САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиет
142
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы:
|
Қазақстандағы ұлттар достығы
|
Сабақтың тақырыбы
|
М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді).
|
Сабақтың түрі
|
Қорытынды сабақ
|
Жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.
5.ТБ1.5. Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
Эссені талаптарға сай жазуға дағдыландыру.
Болымды, болымсыз етістіктерді тілде орынды қолдануға үйрету.
Барлық оқушылар:
Көркем шығарма үзіндісінің мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Болымсыз етістіктің жасалу жолын біледі.
Көптеген оқушылар:
Эссенің құрылымын бұзбай жазады. Болымды, болымсыз етістіктерді жазба жұмысында орынды қолданады.
Кейбір оқушылар:
Эссе жазуда өзіндік стильді қолданады. Шығармадағы оқиғаға сыни пікір білдіріп, баға бере алады.
|
Бағалау критерийлері
| |
Дескриптор
|
Эссенің кіріспе, негізгі қорытынды бөлімдері анық жазылған;
Аргумент келтірілген;
Шығармадағы оқиғамен байланыс бар;
Болымды, болымсыз етістіктер сөйлемдерде орынды қолданылды
|
Тілдік міндеттер
|
Лексикалық минимум
Түрлі ұлт өкілдері, құндылық, түсіністік, ынтымақ, бауырына басу, өгейсітпеу, төзу.
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар
Менің ойымша, біріншіден, сонымен қатар, қорытындылай келе т.б.
|
Құндылықтар
|
Адами құндылықтар. Қазақстан – түрлі ұлттардың ортақ шаңырағы.
Мұғалім әр оқушыға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
М. Мағауин «Бір атаның балалары» (үзінді). Шығарманың мазмұнымен танысып, композициялық құрылымына талдау. Кейіпкерлерге мінездеме беру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті, тарих.
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Сәлемдесу.
Топқа бөліну.
Оқушыларға екі түсті карточкалар ұсынылады. Достық пен татулық туралы мақалдардың басы сары түсті, соңы жасыл карточкада жазылады.
Татулық
|
табылмас бақыт.
|
Жартыны жарып жеген
|
Татулықтың белгісі
|
Байлықтан артық достық бар
|
достықтан артық байлық жоқ
|
Оқушы қалауы бойынша бір карточканы таңдайды. Мақалдың толық нұсқасын шығару мақсатында сыныптастарының қолындағы карточкалармен танысып, сәйкестендіреді. Сөйтіп балалар үш топқа жиналады:
1-топ: Татулық - табылмас бақыт
2-топ: Жартыны жарып жеген - татулықтың белгісі
3-топ: Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ
Әр мақалдың мағынасын ашып, ой бөліседі.
«Адасқан сөздер» ойыны. Оқушылар тақтада шашыраңқы түрде жазылған сөздерді сөйлемде рет-ретімен орналастырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мұғалім шәкірттерді оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстырады
|
Слайд № 2-4
|
Сабақтың ортасы
5 мин
5 мин
8 мин
15 мин
|
Оқушылар сөздіктің көмегіне сүйеніп, сәйкестендіру жұмысын орындайды.
Түрлі ұлт өкілдері
|
Понимание
|
түсіністік
|
Согласие, солидарность
|
құндылық
|
Приютить
|
ынтымақ
|
Представители национальностей
|
бауырына басу
|
Выдержать
|
өгейсітпеу
|
Ценность
|
төзу
|
Отталкивать
|
Болымсыз етістіктің жасалу жолын қайталау мақсатында «Шынжыр» ойыны ойнатылады. Әр оқушы бір етістікті қатыстырып, шаблонды толтыру керек. Нәтижелері топ ішінде өзара тексеріледі.
Ұсынылатын етістіктер: бауырына басу, өгейсіту, бөлу, өкпелеу, құтқару.
Шаблон үлгісі
Ықтимал жауап:
Көмектесу – көмектеспеу - оған көмектесу - Ахмет ата Зигфридке көмектесті.
Жазылымалды тапсырмасы.
Оқушылар Зигфрид Волфганг Вагнерді бауырына басқан Ахмет шалдың әрекетіне баға береді. Өз жауабын шығармадағы оқиғамен/дәйексөзбен дәлелдейді.
Мысалы:
Ахмет бауырмалдық қасиетін танытты. Оның әрекеті ұлтқа нәсілдікке бөлінуге болмайтынын насихаттайды.
Өзге ұлт баласын бауырына басып, барлық қиыншылықтарға төзе білді.
|