсайды. Неге?
біреудің көзіне түсіп қалып, елді дүрліктірмей Таң атқанша Жетімкөлге таң жамылып барып қайт дейді. Қалай ойлайсыңдар ары қарай не болды?
Алайда әке қалай барам, аққу құсты қалай ғана атам? Айдынның аққулары ұйықтағанда тіпті өрген мал мен өскен шырша да абайлаған. Барлығы қасиеткеқарайлаған. Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам,-дейді. Перзентін аман алып қалудан басқаны ойламаған ана не істейді?
•Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?! –деп мылтықты алып, атты ерттеп жолға шығады.
Тамсандырған тамыздың таңы да атты. Аққулар көл бетінде ұйықап жатыр тербетіле. Ана отыр жағада, таңданып тәкаппар құс келбетіне. Аласұрып, тамырында қан ойнап, ана-жүрек тыпыршып қабынуда, не қыларын біле алмай жабығуда.
Аппақ құс, аппақ айдын, аппақ нұр.аппақ нұр аппақ нұрға қосылады. Осы кезде ұйқысы аққулардың ашылады, сұлулығына сұқтанып, әлі қашып, ана-жүрек солқ етіп, басылады.
Ал, аққулар...
Аққу-мойын, сүмбе-қанат,алаңсыз тарануда күнге қарап. Жаны сұлу ақ ерке, ары сұлу, тарақ етіп тарайды, қауырсынын, құм тұрса да бір түйір ауырсынып. Жаны сұлу ақ ерке, ары сұлу ақ қанатын сабалап, асыр салып бірде суға сүңгиді басын салып.
Бір мезгілде аққулар ақ айдынды қалдырды да, ана отырған келеді жағалауға. Ана өзі көрген сұлулықты қимай отыр, қимай отыр, ауру бала ананы қинап отыр. Ары қарай не болуы мүмкін? Топ аққуға көзі тұнып бейбақ ана, білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр,
Сан айналып, сұңқылдап ұшты –дағы,
Сапар жолға мезгілсіз түсті дағы,
Бетін түзеп, батықа бағыт алып,
Қарғыс атқан мекеннен қашты бәрі.
Қош айтысып көлменен ұшты бәрі.
Көл бетінде көлбеңдеп жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады.
Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,
Тағы бірі айдында жайрап жатыр.
Қан аралас қалқыған мамығымен,
Жетімкөлдің толқыны ойнап жатыр.
Қасиетке оқ атып, сұлулықты жойған пақыр не істерін білмей жағада сүлесоқ күйде отыр.
ІІІ бөлім – жетімкөлдің басында жылқы баққан жылқышы : «Апыр-ай, таңсәріде, көл басында мылтық атқан, құстардың зәре-құтын шырқыратқан бұл қандай қаныпезер болды екен»,- деп шыдамай, атына қамшы басып көлге келеді. Көлге келіп, бұл жердің берекесін қашырған әйелден жөн сұрайды. «Ей,кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма? Аққуды неге атасың арың бар ма? Қаруыңды таста да, жақын кел кудеңде жаның барда»,-дейді. Қолындағы мылтықты құлаштап тұрып Жетімкөлге лақтырып жіберіп,Сорлы әйел көзінен жас, көңілінен зар төгіп болған жайтты баяндайды. Қарт әйелдің сөзін тыңдап болады да: «Болмады ғой, болмады ғой,
Қасиет кетті көлден сорлады ғой, тәуіптің айтқанынын бәрі өтірік ауылға қайт олжаны қой. Ең болмаса аққуға кезенерде, ырым қылып саусағыңды қанаттың ба? Жасымнан естіген ем Аққуға мылтық атқан оңбайды деп»,-дейді. Әйел ондай ырым жасамаған еді.
Жетімкөл жетімсіреп қалып қойды,
Бір өлі, бір тірі аққу айдында,
Бар өмірден көңілі шайлығуда,
Байғұс ана еркінен айырылуда.
Дәл осындай күй кешіп келеді ана, абыр-сабыр, үй маңы дүрбелең-ді.
Неге?
Көз алдына Жетімкөл, жағадағы аққу елестеп, ана үйіне енсе, өліп жатқан ұлын көреді.
Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?...
«Мына жатқан Жетімкөл, мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес... мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гқр жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
жиылған жұртқа қарап алақтады.
Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,
Ортаймапты немесе тола алмапты.
Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,
Қасиетті аққулар ....? оралмапты.
VІ. Шығармашылық бағыт. Дәптермен жұмыс а Шығармашылық тапсырмалар:
1.«Аққу» тобына:
1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз жазыңдар.
7. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін суреттейтін деталдарды табыңдар.
8. «Табиғат» тобына:
1. Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы қалай суреттелген?
* Ойланайық!
Аққуды атуға бола ма?
2 топ дайындалғанша «Табиғат» тобы мәтіннен өздеріңе ұнайтын үзіндіні дәптерлеріңе жазып алып, оны не үшін таңдағандарың туралы әңгімелейсіңдер.
«Аққу» - жақтаушы топ:
Аққуды атуға болады.
\Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.
Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді.
«Ана» - даттаушы топ:
Аққуды атуға болмайды.
Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.
Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.
“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.
«Табиғат» тобына өзіндік жұмыс беріледі.
Мәтіннен үзінді Не себепті таңдадыңыз?
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?
Ошақ қасы, отбасы, көрмеппін ғой,
Дүние - ау, сен осындай керемет пе ең?
Ана отыр, озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.»
Осы үзінді өзіме қатты ұнады, өйткені шарасыз ананың жай - күйі жаныма қатты батты. Баласы үшін бар құрбандыққа баратын ананың жанкешті бейнесі. Сорлы анаға жаным ашиды.
Сахналық көрініс.
«Аққу» тобы көлде жүзіп жүрген және жаралы аққудың ролін сомдайды.
«Ана» тобы аққуды атқан ана, одан кейінгі ананың зарын сомдайды.
«Автор орындығы».
Егер мен автор болсам...
Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр.
1-топ
Хроникалық кесте
2-топ
Бес жолды өлең
1.Жазушы
2.Талантты,дарынды
3.Жазады,жырлайды,тебіренеді
4.Талантты ақынның шығармасын тебірене оқыдық.
5.Ақын
3-топ
2. Венн диаграммасы Т.Ахтанов М.Мақатаев
4-топ
Білдік
Білгіміз келеді
Т.Ахтанов
М.Мақатаев
Слайд
Суреттер
Сабақтың соңы
Ой толғаныс
Әйел бейнесіне талдау жасау. Әйелдің жалғыз ұлы ауырып төсекте хал үстінде жатыр. Тәуіп шал «Баланы аққудың қанатымен аластау керек» деп емін айттф. Ана байғұстың әбден есі шықты, не істерін білмеді. Ұлынан айырылып қаламын ба деген үрей оны «Жетімкөлдегі» аққуды атуға итермеледі. Аһ ұрған әйел көл басына келіп, енді ғана ұйқыларынан оянып, тарана бастаған аққуларды көріп, олардың сұлулықтарына сұқтанып атуға қимады. Бірақ, ауру ұл есіне түскен әйел мылтықтың шүріппесін қалай басып жібергенін байқамай қалды. Ана бұл «Жетімкөлдің» дәстүрін жақсы білетін, аққудың киелі құс екенін де естен шығарған емес.алайда ана көңілі балада болғандықтан сол мезетте ол бәрін бір сәтке ұмытты. Көл үстінде жайраған бірі – жаралы аққу, бірі – өлі аққу әйелді есінен адастырып жіберді. Ұлының өлігінің үстінен түскен әйел жынданып, есалаң күй кешті. Ақыры ана жынданып кетеді,оны аққудың киесі ұрды. Мұндай күйге ол әрине, ұлы үшін түсті. Ананың балаға деген махаббаты шексіз. Оны еш нәрсемен теңестіруге келмейді. Мұны бар адамзат мойындайды. Ананың аққуды атқанына қалай қарайсыңдар?
Жақтаушы топ ( 1 - топ)
Даттаушы топ ( 1І - топ)
3,3-топ: Ақынға хат жазу
4-топ Шығармадан баласының өлімінен кейінгі ананың жай-күйін тауып оқу.
Білімді бекіту (Топтастыру. Кластер құру) «Мұқағали кім?» деген сұраққа жауап беру арқылы, кластер жасау (слайдқа жазу). Мысалы: ғажайып ақын, қазақ халқының ұлы ақыны, «Ғасыр ақыны», ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері Шығармашылығы Өлеңдері Поэмалары Жыр жинақтары Қорытындылау (сұрақ-жауап, insert стратегиясы арқылы): түсіндім................ көрдім ................. естідім.................. жаздым................ сезіндім...............
а) бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, тиісті бағаларын қою. Қателесіп, не болмаса тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларды да ынталандыру. ә) үй тапсырмасы: 1. Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып, мазмұндау. 2. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін жаттау.
Кеспе қағазы
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
. Сұрақтар:
1.«Күй аңызының» идеясы
2.Ботасы өлген аруананы иіткен не?
3.Күйшілер кімдер?
4.Өздерің білетін күйшілер ді атаңдар
5.Күй атасы кім?
Осы сұрақтар арқылы өткен тақырыпты бекітемін де жаңа сабаққа көшемін.Картинкаға қарап әр топ өз пікірін жазады.
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Ортасы 20 минут
Топтық тапсырмалар: Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұстаз болуды армандаған жас жігіт Алматы қаласына келіп, Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталып, студент Тахауи майданға аттанады. Майдан шебінде жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялап жүреді. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.
Т.Ахтанов қаламынан әңгіме, хикаят, роман және драмалық шығармалар өмірге келді. Жазушы өз басынан өткізген, көзі көрген Ұлы Отан соғысындағы суретті "Қаһарлы күндер" атты романында жазды. "Дала сыры" хикаяты үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. Ал драматург жазушының "Сәуле", "Боран", "Ант", "Әке мен бала", "Махаббат мұңы" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" атты комедиялары ұзақ жылдәр сахнада қойылып, көрермендерге күлкі, қуаныш сыйлады.
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.
Сергіту сәті
2 минут
«Қыдырып қайтайық!»
би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі
Аяқталуы 20 минут
Қортынды сұрақ жауап
Түсінбеген сұрақтарына жуап беремін.
Қай жылы Мемлекеттік сыйлық берілді?
Қандай романдары бар?
Оқушылар кестемен жұмыс жасайды
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сабақ 24
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Шортанбай шығармаларындағы зар заман белгілері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу (8.Б/С3).
көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту (8.Т/Ж4);
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Сұрақ-жауап,
1. Әңгіменің идеясы қандай?
2. Шығарма неліктен «Күй аңызы» деп аталған?
3. Күй өнерінің құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?
1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.
Жаңа білім
10 минут
Тахауи Ахтанов(1923—1994) 25 қазандаАқтөбе облысыныңШалқарауданы,Шетырғызселосында туған. 1940 жылы Абайатындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармаларыөлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылыәскерқатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары -прозамендраматургия.
Шығармалары. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.
Хронологиялық кесте
1923 жылы
Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген
1941 жылы
Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады
1948-51 ж
Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған
1951-53 ж
“Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы
1953-54 ж
“Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы
1954-55 ж
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы
1955-57 ж
Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы
1957-58 ж
Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы
1966 ж
Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді
«Күй аңызы» жоспар бойынша әңгімелеп беру
Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.
1.Оқиғаның басталуы
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
2.Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
3.Оқиғаның шиеленісуі
Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
4.Оқиғаның шарықтау шегі
Жаңа күйдің пайда болуы.
5.Оқиғаның шешімі
Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма.
«Күй аңызы» әңгімесімен танысады (171-178 бб.)
Берілген кестедегі сөздер мен мағынасын сәйкестендіреді
Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жоны – арқасы, ту сырты.
- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар, аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
Шығармаға композициялық талдау жасату.
Басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.
Байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі
Шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы
Шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі