Бақылау сұрақтары
Мектеп жасындағы балаларды шынықтырудақандай міндеттер қойылады?
Балаларды шынықтырудың гигиеналық міндеттері қандай?
Шынықтырудағы күннің,ауаның, судың маңызы.
Практикалық сабақ № 11
Тақырыбы: Балалардағы жұқпалы аурулар
Жұмыстың мақсаты: Балалардағы жұқпалы аурулардың түрлері мен берілу жолдарын анықтау.
Жұқпалы аурулар организмге ауру тұғызатын микроорганизмдердің енуі нәтижесінде пайда болады. Олар ауру адамнан сау адамға беріледі. Және белгілер жағдайда адамдардың немесе жануарлардың үлкен тобына жұғады.
Жұқпалы ауларды тудыратын микробтар және олардың қасиеттері.
Микробтар – бұлар адамның жай көзге көрінбейтін өте кішкентай организмдер. Орларды тек микроскоп арқылы көруге болады. Микробтарға бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар жатады. Патогендік микробтарға жұқпалы ауруларды тудыратын микробтар жатады. Ағзаға ауру тудыру арқылы әсер ететін ұлу және де басқа да зиянды заттарды шығару қабілеті патогендік микробтарға тән ерекшелік болып табылады.
Микробтар азық-түлік өнімдерінде әсіресе ет және сүт өнімдерінде сақталады, тіптен онда көбейе де алады. Микробтар сыртқы ортаға төзімді болып келеді. Бауырдың қабынуын тудыратын вирус бөлме температурасында бір жетідей сақталына алады. Туберкулез таяқшалары кеткен қақырықта бірнеше ай бойы, шаңда он күнге дейін, кітап бетінде үш айға дейін, қараңғы ылғалды жерлерде үш жүз күнге дейін сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |