Сабақ №1 Тақырыбы: Адам ағзасының даму ерекшелігі. Антропометрлік көрсеткіштер.Өсу мен даму заңдылықтары


Организмді шынықтыруда нерв системасының атқаратын рөлі



бет36/46
Дата14.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#126337
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
Fiziologia

Организмді шынықтыруда нерв системасының атқаратын рөлі

Шынықтыру механизмінде орталық нерв системасы бәрінен де үлкен роль атқарады; ол организмде болып жататын барлық процестерді басқарады.

Күн және ауа ваннасынан немесе су процедураларынан алынатын сыртқы тітіркеніштер күрделі рефлекстер жолымен орталық нерв системасына, ал ол арқылы организмнің алуан түрлі функцияларына әсер етеді. Егер қайсы бір фактордың теріге тигізетін әсері көбірек қайталанатын болса, онда рефлекторлық реакциялар жаттығулардың әсерінен біртіндеп барған сайын жылдам және дәл жүретін болады. Терінің жылуды реттеуші аппараты бұл жағдайда оңай жетіледі де, осының арқасында организмнің әр түрлі қолайсыз метеорологиялық әсерлерге қарсы төзімділігі арта түседі.

Шынықтырудың негізгі принциптері. Балаларды шынықтыру төмендегі принциптерді сақтаған кезде ғана дұрыс нәтиже бере алады. Олар: бірте – біртелілік, жүйелілік және балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу.


Біртіндеп шынықтыру принципін сақтау балалар үшін ерекше маңызды, өйткені балалар организімінің қарсылық білдіру қабілеті жоғары емес, сондықтан алдын ала біртіндеп жүргізілген әзірліксіз күшті тітіркендіргіштерді қолдану теріс нәтижелер беруі мүмкін.

Егер балаларды шынықтыру қатаң түрде белгілі бір мөлшермен жүргізілсе, тітіркену біртіндеп күшейтіліп отырса, мәселен, көктемгі уақытта киімді біртіндеп жеңілдету, су процедураларында температураны біртіндеп төмендету, күн сәулесі ваннасының ұзақтығын біртіндеп арттырып отыру және т.б. балаларды шынықтыру тамаша нәтиже береді.

Тітіркендіргіш организмге айтарлықтай ұзақ уақыт бойы үздіксіз әсер етіп отырған жағдайда ғана, сол тітіркендіргішке деген әдеттену қалыптасады. Ал егер шынықтырушы процедуралар кездейсоқ, оқта-текте ғана өткізілетін болса, онда баланың организімі суық ауаның, судың күн сәулесінің әсеріне үйреніп үлгермейді, қол жеткен нәтижелерді баянды ете алмайды. Сондықтан шынықтыруды жүргізген кезде жүйелілікті сақтау керек. Жүйелі түрде шыныққанда организмнің жауап қайыру реакциясы жылдамдап жетіле береді.

Сондай-ақ шынықтыру кезінде жеке ерекшеліктерді ескеру принципінің үлкен маңызы бар.

Шынығу үшін ауаның маңызы. Балалардың тыныс алуының едәуір типін ескергенде, балалар мен жас өспірімдердің үнемі таза ауада болуының ерекше зор маңызы бар. Жазда балалар мен жас өспірімдердің лагерьлеріндегі, сауықтыру алаңдарындағы бүкіл өмірі мүмкіндігінше бөлмеден тыс жерде өткізуге тиіс. Балалардың ұзақ уақыт бойы таза ауада болы көктем мен қыс кезінде де тоқтамауы керек.

Балалар конки теуіп, шанамен сырғанап, шаңғымен жүруі, таза ауада жұмыс істеп ойнауы, жолдардың қарын, оны шанамен тасуы және т.б. қажет. Ауа ваннасын балалар мен жас өспірімдер ауамен шынықтырудың негізгі әдісі деп санаған жөн. Ауа ваннасын қимылмен ұштастыра жүргізген кезде ауа жақсы нәтиже береді. Қимыл дененің жетілуіне және жалпы дамуына көмектесіп, баланың жеке басын қалыптастырудың бір құралы болып табылады.

Ауа ванналарын өткізудің ең жақсысы, көктемгі жылы күндерде немесе жазғы күндері, таза ауада, көлеңкеде бастаған дұрыс. Жауын күндері оларды бастырма астында, терраса өткізуге болады. Балалардың ауа ваннасын алатын алғашқы күндердегі киімдері: майкалар, трусиктер, башмактар. Балалармен жас өспірімдер салқын ауаға үйренгеннен кейін, тек трусикпен ғана қалдырылады. Алғашқы ауа ваннасының ұзақтығы 5-10 минут болуға тиіс, содан кейін оның уақыты біртіндеп ұзартыла береді де, бір жарым сағатқа дейін, ал шымыр балалар үшін оның ұзақтығы күн сайын үш сағатқа дейін жеткізіледі.

Шынықтыру үшін судың маңызы. Организмді сауықтыру және шынықтыру үшін су ежелден бері қолданылып келеді. Оның үстіне егер шынықтыру жайлы әңгіме бола қалса, көптеген адамдар оны өзен және теңіз суларына түсу, душ және т.б. су процедураларын қабылдау деп түсінеді.

Ауамен салыстырғанда судың жылу өткізгіштігі жоғары, сондықтан су бірдей температурада денеден көп жылу тартып алады. Шынықтырудың жақсы әсер алу үшін, жоғарыда айтқандай, тітіркенуді біртіндеп күшейту қажет, басқаша айтқанда, судың температурасын төмендету керек. Осы жөнінен алғанда судың ауа ваннасына қарағанда белгілі артықшылығы бар, өйткені су процедураларын үлкен дәлдікпен дозалауға болады.

Сумен шынықтыру кезінде баланың жас шамасын, оның денсаулығын, тұрмыс жағдайын және организімінің жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ шынықтырушы процедураларға бұдан бұрын қаншалықты жаттыққандығын ескеру керек. Шынықтыру үшін мынадай су процедуралары едәуір жиі пайдаланылады: денені сулы шүберекпен ысқылау, жуыну, су құйыну, душқа, ваннға түсу, ашық су қоймаларында шомылу, жүзу бассейіндерінде шомылу, ішін ара су процедуралары.

Шынықтырудағы күннің маңызы. Күн радиациясының шынықтырушы әсерінен терінің қыртыс қабаты айтарлықтай қалыңдайды, бұл оның тосқауылдық қасиетін күшейтіп, организмнің суық тиюден болатын аурулар мен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады.

Күн сәулесі ваннасын қабылдай отырып, бала бір мезгілде күн радиациясының тікелей, шашырай және шағылыса түскен әсеріне тап болады.

Күн сәулесі ваннасын қабылдауды ең жақсысы таңертең. Сондай-ақ күн сәулесі ваннасының ұзақтығы екі минут, оның бір минуты шалқадан жатуға, бір минуты етпеттеп жатуға кетеді. Күн сәулесін қабылдаудың уақыты күн сайын ұзартылып отырады да, жасы кіші балалар үшін 30 минутқа дейін, ал ересек балалар үшін 1 сағатқа дейін жеткізіледі. Күн сәулесінің балаларға қалай әсер ететінін үздіксіз бақылап отыру қажет, сөйтіп қажет болған жағдайда балалардың күн көзінде болатын уақытын қысқарту, ал кей жағдайда күн сәулесі ваннасын уақытша ауа ваннасымен ауыстыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет