Сабақ №1. Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық- азаматтық бірегейлік



бет3/18
Дата29.12.2021
өлшемі71,49 Kb.
#106646
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тарих РК
витаминдер, витаминдер, -9786010422438-9786010422452 convert compress, treatise136775, -a-9786010446380 convert compress, Силлабус КЖКФ 2015 4к яд, -9786010422438-9786010422452 convert, treatise8925
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.

Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.

Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:

Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды. Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейхан, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді.  Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейхан, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейхан төраға болып сайланды.


  1. Сібір автономиясы;

  2. Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;

  3. Қазақ-қырғыз автономиясы;

  4. Милиция туралы;

  5. Ұлт кеңесі;

  6. Ұлт қазынасы;

  7. Мүфтилік мәселесі;

  8. Халық соты;

  9. Ауылды басқару және

  10. азық-түлік мәселесі.


3.3.Қоқан қаласында Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) үкіметінің құрылуы. М.Шоқайдың естеліктері. Советтік биліктің орнауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет