Пирамида. Табаны деп аталатын көпбұрышпен және бүйір жақтары деп аталатын үшбұрыштармен шектелген көпжақты - пирамида деп атайды (67-сурет). Егер пирамиданың табаны п бұрышты фигура болса, онда оны п бұрышты пирамида дейді. 67-суреттегі пирамиданың табаны бесбұрыш АВСDЕ, сондықтан оны бесбұрышты пирамида дейді. Бүйір жақтарының ортақ нүктесі S пирамиданың төбесі болады. Пирамидаларды дұрыс және дұрыс емес деп екі топқа бөлуге болады. Дұрыс пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болады және оның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр табанындағы көпбұрыштың центріне түседі. Горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған дұрыс үшбұрышты пирамиданың сызбасы 68,а-суретте кескінделген. Алдымен пирамиданың горизонталь проекциясын тұрғызып аламыз. Пирамиданың табаны горизонталь проекциялар жазықтығында жатқандықтан, бұрмаланбай нақты шамасына проекцияланады. Абсцисса осін қалауымызша орналастырып, онымен қиылыспайтын және төмен орналасқан шеңбер жүргіземіз. Шеңбердің центрі S2 пирамида төбесінің горизонталь проекциясын береді. S2 нүктесі арқылы вертикаль түзу жүргізіп, оның шеңбермен қиылысу нүктесін пирамида төбелерінің бірінің горизонталь проекциясы ретінде қабылдаймыз. Ол нүктені А2 деп белгілейік. Бір төбесі А2 нүктесі болатын шеңберге іштей дұрыс үшбұрыш сызамыз. Бұл үшбұрыштың бір қабырғасы ВС фронталь проекциялар жазықтығына параллель. Табылған A2, В2 және С2 нүктелерін өзара және S2 нүктесімен қоссақ, пирамиданың горизонталь проекциясы шығады. А2, В2 және С2 нүктелері арқылы вертикаль байланыс сызықтарын х осіне дейін жүргізіп, A1, В1, және С1 нүктелерін аламыз. Пирамиданың биіктігіне тең A1S1 кесіндісін салып, нүктесін табамыз. Табылған A1, В1, С1 және S1 нүктелерін кесінділермен қосудың нәтижесінде пирамиданың фронталь проекциясын шығарып аламыз. Профиль проекцияны тұрғызу үшін қалауымызша z осін жүргізіп (оны вертикаль орналастыру қажет), S, А, В және С нүктелерінің профиль проекцияларын — S3, А3, В3 және С3 нүктелерін саламыз. Пирамиданың бүйір жағы — SВС үшбұрышы профиль проекциялаушы фигура болғандықтан, оның профиль проекциясы кесіндіге кескінделген, ал қыры SА профиль орналасқан кесінді болғандықтан, п3 жазықтығына нақты шамасында проекцияланған. 68, ә-суретте үшбұрышты дұрыс пирамиданың тікбұрышты изометриясы көрсетілген. Дұрыс үшбұрышты п
Достарыңызбен бөлісу: |