Сабақ 22 Күні, айы: Мектеп: «№29 ом кмм» Мұғалім


V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: Альфа-, бета-, және гамма-сәуле шығару



бет10/10
Дата14.01.2020
өлшемі3,92 Mb.
#55811
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5 сынсабж

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту: Альфа-, бета-, және гамма-сәуле шығару


  • Радиоактивті элементтер ашылған соң олардың сәуле шығаруының фи-зикалық табиғатын зерттеу басталды, Беккерель мен ерлі-зайыпты Кюрилерден басқа, бұл мәселемен Резерфорд шұғылдана бастады.

  • Радиоактивті сәуле шығарудың құрамы күрделі екенін аңғаруға мүмкіндік берген классикалық тәжірибе мынадай еді. Радий препараты кесек қорғасыннан жасалған жіңішке өзекшенің түбіне қойылды. Өзекшенің қарсысына фотопластинка қойылған. Өзекшеден шыққан сәулеге, оған индукция сызығы перпендикуляр күшті магнит өрісі (1-сурет) әсер еткен. Қондырға түгелдей вакуумға орналастырылған. Магнит өрісі жоқ кезде айқындалғаннан кейін фотопластинада өзекшенің дәл қарсысынан қара дақ байқалады. Ал магнит өрісінде бұл шоқ үш шоққа бөлінген. Бастапқы ағынның екі құраушысы қарама-қарсы жаққа ауытқыған. Бұл оларда қарама-қарсы таңбалы электр зарядтары бар екенін көрсетті. Сонымен бірге сәуле шығарудың теріс құраушысынан гөрі анағұрлым көп ауытқыған. Магнит өрісі үшінші құраушыны ауытқытпаған. Сәуле шығарудың оң зарядталған құраушысы - альфа-сәулелер, теріс зарядталғаны - бета-сәулелер және бейтарабы гамма-сәулелер (-сәулелер,-сәулелер, -сәулелер) деп аталады. Сәулелердің бұл үш түрінің бір-бірінен айырмашылығы өтімділік қабілетінде, яғни түрліше заттардағы олардың жұтылу интенсивтігінде болады. Өтімділік қабілеті ең азы - a-сәулелер. Олар қалыңдығы 0,1 мм қағаздан өте алмайды. Егер қорғасын пластинадағы тесікті бір жапырақ қағазбен бекітсек, онда фотопластинада a-сәулеге сөйкес келетін қара дақ байқалмайды. Зат арқылы -сәулелер өткенде, олар анағүрлым аз жұтылады. Тек қалыңдығы бірнеше миллиметр алюминий пластина ғана оларды түгелімен өткізбейді. Ең күшті өтімділік қабілеті бары -  -сәулелер.

  • -сәулелердің жұтылу қарқынды жұтатын заттың атомдық нөмірі артқан сайын өседі. Бірақ қалыңдығы 1 см қорғасын қабатының өзі олар үшін өткізбейтін тосқауыл бола алмайды. Осындай қорғасын қабаты арқылы -сәулелер өткенде олардың қарқынды небары екі есе кемиді. -, - және -сәулелердің физикалық табиғаты түрліше екендігі күмәнсіз.

  • АТОМДЫҚ ФИЗИКА

  • Атомның күрделі құрылысының ашылуы - қазіргі физиканың қалыптасып, онан әрі дамуына түрткі болған аса маңызды кезең болып табылады. Атом құрылысының сандық теориясының туындау процесінде атомдық спектрлерін түсіндірудін нәтижесінде микробөлшектердің қозғалысының жаңа заңдары - кванттық механиканың заңдары ашылды. 

  • АТОМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҒАЛАМШАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • Ағылшын физигі Эрнест Резерфорд a-бөлшектердің заттан шашырауын зерттеді де, 1911 жылы атом ядросы — массивті түзілім, ол өлшемдері жағынан атомнан оңдаған мың есе кіші екенін айтты.

  • Томсон моделі. Атомның құрылысы туралы дұрыс ұғымға ғалымдар бірден келе қойған жоқ. Атомның алғашқы моделін ұсынған, электронды ашқан - атақты ағылшын физигі Дж. Дж. Томсон болды. Томсонның ойынша, атомның оң заряды атомның көлемін түгел жайлайды және осы көлемде тұрақты тығыздықпен тарайды. Ең қарапайым атом - сутегі атомы, радиусы, 10-8 см-ге жуық оң зарядталған шар, оның ішінде электрон орналасады. Күрделірек атомдарда оң зарядталған шардың ішінде бірнеше электрондар болады, сөйтіп, атом жүзім салып пісірген нан сияқты, ондағы жүзімдер электрон рөлін атқарады. Бірақ Томсон ұсынған атом моделі атомдағы оң зарядтың таралуын зерттеудегі тәжірибе нәтижелерімен тікелей қайшылыққа келген. Тұңғыш рет ағылшынның ұлы физигі Эрнест Резерфорд жасаған бұл тәжірибелердің атом құрылысын түсіндірудегі рөлі соншалықты зор.



  • Атом ядросының өлшемдерін анықтау

  •  Атомның оң заряды мен массасы кеңістіктің өте кішкентай жеріне шоғырланған болса ғана a-бөлшектердің кері тебілуі мүмкін болатынын Резерфорд түсінген еді. Сөйтіп, Резерфорд атомның түгелдей дерлік массасы мен барлық оң заряды шоғырланған кішкентай дене идеясына – атом ядросы идеясына келді.

  • 2-суретте ядродан әртүрлі қашықтыққа ұшып өтетін a -бөлшектердің траекториясы көрсетілген.

  • Түрліше бұрыштарға шашыраған a-бөлшектердің санын есептей отырьш, Резерфорд ядроның өлшемдерін де бағалады. Ядроның диаметрлері 10-12 – 10-13 см (әртүрлі ядролардың диаметрлері түрліше болады) шамасында екен. Ал атомның өзінің өлшемі 10-8 см, яғни ядроның өлшемдерінен 10—100 мың есе үлкен. Соңынан ядроның зарядын да анықтау мүмкін болды. Электронның зарядын бірлік өлшем етіп алатын болсақ, онда ядроның заряды осы химиялық элементтің Д.И.Менделеев кестесіндегі реттік нөміріне дәлме-дәл тең екен.

  •  Атомның планетарлық моделі

  • Резерфордтың тәжірибелерінен тікелей атомның планетарлық моделі келіп шығады. Центрінде массасы түгелдей дерлік жинақталған оң зарядталған атом ядросы орналасқан. Бүтіндей алғанда атом нейтрал. Сондықтан атом ішіндегі электрондардың саны да, ядроның заряды сияқты, периодты жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Атом ішіндегі электрондардың тыныш тұруы мүмкін еместігі өзінен-өзі айқын болмаса да, олар ядроға құлап түсер еді. Олар Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлар тәрізді, ядроны айнала белгілі орбиталармен қозғалып жүреді. Электрондардың бұл сипаттас қозғалысы ядро тарапынан пайда болатын кулондық күштің әсерінен туады. Сутегі атомының ядросын айнала тек бір ғана электрон қозғалады. Сутегі атомы ядросының модулі бойынша электронның зарядына тең оң заряды бар, ал массасы электронның массасынан шамамен 1836,1 есе көп. Бұл ядро протон деген атақ алып, элементар бөлшек ретінде қарастырыла бастады. Атомның өлшемі - бұл оның электронының орбитасының радиусы (3-сурет). Атомның қарапайым және көрнекі планетарлық моделінің тікелей эксперименттік дәлелдемесі бар. a- бөлшектердің шашырау тәжірибесін дәлелдеу үшін ол сөзсіз керек сияқты. Бірақ бұл модель атомның бар болу (өмір сүру) фактісінің өзін, оның орнықтылығын түсіндіре алмады. Электрондар орбита бойымен едәуір үдеумен қозғалады. Максвеллдің электродинамикалық заңдары бойынша, үдей қозғалатын заряд жиілігі бір секундтағы ядроны айналу санына тең болатын электромагниттік толқын шығаруы тиіс. Сәуле шығаруда энергия шығыны болады. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында тежелген кезде Жер серігінің Жерге жақындайтыны сияқты, энергиясын жоғалта отырып, электрондар да ядроға жақындауы тиіс. Ньютон механикасы мен Максвелл электродинамикасына негізделген мұқият есептеулер көрсеткендей, болмашы аз уақытта (10-8 с шамасында) электрон ядроға құлап түсуі керек. Атом өзінің өмір сүруін тоқтатуы тиіс.

  • Резерфорд атомның планеталық моделін жасады: электрондар, ғаламшарлардың Күнді айнала қозғалатыны сияқты, ядроны айнала қозғалады. Бұл модель қарапайым эксперимент жүзінде негізделген, бірақ атомдардың орнықтылығын түсіндіре алмайды.ИЗОТОПТАР 

  • Радиоактивтік кұбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты маңызды жаңалықтардың ашылуына себепші болды.

  • Көптеген радиоактивтік түрленулерді бақылау нәтижесінде радиоактивтік қасиеттері мүлдем әртүрлі (яғни түрліше тәсілдермен ыдырайтын), бірақ өздерінің химиялық қасиеттері жөнінен барабар заттар бар екені анықталды. Белгілі химиялық тәсілдердің бәрімен де оларды ажырату ешбір мүмкін болмады. Осының негізінде 1911 ж. Содди химиялық қасиеттері бірдей, басқа жағынан, мәселен өзінің радиоактивтігімен ұқсамайтын элементтер бар екені жөнінде болжам айтты. Мұндай элементтерді Менделеевтің периодтық жүйесінің бір тор кезіне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бірдей орын алатындар) деп атады.

  • Бір жылдан соң Дж.Томсон электр және магнит өрісіндегі ауытқу тәсілімен неон индарының массасына дәл өлшеулер жүргізген кезде Соддидің болжамы ойдағыдай дәлелденіп, оған терең түсініктеме берілді. Томсон неон атомдардың екі түрінің қоспасы екенін байқады. Олардың басым көпшілігінің салыстырмалы атомдық массасы 20-ға тең. Бірақ салыстырмалы атомдық массасы 22-ге тең аздаған атомдар қоспасы да бар. Осының нәтижесінде қоспаның салыстырмалы атомдық массасы, 20,2-ге тең. Бірдей химиялық қасиеттері бар атомдардың массаларында айырмашылық байқалды. Неонның екі түрінің де Менделеев кестесінде бірдей орын алатындығы анық, ендеше, олар изотоптар болып табылады. Сонымен, изотоптардың тек өздерінің радиоактивтік қасиеттері жағынан ғана емес, массасы жағынан да айырмашылығы болады екен. Сонымен бірге соңғы жағдай басымырақ рөл атқарады. Изотоптарда атом ядроларының зарядтары бірдей болады. Сондықтан атом қабықшаларындағы электрондар саны, демек, изотоптардың химиялық қасиеттері бірдей. Бірақ ядроның массалары әртүрлі. Сонымен қатар, ядролар радиоактивті де, тұрақты да бола алады. Радиоактивті изотоптар қасиеттерінің түрліше болуы олардың ядроларының массалары әр түрлі болуына байланысты. Қазіргі уақытта химиялық элементтердің бәрінің изотоптары бар екендігі анықталған. Кейбір элементтердің изотоптары тұрақты болмайды (яғни радиоактивті). Изотоптар табиғаттағы ең ауыр элемент — уранда (салыстырмалы атомдық массасы 238, 235 т. б.) және ең жеңіл — сутегінде де (салыстырмалы атомдық массасы 1, 2, 3) бар.

  • Әсіресе сутегінің изотоптары ерекше, себебі массасы жағынан екі немесе үш есе айырмашылығы бар. Салыстырмалы атомдық массасы 2 болатын изотоп дейтерий деп аталады. Ол стабильді (яғни радиоактивті емес) және әдеттегі сутегіне аздаған қоспа (1:4500) түрінде енеді. Дейтерий оттегімен қосылғанда ауыр су пайда болады. Оның физикалық қасиеттері кәдімгі судың қасиетінен анағұрлым бөлек. Қалыпты атмосфералық қысымда ол 101,2° С-та қайнайды да, 3,8°С-та қатады. Салыстырмалы атомдық массасы 3 болатын изотоп тритий деп аталады. Ол -радиоактивті, жартылай ыдырау периоды 12 жылға жуық. Изотоптардың болуы, атом ядросының заряды атомдардың барлық қасиеттерін анықтамай, тек химиялық қасиеттері мен электрон қабықшасының маңына байланысты физикалық қасиеттерін, мысалы, өлшемдерін анықтайтындығын дәлелдейді. Атомның массасы мен радиоактивтік қасиеттері оның Менделеев кестесіндегі реттік нөмірімен анықталмайды. Изотоптардың салыстырмалы атомдық массаларын дәл өлшегенде олардың бүтін саңдарға өте жақын болатындығының елеулі маңызы бар.

  • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  • §53, 54 дайындық сұрақтарын талдау.

  • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    1. К., Т., №16.16-16.18.

    2. 41-жаттығу

    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §53, 54 дайындық сұрақтары. 42 жаттығу.

    • 9а сынып № 47 сабақ ____________________



    • Сабақтың тақырыбы: Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. Бор пастулаттары.



    • Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері мен Бор пастулаттары туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

    3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.



    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау



    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.



    • Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,



    • Сабақтың барысы:

    • І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

    • 1. Сәлемдесу;

    • 2. Оқушыларды түгендеу;

    • 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

    • 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

    • 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

    • А) теориялық білімдерін тексеру.

    • Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

    • Б) есептерін тексеру.

    • ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

    • Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлерімен Бор пастулаттарымен танысамыз.

    1. Қандай элементтер радиоактивті элементтер дейді?

    2. Радиактивті сәулелену дегеніміз не?

    3. Атомның планетааралық моделі қандай тәжірибеге негізделген?

    4. Атом ядросының құрамы қандай?

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • Табиғаттағы процестер туралы кванттық түсініктерді одан әрі дамыта отырып, 1913 ж. Данияның ұлы физигі Нильс Бор физиктерді ойландырған өте қиын жағдайдан шығарудың жолын тапты.

    • Бордың еңбегіне сүйенген Эйнштейн, оны "ақыл-ой саласындағы жоғары музыкалық дарын" деп бағалады. Бір-біріне дара жатқан тәжірибе деректеріне сүйене отырып, Бор данышпандық түйсіктің жәрдемімен істің мәнін дұрыс аңғарды.

    • Бор постулаттары. Бор жүйелі атом теориясын берген жоқ. Ол жаңа теорияның негізгі қағидаларын постулаттар түрінде тұжырымдап берді. Сонымен бірге классикалық физиканың заңдарынан да ол қол үзген жоқ. Дәлірек айтқанда, жаңа постулаттар классикалық физикада рұқсат етілетін қозғалысқа кейбір шектеулер ғана қойды.

    • Осыған қарамастан, Бор теориясының табысы айтарлықтай болып, Бордың теорияны дамытудың дұрыс жолын тапқандығы барлық ғылымдарға айқын болды. Осы жол кейіннен микробөлшектер қозғалысының тыңғылықты теориясы — кванттық механиканың шығуына себепші болды.

    • Бордың бірінші постулатында былай делінген: атомдық жүйе тек ерекше стационар немесе кванттық күйлерде ғана болады, олардың әрқайсысына белгілі бір энергия Еn сәйкес келеді. Стационар күйде атом сәуле шығармайды.

    • Бұл постулат қозғалыстағы электрондардың энергиясы кез келген мән қабылдайды дейтін классикалық механикаға тікелей қайшы келеді. Ол Максвеллдің электродинамикасына да қайшы келеді, себебі электрондар электромагниттік толқынды шығармай-ақ, үдемелі қозғала алатындығын айтады.

    • Бордың екінші постулатына сәйкес, атом үлкен энергиялы Ек стационар күйден аз энергиялы Еn стационар күйге өткенде жарық шығарылады. Шығарылған фотонның энергиясы атомның стационар екі күйдегі энергияларының айырымына тең:   (2) Бұдан сәуле шығару жиілігін былай өрнектеуге болады:

    •  

    • . (3)

    •  Жарықтың жұтылу кезінде атом энергиясы аз стационар күйден энергиясы көп стационар күйге өтеді.

    • Екінші постулат та Максвеллдің электродинамикасына қайшы, өйткені сол постулатқа сәйкес шығарылған жарықтың жиілігі электрондардың қозғалыс ерекшеліктерін сипаттамайды, тек атом энергиясының өзгерісін ғана көрсетеді. Бор өзінің постулаттарын қарапайым атомның сутегі атомының теориясын жасау үшін қолданды. Негізгі мақсат сутегі шығаратын электромагниттік толқындардың жиіліктерін табу болды. Бұл жиіліктерді, егер атом энергиясының стационар мәндерін анықтау ережесі бар болса, екінші постулат негізінде табуға болды. Бордың бұл ережені (кванттау ережесі деп аталатын) тағы да постулаттауына тура келді.

    • Бор жасаған сутегі атомының моделі. Жарықтың жұтылуы

    • Ньютон механикасының заңдарын және мүмкін болатын стационар күйлерді иеленетін кванттау ережесін пайдаланып, Бор электрон орбиталарының қажетті радиустары мен стационар күйлер энергиясын есептеп шығара алды. Орбитаның ең кіші радиусы атомның өлшемдерін анықтайды. 1, а, б-суреттерде стационар күйлер энергиясы (электрон-вольтпен есептелген) вертикаль осьтерге өлшеп салынған. Бордың екінші постулаты стационар күйлер энергиясының белгілі мәндері бойынша сутегі атомы шығаратын сәуленің жиілігін есептеп шығаруға мүмкіндік берді. Бор теориясы осы жиіліктердің мәндеріне арналған экспериментпен сандық тұрғыда үйлесуге келтіреді. Сутегі атомы шығаратын сәулелердің барлық жиіліктері сериялар қатарын құрады, олардың әрқайсысы атом барлық жоғары энергетикалық күйлерден (энергиясы көп күйлер) кейбір энергетикалық күйге (екінші энергетикалық деңгейге) өткенде Бальмер сериясы түзіледі. 1, а-суретте бұл ауысулар бағыттауыштармен кескінделген. Сутегі спектрінің көрінетін бөлігіндегі қызыл, жасыл және екі көк сызық (3-түсті жапсырма, V сурет) мынадай ауысуларға сәйкес келеді:

    •  , , , және .

    • Берілген серия Швейцар мұғалімі И. Бальмер есімімен аталған, ол тіпті 1885 жылы эксперимент негізінде сутегі спектрінің көрінетін бөлігінің жиіліктерін анықтау үшін қарапайым формула тағайындады.

    • Жарықтың жұтылуы. Жарықтың жұтылуы - сәуле шығаруға кері процесс. Атом, жарықты жұта отырып, төменгі энергетикалық күйлерден жоғарғыға өтеді. Бұл жағдайда жұтылатън жарықтың жиілігі атом жоғарғы энергетикалық күйлерден төмендегілеріне өткенде шығаратын жарықтың жиілігіндей болады. 1, б-суретте атомның бір күйден екінші күйге жарық жұта отырып өтуі бағыттауыштармен кескінделген.

    • Екі постулат пен кванттау ережесі негізінде Бор сутегі атомының радиусын және атомның стационар күйлерінің энергиясын анықтады. Бұл атомның шығаратын және жұтатын электромагниттік толқындарының жиіліктерін есептеуге мүмкіндік берді

    • БОР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚИЫНШШЫЛЫҚТАРЫ. КВАНТТЫҚ МЕХАНИКА

    • Бор теориясын сутегі атомына қолдану өте табысты болып, ол үшін спектрдің сандық теориясын жасау мүмкін болды. Бірақ Бордың постулаттарына сүйеніп, сутегінен кейінгі гелий атомының сандық теориясын жасау мақсатынан ештеңе шықпады. Гелий атомы және одан да күрделі атомдар үшін Бор теориясына сүйеніп, тек сапалық (бірақ аса маңызды) тұжырымдар жасауға ғана мүмкіңдік болды.

    • Мұнда таңданарлық ештеңе жоқ. Бор теориясы сыңаржақты, оның ішкі қайшылықтары бар, бір жағынан өзіміз көргендей, сутегі атомының теориясын жасағанда кәдімгі Ньютон заңы пайдаланылса, екінші жағынан Ньютон механикасымен, Максвелл элекгродинамикасымен ешқандай байланысы жоқ кванттық постулаттар енгізіледі. Физикаға квантық түсініктерді енгізу механика мен электродинамиканы түбегейлі түрде қайта құруды талап етгі. Бұл қайта құру біздің ғасырдың екінші ширегінің басында іске асты. Кванттық механика мен кванттық электродинамика сияқты физикалық теориялар жасалды. Бордың постулаттары әбден дұрыс болып шықты. Бірақ олар постулаттар емес, осы теориялардың негізгі принциптерінің салдары болып қана қалды. Ал Бордың кванттау ережесі кез келген жерде қолданыла бермейтін болып шықты. Бор атомында электрон қозғалатын белгілі орбиталар туралы ұғым тек шартты түсінік болып табылады. Шындығында, атомдағы электрон қозғалысының планеталардың өз орбиталары бойымен қозғаласына ұқсастығы жоққа тән. Егер ең төменгі энергетикалық күйдегі сутегі атомын ұзақ ұстап, суретке түсіріп алу мүмкін болса, онда біз тығыздығы айнымалы бұлт көрген болар едік. Көбінесе элекрон ядродан белгілі бір қашықтықта жүреді. Бұл қашықтықты дөрекі түрде орбитаның радиусына ұқсатуға болады. Атомның фотосуреті Күн жүйесінің әдеттегі суретіне мүлде ұқсамайды, шамды айнала ретсіз ерсілі-қарсылы ұшқан көбелектерді суретке түсірген кезде шыққан жайылған дақты еске түсіреді.

