Сабақ : Төлен Әбдіков



Дата04.07.2018
өлшемі20,49 Kb.
#47017
түріСабақ

Сабақ : Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі. Хикаятқа арқау болған ұрпақ тәрбиесі 2-сабағы.

Мектеп: Абай атындағы орта мектеп

Күні: 13. 04.2017

Мұғалімнің есімі: Сариева А.Л.

Сынып: 8 «ә»

Қатысқандар саны: 17

Қатыспағандар саны: 3

Сабақ негізделген оқу мақсаты: шығарманы оқып, топтық жұмыстар арқылы талдай отырып, ата-ана алдындағы перзенттік парыздың не екенін ұғынады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің сөздері мен портреттерін таба алады,көркем сөз айшықтарын ажыратады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар: шығармадағы көтеріліп отырған мәселені қазіргі заманмен байланыстыра отырып, өз ойын, көзқарасын білдіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: шығарма мазмұнын жоспар бойынша әңгімелей алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: ата-ана, бала, парыз, борыш

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Қолыңның қаруы бар ғой, шыбын шіркей боп жүреді

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Жастардың ата-ана алдындағы парызы не деп білесіңдер?

  2. Сапабек осы парызды қалай түсінеді?

  3. Қарттар өз өмірлерінің соңғы кезінде нені армандап еді?

  4. Сапабек қарт ата-анасының арман-тілектерін орындай алады деп ойлайсыңдар ма?

  5. Сапабектің орнында сен болсаң не істер едің?

Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба? Сапабек неліктен ата-анасының қолында емес, қалада тұрады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы тапсырма

Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін оқып, мәтінге жуық мазмұндау.

«Ата-ананың қадірі» не «Перзент парызы» тақырыптарының біріне шағын эссе жазу.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

І.Қызығушылықты ояту.

І. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларымен амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысын тексеру.

Психологиялық ахуал туғызу. Сыныпты топқа бөлу. Оқушыларды туған айларына байланысты жыл мезгілдерінің атауымен топқа бөліп, қай жыл мезгілін ұнататынын сұрап, ойын айтқызамын.

1-топ. Көктем

2-топ. Жаз

3-топ. Күз

4-топ. Қыс.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін оқып, мәтінге жуық мазмұндау. Әңгіменің сюжетін әр топ бөлініп баяндайды.

І топ. Ерғабыл шал мен оның кемпірінің баласын сағына күтуі.

ІІ топ. Қалада тұратын ұлы Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасы. Жетпіс бес жасқа келген Ерғабыл шалдың арманы.

Сағына күткен баласының әңгімесіне көңілі толмаған Ерғабыл шал.

ІІІ топ. Қарияның ендігі бір үміті – немересі Жеңісті алып қалып тәрбиелеу.

Баласы мен келінінің қартты бұл қуаныштан айыруы.

IV топ. Қалаға асығыс аттанған Сапабек.

Ұлымен қимай қоштасқан ата-ананың құлазыған көңілі.

«Ата-ананың қадірі» не «Перзент парызы» тақырыптарының біріне шағын эссе жазып келген оқушылар болса, оқытамын.


.
Топ атауы жазылған парақшалар



Топ ережесі

1.Бірін-бірі тыңдау

2.Уақытқа бағыну.

3.Тыныштық сақтау.

3.Бірлесіп жұмыс жасау

Т.Әбдіков

портреті, өмірі мен шығармашылығы тур.жазылған слайд


Ортасы.

Мағынаны тану.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Біз бүгінгі сабақта Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдауды әрі қарай жалғастырамыз. 2-сабақ



Жұптық жұмыс.

1-2-топқа. Семантикалық карта



Портрет беру шеберлігі

Кімнің портреті

Көз алдыңа қандай адам келеді?




























3-4-топқа. Семантикалық карта

Мәтіннен үзінділер

Кімнің сөзі?

Қандай көркем сөз айшығы бар?




























Топтық жұмыс.

І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады.

ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

ІІІ топ. Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге мінездеме




Кейіпкерлері

Ерғабыл қарт

Кемпірі

Сапабек (ұлы)

Тома (келіні)

Жеңіс (немересі)

Ауыл адамдары

Аспандияр (әнші жігіт)



ВЕНН диаграммасы.


Айырмашы-лық

Ұқсастық

Айырмашылық










IV топ Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі

Теңеу. Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.

Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.



Тұрақты тіркес

Міз бақпады – беті шімірікпеді,бедірейіп тырп етпеді

Ләм-лим демей – үндемей (жұмған аузын ашпау)

Басым сынып – ауырып

Шаш етектен – пайдасы мол

Қолыңның қаруы бар ғой – күшті,әлді

Мызғып – аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)

Көзі ілінді – ұйықтап кету

Шыбын шіркей боп жүреді - барынша күтеді

Дисфемизм: алжыған,оттаған,қаңғыбас,омалып.

Мақал-мәтел: қара арғымақ арыса,қарға адым жер мұң болар.

Сабақты бекіту.

1-топ. «Кейіпкерге хат жазу» әдісі бойынша әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабекке хат жолдаңдар.

2-топ. «Ыстық орындық» әдісі бойынша авторға сұрақ қойыңдар.

3-топ. «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша болашақты елестету.

4-топ. «Эмоциялар графигі» әдісі бойынша әңгімедегі әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөйлемдерді жинақтау. Қуану, таңдану, сүйсіну, мұңаю, жабырқау, т.б

Сабақты қорытындылау.

«Еркін микрофон» әдісі бойынша



  1. Жастардың ата-ана алдындағы парызы не деп білесіңдер?

  2. Сапабек осы парызды қалай түсінеді?

  3. Қарттар өз өмірлерінің соңғы кезінде нені армандап еді?

  4. Сапабек қарт ата-анасының арман-тілектерін орындай аады деп ойлайсыңдар ма?

  5. Сапабектің орнында сен болсаң не істер едің?

Сергіту. М.Мақатаевтың сөзінен жазылған «Қариялар азайып бара жатыр» әнін тыңдау.

Семантикалық карталар

Флипчарт,маркер



Аяқталуы

«Ойтолғаныс»

Ү. Үйге тапсырма. Сапабектің іс-әрекеті,ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па,әлде бұрыс па?деген пікірталасқа Жақтаушы топ жіне даттаушы топ болып дайындалып келу.

Шығармадан шағын көрініс қою.



ҮІ.Рефлексия пирамидасы

1.Сіз үйренген төрт нәрсе

2.Сіз білетін үш нәрсе

3.Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе



Стикер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет