Сабақ : 3 Мектеп:№59жоббм


Сабақ басы 10мин Сабақ мақсатымен таныстыру



бет24/41
Дата19.09.2022
өлшемі0,92 Mb.
#149900
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
10 қазақ тілі қмж

Сабақ басы
10мин



Сабақ мақсатымен таныстыру.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
ІІ.Қызығушылықты ояту
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
1. Мұстафа Шоқай не білесіңдер?
2. Қандай шығармаларымен таныссыңдар?

Дидактикалық материал 1,



Сабақ ортасы
10 мин
10 мин
5 мин

Білу және түсіну
Ойтолғаныс

    1. Әлемнің әйгілі музейлері туралы қандай ақпарат біле- сіңдер?

    2. Лувр музейінің тарихы жайында не білесіңдер?

    3. Лувр топтамасында әлемнің қандай атақты суретшіле- рінің картиналары бар?

Лувр – қайталанбас өнер туындыларын тамашалу үшін халық ең көп жиналатын Францияның ұлттық мұражайы. Сонымен қатар Лувр Еуропадағы ең тұңғыш мұражай болып табылады. Мұражай Сенаның оң жақ жағалауында, Париждың орталығында орналасқан.
Құрылымы жағынан Лувр негізгі 5 бөлімнен тұрады:

  • Ежелгі Шығыс бөлімі

  • Ежелгі Египет бөлімі

  • Ежелгі Грекия мен Рим бөлімі

  • Кескіндеме мен сурет бөлімі

  • Мүсіндер бөлімі

Тілдік бағдар:
Сөз құрамы мен сөз байлығы
Қазақ тілі әлемдегі сөз байлығы жағынан ең бай тілдердің қата рына жатады. Соңғы жарық көрген 15 томдық «Қазақ әдеби тілі» сөздігінде 92 300 сөз бен 57 856 сөз тіркесі, жалпы 150 156 лекси­ калық бірлік қамтылған. Олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі­түрлі. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздердің жұмсалу аясы да әр алуан. Сөз мәдениетіне жетік болу үшін, қазақ тілінің сөз байлы­ ғын жақсы білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білу де керек. Сөз құрамындағы қосымшаларды дұрыс қолдану, жаргон, қарапайым сөздерді араластырмай тіл тазалығын, сөз сапасын сақтау да сөй­ леуші мәдениетін көрсетеді.
Сөз байлығыоралымды, дұрыс сөйлеуге қойылар талаптың бірі. Айтушының сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс. Әдетте сөйлеушінің сөз байлығын көрсететін тілдік оралымдарға мақал­мәтелдер, шешендік сөздер, фразеологизмдер, синонимдер, афоризмдер, метафоралар жатады. Мысалы: тез барып келді дегенді көзді ашып­жұмғанша барып келді немесе кең маңдайлы, аққұба қыз дегеннің орнына
«қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» (Абай) деген оралымдарды қолдану тыңдаушы үшін әсерлі.
Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағыналарын, мәндестік ерекше­ ліктерін, әдеби, әдеби еместік қасиетін, еркін және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу қажет.
Дәптермен жұмыс.
5.Ұлттық мұра, мирасқорлық, мәдени байлық туралы мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, синоним сөздер, метафоралар мен афо- ризмдер жазып, тілдік ерекшелігін түсіндіріңдер.
6.Үш топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет