Сабақ №1. Зоогигена зертханасындағы қауіпсіздік ережелері


Сүрлемнің құрамындағы хлоридтар мен сульфаттардың мөлшерін анықтау



бет5/5
Дата14.05.2017
өлшемі1,05 Mb.
#16262
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сүрлемнің құрамындағы хлоридтар мен сульфаттардың мөлшерін анықтау

Егер сүрлем мал нәжістерімен ластанған болса, онда тек аммиак емес, хлорид пен сульфаттар болады.

Сүрлемдегі хлоридтің мөлшерін анықтау үшін 10 мл сүрлем сүзбесін азотқышқылының 1-3 тамшысымен қышқылдап, 10 там¬шы 5 процентті азот қышқылы күміс ертіндісін қосса, пайда болған ақ ірімшік түстес қалдық сүрлемдегі хлориттардын, барлығын көрсетеді.

Хлоридттардың сүрлемде байланыстылығын білдіреді.

Сульфаттарды анықтау үшін 10 мл сүрлем сүзбесін пробиркаға құйып, 3 тамшы 1:3 қатынасымен ерітілген тұз қышқылын 10 тамшы 10 проценттік хлорлы барий ертіндісін қоссақ, ақ тұнбаның пайда болуы, онда күкірт қышқылының тұздарының барлығын көрсетеді.

СОӨЖберу

3.Қант қызылшасындағы нитриттерді анықтау

Құралдар мен ыдыстар:

1. Форфор чашкасы

2. Шыны таяқша

3. Пипеткалар (тамызғыштар).

Реактивтер:

1. Күкірт қышқылының концентрациялы ертіндісі

2. Дифениламиннің кристалы.

Қант қызылшасының құрамындағы нитраттар белгілі бір уақытта қайнатып суыту, буландыру кездерінде оны ыдырататын бактериялардың (динитрификциялаушы) - әсерінен улы - нитриттарға айналып мал аралығынан шығын болуына апарып соғады.

Қант қызылшасының құрамындағы нитраттар мен нитриттардың мөлшерін анықтау үшін жаңа қызылшадан жұқа қылып, бетіне қол тигізбей, кесінді тіліп алып, оған бірнеше дифениламиннің кристалын салып және пипеткамен 2-3 тамшы күшті күкірт қышқылын тамызғанда тез пайда болып жоғалып кететін қызыл немесе көк түсті бояу ондағы нитрат пен нитриттардың аз мөлшерде екенін көрсетсе, тұрақты ашық көк түстің шығуы онда олардың өте көп мөлшерде екенін сипаттайды.

Егер азықта нитрат пен нитрит коп болса оны рационнан шығарып тастау қажет.

Қант қызылшасын қайнатудан соң үзақ уақыт (5-6 сағаттан ұзақ) сақтап, суытса оның ішіндегі нитриттердің мөлшері артып, оның уландырғыш қасиеті жоғарылайды. Сондықтан ондай уақытта қант қызылшасының қайнатқан суын буландырғанда, малға 5 сағатқа дейінгі аралықта ұзаққа қалдырмай берілуге тиіс.

Қайнатылған қант қызылшасының құрамындағы нитраттарды анықтау үшін 10-15 мл сұйығын форфор шынысына сүзіп, қайнатып буландырып, түбінде қалған сары түсі қалдыққа бірнеше кристал дифениламинді салып, оған 2-3 тамшы күкірт қышқылымен суласа, егер нитрит көп болса көк, аз болса - қызыл түсті бояу пайда болады.
4. Картоптың құрамындағы салониннің мөлшерін анықтау

Кұралдар мен ыдыстар:

1. Кесу құралдары (пышақ, кандауыр)

2. Тамызғыштар

3. Табақша (шыны).

Реактивтер:

1. 80-90 процентті сірке қышқылының ертіндісі

2. Концентрациялы күкірт қышқылы

3. 5 процентті сутегі тотығының ертіндісі.

Глюкозид - салонин картопта аз мөлшерде кездеседі (100 гр-да 2-3 мг-ға жуық). Картопты дұрыс жерде сақтамай, сақтау температурасы 2-3 градустан жоғары боп, ол өніп кетсе, немесе шірісе құрамындағы салониннің мөлшері көбейіп кетеді де малдарды азықтандырған кезде уландырады. Сондықтан оның құрамындағы салониннің мөлшерін анықтап, ол көп болса, ыстық сумен, бумен өңдейді, еніп шыққан бұтақтарын түсіріп тастайды.

Картоптағы салонинді анықтау үшін оның өзегінен (кезін, бұтағын қамтып) жұқа тілік кесіп алып шыны ыдысқа салып, үстіне 1-2 тамшыдан 90-80 проценттік сірке қышқылының, концептациялы күкірт қышқылының және 5 процентті сутегі тотығының ертіндісін тамызады. Егер картоп үстінде қызыл түсті бояу шықса онда салонин бар деген сөз.

Бақылау сұрақтар:

1. Катаң азықтың орта сынамасын алу тәртібі.

2. Қатаң азыққа органолептикалық касиеттеріне сүйеніп санитарлық-гигиеналық баға беру.

3. Қатаң азықтың қүрамындағы алколоидты анықтау.

4. Сүрлемді азықтардың орта сынамасын алу тәртібі.

5. Сүрлемді азықтардың органолептикалық қасиеттеріне қарап санитарлық-гигиеналық бағалау.

6. Сүрлемнің қышқылдылығының маңызы және оны анықтау.

7. Сүрлемнің құрамындағы аммиак, хлоридтер мен сульфаттардың гигиеналық маңызы және оларды анықтау.

8. Қант қызылшысының құрамындағы нитраттар мен нитриттердің мөлшерін анықтау.

9. Картопты сақтау және құрамындағы салонинді анықтау.
Зертханалық сабақ №14. Дәнді дақылдар және азық қоспаларының гигиеналық бағасы.
Дәнді дақылдардың орта сынамасын арнайы шөмішпен (щуп) немесе қолмен алады. Әр беттің 3-5 жерінен кем дегенде үш тереңдікте алады. Солай алынған жалпы сынаманы біріктіріп, араластырады да, ашық бетке жайып салады да, диагонал сызығы бойынша екі қарсы бөлігін қалдырып, екі бөлігін шығарып тастап отырып 2 кг орта сынаманың мөлшері қалғанша қайталайды.

Орта сынаманың 300 г жеке ылғалдығын анықтауға шыны банкіге бөлек салып бекітеді. Басқа азықтардың сынамасындагыдай бұған да керекті құжаттармен қамтамасыз етіп лабораторияға жібереді.


1. Дәнді дақылдардың сапасына органолептикалык касиеттеріне қарап баға беру

ТҮСІ. Ақ беттің үстіне бір қабат қылып жайып шашыранды жарықта анықталады. Дұрыс сақталған және уақытында жиылған дәннің түсі өзіне тән, қабығы тегіс, үсті жылтыр болады. Ал егер жинау кезінде жауын астында қалып, өздігінен қызып кетсе, көк басып, микроорганизмдер мен әртүрлі құрт-шіркейлер зақымдаса, оның түсі өзгеріп, үстіне тақ, жолақтар пайда болады, түсі күңгірттеніп, семіп жыйырылады.

ИІСІ. Дәннің иісі өзінің өсуіне қарап сәл сезгіш, өзіне тән иісі болады. Сақтау технологиясы дұрыс болмағанда, ондағы органикалық заттар ыдырап, дәннің сапасы төмендеп, шірік, көк т.б. жағымсыз иістер пайда болады.

ДӘМІ. Дақылдың дәмін, егер ол бактериялар мен химиялық улы заттармен зақымдалмаған болса анықтайды. Сапасы жақсы дәнді дақылдың тәтті - сүт дәмі, ал бұзылған кезде дәмі қышқылданып, жағымсыз қышқыл дәм пайда болады.

ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ. Егер дәннің ылғалдылығы 15 проценттен кем болса, оны көлденең тіспен немесе пышақпен кескен кезде оның жартысы ұшады да, ылғалдылығы 20 процент болса ұшпай жақсы кесіледі, ал 20 проценттен жоғары болса, дән жаншылады, кесілмей жабысып қалады. Алақанға салып ұстағанда дымқыл сезіледі. Ылғалдығы жоғары азық тез көгерген, микробтар, саңырауқұлақтармен зақымдалып бұзылады. Сондықтан дәнді дақылдың ылғалдылығы 15проценттен аспауға тиіс.
2. Дәнді дақылдың құрамындағы қышқылды анықтап бағалау

Дәнді дақылдар бұзылған кезде оның құрамындағы органикалық заттар ыдырап дәнде бос қышқылдар пайда болады. Сондықтан дәнді дақылдың құрамындағы қышқылдардың мөлшерін анықтау арқылы оның сапасына баға береді.

Мысалы, дәннің қышқылдығы 3,5-4,5 градус болса, оның бұзыла бастаған белгісі, 5,5-6,5 градус - сақтауға жарамайды, ал 9,5 градус болса - малды азықтандыруға қауыпты болып есептеледі.

Дәнді дақылдардың қышқылдығын (балаусалығын) анықтау үшін 5 г - өлшемін алып, келіге түйіп ұнтақтап, колбаға салып үстіне 40 мл дистиленген су құйып, 2-3 минут араластырып, оған 5 тамшы 1 процентті фенолфтолин ертіңцісін қосып, 0,1н натрий немесе калий сілтісінің ертін-дісімен сәл қызыл түс (жойылмайтын) болғанша титрлейді де, дәннің қышқылдығын мына формуламен табады.

Х=Ах20/10 мұндағы;

А - титрлеуге шығындалған 0,1н сілті ертіндісінің мөлшері, мл

20- алынған дәннің салмағын (5г) 100г айналдыру саны.

10- 0,1н сілті ертіндісін нормалды ертіндіге ауыстыру.


3. Дәнді дақылдың негізгі салмағын (дәл) анықтау

Дақылдың негізгі салмағы - натурасы - 1 л дәннің грамм өлшемімен алынған салмағы. Бұл көрсеткіш белгілі бір мөлшерде дақылдың сапасын сипаттайды. Себебі дәннің натурасы өскен сайын оның бағасы артады. Малдың өсу салмағын арттыру үшін оның азық рационына кіргізетін дәнді дақылдың натурасы кем болмауға тиіс, мысалы, жүгерінің натурасы - 600 г/л, арпаның 620 г/л, бидайдың - 660 г/л, сұлының - 410 г/л, болғаны дұрыс.

Дәнді дақылдың натурасын анықтау үшін өлшемі бар шыны банкі (не белгісі) алып, құрғақ салмағын анықтап, одан соң белгіге дейін (мл) су құйып өлшейді (0,5 г дәлдікпен), салмағын жазып, суын төгіп, кептіріп, белгіге дейін дақылмен толтырып өлшейді. Дәннің натурасын мына формуламен табады:

х=а х 100/6, мұндағы;


х - дақылдың натурасы, г/л

а - дақылдың банкідегі салмағы, г.

б - банкінің көлемі (судың) мл.
4. Дәнді дақылдағы гранозонды анықтау
Ауыл шаруашылығының кейбіреулері дәнді дақылды әр түрлі зиянкестерден, ауру қоздырғыштарынан қорғау үшін оларға әртүрлі химиялық заттар (гранозон, формалин, меркуран т.б.) қосып сақтайды. Сондықтан мұндай азықтарды пайдалану барысында сақтандыру ережелерін дұрыс орындамаса малдардың улануына апарып соғуы мүмкін.

Қажетті ыдыстар мен реактивтер:

1. Колба (100 мл)

2. Сүзгіш (қағаз)

3. Шыны ілгіш

4. Мыс пластинка

5. Түрпі (наждак) қағаз

6. Электр плитка

7. Тұз қышқылының 10 проценттік ерітіндісі

1. Гранозонды анықтау үшін форфор шыныға 25 гр дәнді салып, оған 10 мл тұз қышқылының 10 проценттік ертіндісін құйып, үстіне алдын ала түрлі қағазбен тазаланған мыс пластинсканы немесе сым темірді қоспаға түсіріп 30 мминут қайнатады. Егер дәнде сынап болса, пластинканың үсті күміске сәйкес дақтар пайда болады.

2. Колбаға 10 гр дәнді салып, үстіне 20 мл дистиленген су құяды да араластырып 10 минуттан соң сүзеді. Натрий, гипосульфит ертіндісі сіңген сүзгі қағазға сүзілген дән ертіндісін тамызғанда, егер онда катион болса, сары дақтар пайда болады.
СОӨЖ беру

1 ДӘНДЕГІ ФОРМАЛИНДІ АНЫҚТАУ

Қажетті ыдыстар:

1. Колба (100 мл)

2. Құйғыш, сүзгіш қағаз

3. Приборлар мен тамызғыштар

Реактивтер:

1. Резорциннің 2 проценттік ертіндісі

2. Пептонныңі проценттік ертіндісі

3. Концентрациялы күкірт қышқылы

4. Бромды калий.

Дақылдағы формалинді анықтау үшін колбаға 10 зерттелетін дәнді алып, оған 20 мл дистиленген су құйып, 3-4 сағатқа үй температурасында тұндырып, одан 1 мл пробиркаға сүзбе алып, оған 1 мл пептонның 1 проценттік ертіндісін (жаңада дайындалған) және 2-3 бромды калий түйіршігін қосады да, шайқап бромды калийді ерітеді. Сода оған 1-2 мл күкірт қышқылын қосады. Егер сұйық пен қышқыл аралығында сары-күлгін түсті шеңбер пайда болса дәнде формалин бар деген сөз.

Пробиркаға 1 мл сүзбе алып, оған 1 мл 2 проценті резоцин ертіндісін қосып араластырып, сақтықпен 1 мл күкірт қышқылын астыңғы қабатына құяды. Дәнде формалин болса, сұйық пен қышқылдың аралығында сәл қызыл бояу ғана пайда болады.

Бақылау сұрақтар:

1. Дәнді дақылдардың орта сынамасын алу.

2. Дәнді дақылдардың сапасына органолептикалық баға беру.

3. Дәнді азықтың құрамындағы қышқылды анықтау және сол бойынша бағалау.

4. Дәнді дақылдардың құрамындағы гранозон мен формалинді анықтаудың маңызы.


2. ҚҰРАМА АЗЫҚТАРДЫҢ САПАСЫНА САНИТАРЛЫҚ -ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒА БЕРУ
Құрама жемнің орта сынамасын дәнді дақылдан алғандай арнайы шөмішпен (шуп) әр жерден, әр тереңцікте (3) жалпы сынама алып оны диагонал бойымен бөле отырып 2 кг мөлшерінде орта сынама алады.

Орта сынама алғаннан соң оған органолептикалық баға (түсі, иісі, дәмі және ылғалдылығы бойынша) беріледі. Құрама жемнің ылғалдығы 14 проценттен жоғары болмауы жалпы қышқылдығы 5 градустан аспай, құрамындағы құм қоспасы 2 проценттен көп емес, арам шөптің мөлшері 0,25 процент және қара күйе - 0,05 проценттен жоғары болмауы қажет.


2.1. Құрама жемдегі ас тұзының мөлшерін анықтау

Құралдар мен ыдыстар:

1. Аптека таразысы

2. Колбалар

3. Сүзгішті қағаз және тамызғыштар.

Реактивтер:

1. Индикатор - хром қышқылы калий ертіндісі.

2. 0,1н азот қышқылы күміс ертіндісі.

Ет, сүйек немесе балық ұнының орта салмағынан 5 г колбаға салып, оның үстіне 50 мл дистиленген су құйып араластыра отырып 10 минутқа қалдырады. Одан соң қағаз сүзгіштен сүзіп, сүзбенің 10 мл алып оған 2-3 тамшы индикатор хром қышқылы калий ертіндісін қосып, қызыл түс жоғалғанша 0,1н азот қышқылы күміс ертіндісімен титрлейді. Азот қышқылы күміс тұзының 0,1н ертіндісінің 1 мл-і 5,845 мг ас тұзына пара-пар екенін білсек, зерттеуге алынған .Құрама азықтағы тұздың мөлшерін мына формуламен табамыз.
х=А х 0,0058 х 100 х 50/5 х 10; мұндағы,
А - титрлеуге кеткен 0,1н азот қышқылы күміс тұзының ертіндісінің мөлшері, мл.

0,0058 - 0,1н азот қышқылы күміс ертіндісініңі мл-не сәйкес келетін ас тұзының мөлшері, гр.

50 - ерітуге алынған дистиленген судың мөлшері мл.

5 - зерттеуге алынған азықтың салмақ мөлшері, гр.

10 - титрлеуге алынған сүзіндінің мөлшері, мл.

Балық ұнының құрамыңда жоғары сорт болса 3 процент, бірінші сортта - 4 проценттен артық тұз болмауы керек.


2.2 Құрама жемнің жалпы қышқылдығын анықтау

Қажетті ыдыстар:

1. Индикатор, колбалар (500 м)

2. Кағаз сүзгіштер

3. Стакандар, тамызғыштар.

Реактивтер:

1. Индикатор - 1 процентті фенолфталиннің спирттегі ертіндісі.

2. 0,1н күйдіргіш натрийдің немесе калийдің ертіндісі.

Колбадағы 25 г зерттеуге арналған Құрама жемді салып, оған 250 мл дистиленген су құйып, 10 минут бойына шайқап араластырады да 35 минутқа тұндырып қояды (әрбір 4-5 минутта араластыру қажет). Одан кейін сүзіп, оның (сүзбенің) 25 мл алып 1-2 тамшы фенолфталиннің 1 процентті спирттік ертіндісін тамызып, ашық қызыл түс пайда болғанша 0,1н калий (натрий) сілтілік ертіндісімен титрлейді. Құрама азықтың қышқылдығын мына формуламен табады:

К =А х П х 40/10, мұндағы

К - құрама азықтың қышқылдығы, градус.

А - титрлеуге кеткен 0,1н сілтілік натрий (калий) ертіндісінің мөлшері, мл.

П - 0,1н сілтілік натрий (калий) ертіндісінің титріне түзету.

Кұрама азықтың жалпы қышқылдығы 5 градустан жоғары болмауы керек.



Зертханалық сабақ №15. 2-ші межелік бақылау сұрақтары

1.

2.



3.

4.

5.



6.

7.

8.



9.

10.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет