Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет15/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

МАШЫҚТЫҚ ЖҰМЫС

1 тапсырма.

1 сызбанұсқаны зерттеу. «Жедел кезең жауабының» дамуында цитокиндердің маңызы.

Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б.



Қан моноциттерінің , тіндік макрофагтардың, нейтрофилдердің, лимфоциттердің, фибробластардың, эндотелийдің ж.б жасушалардың белсенденуі



Жасушалардан «жедел кезең жауабы»және қабыну дәнекерлерінің босап шығуы

ЦИТОКИНДЕР



( ИЛ – 1, ИЛ -6, ӨТЖФ –а, интерферон –ү ж.б.)



Жүйелік әсер жергілікті әсер

↓ ( қабыну)



Жүйкелік эндокриндік реттеудің, зат алмасудың, ағзалар мен жүйелер (гипоталамустың, гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездер жүйесінің, иммундық жүйенің, қан түзу жүйесінің, қан плазмасы, бауыр ж.б) қызметінің қайтадан құрылуы

Ил-1 – интерлейкин-1, ИЛ-1 қабылдағыштары организмнің барлық жасушаларында бар.

ИЛ – 6 - интерлейкин - 6

ӨТЖФ –а - өспе тіршілігін жоятын фактор - әлфа


2 тапсырма.

2 сызбанұсқаны зерттеу. «Жедел кезең жауабының» негізгі әсерлері»

Гипоталамус

Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)




Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі

Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)




Зат алмасу

Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.




Иммундық жүйе

Т және В лимфоциттерінің белсенділенуі




Қан плазмасы

- Калликреин – кинин, комплемент, қан ұю, ұюға қарсы жүйелердің әсерленуі

- Диспротеинемия

- Сиал қышқылдарының көбеюі (гликопротеидтердің құрамбөлшектері)

- ЭТЖ –ң жоғарылауы






Қан түзу жүйесі

(сүйек кемігі)



Нейтрофилдік лейкоцитоз

Ретикулоцитоз






Нейтрофилдер

Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия




Бауыр

«Жедел кезең жауабы» глобулиндерінің түзілуі күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз (қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозомукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан ұюының ҮІІ, ІХ факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин ІІІ, плазминоген, α2 – макроглобулиннің ж.б. 30 жуық).

«Жауаптың жедел кезеңі» глобулиндерінің қызметі:



  • антиоксиданттық ( церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин)

  • микробтарға қарсы (С-әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент құрамбөлшектері). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады --- бактериялардың өсіп - өнуі төмендейді

  • гемостазға қатысуы (қан ұйытқыш және ұюға қарсы факторлар).



3 тапсырма. Каликреин-кинин жүйесі мен комплимент жүйесінің белсенділігінің артуы туралы сызбанұсқаны құрастыру

4 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның сызбанұсқасын құрастыру.

5 тапсырма. Егеуқұйрықтарда жіті қозғалтпаулық стресті алу

Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеуқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.
6 тапсырма. Есепті шешу

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі


  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 60-79

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 105-118.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

  5. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

  6. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

  7. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с. 202-210

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 264-293

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. - С. 264-293

  3. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

  5. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

  6. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

  7. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

  8. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

  9. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

  10. http://www.rekicen.ru/php/content.php?group=1&id=400. 2000 г. Отчет о применении «Рекицена – РД» у пациентов с часто рецидивирующими воспалительными процессами различной локализации.

БАҚЫЛАУ:

Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81-95


6 тақырып. №1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет