Сабақ-2 Сабақтың аты: Егінші мен қасқыр (литва ертегісі) Ресурстар



Дата08.07.2017
өлшемі36,29 Kb.
#20757
түріСабақ

Апта-6

Күні 9.1

Сабақ-2

Сабақтың аты:

Егінші мен қасқыр (литва ертегісі)



Ресурстар:

3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы. « Атамұра» баспасы.Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгейлік) Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелік журнал


Сабақтың мақсаты:

Еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсіну

Күтілетін нәтиже

Еңбектің маңызын түсінді.Топтасып,жұптасып жұмыс істей білуге үйренді,әр бала көрініс көрсету арқылы актерлік қабілетін шыңдады .

Негізгі идея:

Нанның дастарханға қалай келетінін ұғыну.




Тапсырма көздері:

1-тапсырма

Ой шақыру стратегиясы тақырыпты ашу



2-тапсырма

Жұптық жұмыс (сөздерді істің орындалу ретіне қарай орналастыру)



3-тапсырма

Топтық жұмыс (әр топқа тапсырма беріліп қорғау)



Кейінгі тапсырмалар:

Ертегіні мазмұндау,сурет салу


Рефлексия

Сәтті шыққан тұстар:-Психологиялық дайындықтан кейін оқушылар жинақталып, сабаққа көңілдерін бөлді.

-Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлу, өткен сабақтағы кедергіні жеңдік. Топқа бөлінуге көп уақыт кеткен жоқ.

-Жұптық,топтық тапсырмаларды бірлесе жасауы.

Егер осы сабақты қайта өткізетін болсам жақсартатын тұстар:

-Оқушыларға ойын толық айтып жеткізуге мүмкіндік беру, орташа балаларды ынталандырып, көшбасшы оқушыларға ілестіре білу.

-Бағалауда «ашық журнал» ұйымдастырып, оқушылардың өзін –өзі бағалауына жағдай жасау.

-Қорытындылауда адам мен қасқырды салыстырып, қасқыр неліктен піскен дәмді нанды жей алмағанын сұрап, бидайды егіп , ору, одан нан жасап жеу тек адамның ғана қолынан келетініне көздерін жеткізер едім.




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Балалар, бүгінгі сабағымыз нәтижелі болу үшін, қане, экранда берілген бір шумақ өлеңді біргелікте оқимыз,топқа жыл мезгілдері арқылы бөлінеміз.

Өлеңді хормен айтып шыққаннан кейін оқушылар бар ынтасымен сабаққа кірісіп, жыл мезгілдері арқылы топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты қорытуда қоржынға салынған сұрақтарға

жауап берді.



Оқушылар үй тапсырмасын рөлге бөліп,түсінігін айтты.Қоржынға салынған сұрақтарды кезек-кезек алып жауап береді.

Ой шақыру стратегиясы экранда берілген суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашады.Сабақтың тақырыбын шығарып алғаннан кейін бірлесе отырып сабақтың мақсаты анықталады.

Оқушыларкөрсетілген суреттен тақырыптың атын табады. Оқушылардың болжамды

жауаптары:Егінді жинап

жатыр, жылқысына жем беріп жатыр ,егінші т.б.Бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды.


Жұптық тапсырма беріледі,сөздерді істің орындалу ретіне қарай орнастыру керек

Берілген тапсырманы жұптасып жұмыс жасайды.Оқушылардың болжамды жауаптары:жер өңдеу-жер жырту-тұқым себу-жайқалған егін-егін жинау

Топтық жұмыс:

Күз тобы:Нан туралы мақал-мәтел жазу.

Жаз тобы:Ұннан жасалатын тағамдарды атау.

Қыс тобы:5 жолды өлең шығару.

Көктем тобы:Топтастыру


Топтасып жұмыс істейді.Оқушылардың болжамды жауаптары:

Ас атасы –нан.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен т.б

Ұннан жасалатын тағмадар:бауырсақ,шелпек нан,т.б

Әркім өз пікірін ортаға салады. Көшбасшылыққа үйренеді



Формативті бағалау.Бағалау бетшесі.Смайликтер арқылы бағалау

Оқушылар әр топты бағалау бетшесі, смайликтер арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма беріледі,өлеңді жаттау.

Берілген үй жұмысын алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет