2. Кәсіпкерлікті қолдаудың заманауи институтарының дамуы
Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
қаржы институттары;
қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi:
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;
лизингтiк компаниялар;
микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор).
Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келiсiмге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде.
Қордың қаражаты шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасу процесiнде оң рөл атқарды, бiрақ соңғы қарыз алушы үшiн пайыздық ставкаларды нақты төмендетудi қамтамасыз етпедi және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк жобаларды iске асыруға жәрдемдеспедi.
Қор қызметi басталғаннан берi қазiргi уақытта тек ғана өз қаражаты есебiнен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды.
Берiлген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негiзгi көлемi өнеркәсiптiк өндiрiске - 39 %, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге - 29,5 %, қызметтер мен көлiк саласына - 23 % келедi.
Қордың шағын кәсiпкерлiк субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңiрлерiнде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бердi.
Қордың проблемалары: бұл - оларда кепiлдiк қаражаттың жеткiлiксiздiгi салдарынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн инвестициялық қаражаттың қолжетiмсiздігі.
Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары елдiң кредит беру жүйесiнiң 3-шi деңгейi болып табылады және банк секторы мүдделілігінiң бiрқатар объективті факторларын (мол әкiмшiлiк шығыстар, кредиттiк тарихтың, рентабелдi жобалар және өтімділіктi қамтамасыз етудiң болмауы) қамтымаған кәсiпкерлердiң қаржы қызметтерiне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсiпкерлер үшiн өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебiнен кредит берудi жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттiк қатынастар жүйесi деңгейiн мемлекет тарапынан аз реттелушi болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушiлердiң нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдердi ескере отырып, аталған операциялардың қызметi басқа кредиттiк мекемелердiң қызметiмен салыстырғанда шығын көлемi көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары өз қызметiнде микро кредиттер берумен қатар өз тәуекелдерiн төмендету үшiн әлеуеттi қарыз алушыларды шағын бизнестi жүргiзу жөнiнде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық мiндеттердi шешумен қатар микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсендi бөлiгінiң өз-өзiн жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмiр сүру деңгейiн арттыру мен кредиттiк мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту мiндеттерiнiң бiрi ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелi сектордан шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiм мәлiметтерi бойынша микрокредиттiк ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бiрлiкті құрады, олардың нақты жұмыс iстейтiндерi 40,7 % (72 бiрлiк) құрайды, уақытша бостары - 10,2 % (18 бірлiк), бiр ұйым тарау процесiнде, қалғандары қалыптасу сатысында.
Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдарының проблемалары - осы уақытқа дейiн микрокредит беру жүйесiнiң дамуын тежейтін негiзгi факторлар микрокредит беру жүйесiнiң дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуеттi инвесторлар үшiн микрокредиттiк ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшiн аталған саланы мемлекет тарапынан кешендi қолдаудың болмауы.
Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:
одан әрi орналастыру үшiн қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;
микрокредиттiк ұйымдарының қаражатының жеткiлiксiздiгi;
микрокредиттiк ерекшелiкпен таныс бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi;
микрокредиттiк жүйеге қатысушылар үшiн әдiстемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;
техникалық және ресурстық базаның болмауы;
микроқаржы саласының жағдайын, үрдiстерi мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшiлiк ететiн бiрыңғай органның және оларды бағалау әдiсiнiң болмауы;
дамыған мониторинг жүйесiнiң, iшкi бақылаудың болмауы;
қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктiк емес ұйымдардың микрокредиттеу ұйымдарымен әлсiз өзара іс-әрекеті;
микрокредиттiк ұйымдардың мемлекеттiк басқару органдармен және мемлекеттiк даму институттарымен ынтымақтастығының пысықталмаған кестесi.
Қоғамдық ұйымдар мен салалық бiрлестiктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсiпкерлiк ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылады.
Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлi жас. Қазiргi ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың iшiнде тiркелген және кәсiпкерлiктi дамыту жобаларын iске асыруда жеткiлiктi тәжiрибе жинақтаған жоқ, мемлекеттiк органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшiн де байсалды әрiптестiк имидж құрған жоқ.
Сондықтан үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бiр-бiрiмен байланыссыз әрекет етедi, олардың қызметi бiр бiрiне қайшы келедi. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың едәуiр бөлiгi шетелдiк және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшiн бәсекелеседi, осыған байланысты олар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiнiң нақты проблемалары мен қажеттiлiктерiне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзiрлейдi және iске асырады.
Қазiргi уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін алғанда мемлекет мүддесiнiң жүйесiне жалғауға қабiлеттi барабар үкiметтiк емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, YEҰ-ның қызметi қалың бұқарада нақты жобаға бекiтусiз және мiндеттердiң нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелердi шешуге тiреледi, жергілiктi атқарушы органдар үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әрiптес ретiнде қарамайды және шешiм қабылдаудың нақты процесiне тартпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |