Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Сызу аспаптары мен жабдықтары. Сабақтың мақсаты



бет21/52
Дата20.06.2018
өлшемі8,7 Mb.
#43693
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
ирамиданың моделін картоннан немесе қатты кағаздан жасауға болады. Ол үшін пирамида бетінің жаймасын (68, б-сурет) салу керек. Көпжақты беттің жаймасы жазықтыққа бір-біріне түйістіре салған жақтардың нақты шамаларынан тұрады. Біздер қарастырып отырған мысалда, алдымен пирамиданың табанын салып алған дұрыс. А2В2С2 үшбұрышына тең А0В0С0 үшбұрышын саламыз. Осы үшбұрыштың қабырғаларына бірдей теңбүйірлі А0S0B0, В0S0С0 және С0S0A0 үшбұрыштарын тұрғызамыз. Модель жасау үшін жайманы қиып алып, қос нүктелі үзілме сызықтар бойынша бүгіп, S0 нүктелерін бір нүктеге біріктіру керек. Содан кейін пирамиданың бүйір қырларын желімдеу керек. 69, а-суретте дұрыс бесбұрышты пирамиданың проекциялары көрсетілген. Мұнда да алдымен горизонталь проекция салынады. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш тұрғызылады. Пирамиданың горизонталь проекциясы бойынша фронталь проекциясы, ал фронталь және горизонталь проекциялары бойынша оның профиль проекциясы салынады. 69, ә-суретте SАВСDЕ бесбұрышты пирамиданың қиғашбұрышты фронталь диметриясы сызылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет