Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Сұрақтар
Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
-Астанасы қай қала?
-Астана қаласы ұнай ма?
-Астана қаңдай қала?
Ал, енді Астана қаласына сырттай саяхат жасаймыз
Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
1) Отан дегеніміз не? (Отан дегеніміз туып-өскен жеріміз. Әр халықтың өз Отаны болады)
2) Біздің Отанымыз қалай аталады? (Біздің Отанымыз Қазақстан Республика деп аталады)
3) Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет)
4) Қазақстан Республикасының Президенті кім?
5) Мемлекеттік тіл қай тіл?
6) Рәміздерді ата. (Әнұран, елтаңба, ту)
7) Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? (Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. Отан оттан да ыстық)
8) Отан туралы қандай өлең жолын білесің?
|