    • Қазіргі кезде кванттық механиканың көмегімен атомдардың электрондық қабықшаларының қасиеттері мен құрылысына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге болады. Бірақ сандық теория аса күрделі болғандықтан, біз оған соқпай өтеміз. Атомдардың электрондық қабықшаларының сапалық сипаттамасымен сендер химия курсында танысасыңдар.

    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    • §55 дайындық сұрақтарын талдау.

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    • К., Т., №16.24-16.27

    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §55 дайындық сұрақтары. 43-жаттығу

    • 9а сынып № 48 сабақ ____________________



    • Сабақтың тақырыбы: Есеп шығару.

    • Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру.

    2. Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.

    3. Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.



    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау



    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.



    • Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

    • Сабақтың барысы:

    • І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

    • 1. Сәлемдесу;

    • 2. Оқушыларды түгендеу;

    • 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

    • 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

    • 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

    • Есептер жинағынан есептер шығарту.

    1. Ядросында 6 протон және 8 нейтрон бар нейтрал атомның электрондар қабатында қанша электрон болатынын анықтаңыз.

    2. Менделеевтің кестесінде реттік нөмірі Z элементтің ядросының -ыдырауы нәтижесінде пайда болған элементтің реттік нөмірі қандай?

    3. Фотоэлектрондардың платина бетінен шығу жұмысы 5,3 эВ. Платина үшін фотоэффектінің ұзын толқындағы (қызыл) шекерасы қандай?

    4. Егер фототок жапқыш кернеуі 200 кВ болған кезде тоқтаса, онда рентген түтігіндегі катодтан жұлып шығарылған электрондардың жылдамдығын анықтаңдар.

    5. -бөлшегінің құрамы қандай?

    6. Менделеевтің кестесінде реттік нөмірі Z элементтің ядросының -ыдырауы нәтижесінде пайда болған элементтің реттік нөмірі қандай?

    7. Вольфрам үшін фотоэффектінің ұзын толқынды қызыл шекерасы 180 нм. Электрондардың вольфрам бетінен шығу жұмысын табыңдар.

    • ІІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. Сұрақтар қою.

    1. Қандай жағдайда рентгендік сәулелер пайда болады?

    2. Рентгендік түтікшенің жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?

    3. Электродтарға кернеу түсірілсе, зарядталған бөлшектер не себептен үдеу алады?

    4. Қандай элементтер радиоактивті элементтер дейді?

    5. Радиактивті сәулелену дегеніміз не?

    6. Атомның планетааралық моделі қандай тәжірибеге негізделген?

    7. Атом ядросының құрамы қандай?

    8. Квант гипотезасы қалай оқылады?

    9. Квант дегеніміз не?

    10. Фотоэффект дегеніміз не?

    11. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?

    12. Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы қалай жазылады?

    13. Жарық дуализм дегеніміз не?

    14. Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?

    15. Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп нені айтады?

    • ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: Қайталау.

    • 9а сынып № 49 сабақ ____________________



    • Сабақтың тақырыбы: Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері. Масса ақауы.



    • Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ядролық әрекеттесу, ядролық күш, масса ақауы туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

    3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.



    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау



    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.



    • Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,



    • Сабақтың барысы:

    • І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

    • 1. Сәлемдесу;

    • 2. Оқушыларды түгендеу;

    • 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

    • 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

    • 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

    • А) теориялық білімдерін тексеру.

    • Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

    • Б) есептерін тексеру.

    • ІІІ. ДК Бақылау жұмысын сараптау.

    • ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

    • Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша ядролық әрекеттесу, ядролық күш, масса ақауымен танысамыз.

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • Ядролық күштер

    •  Ядролар өте орнықты болғандықтан, протондар мен нейтрондарды ядро ішінде белгісіз және өте үлкен күштер ұстап тұруы тиіс. Бұл нендей күш? Бұл өте әлсіз гравитациялық күш емес екендігін алдын ала айтуға болады. Ядроның орнықтылығын электромагниттік күштермен түсіндіру мүмкін емес, себебі аттас зарядталған протондардың арасында электрлік тебілу бар, ал нейтрондардың электр заряды жоқ.

    • Ендеше, ядролық бөлшектердің - протондар мен нейтрондардың (көбінесе оларды нуклондар деп атайды) арасында ерекше күштер әсер етеді. Олардың ядролық күштер деген аты өзінен-өзі табылады. Ядролық күштердің негізгі қасиеттері қандай?

    • Ядролық күштер электрлік (нуклондық) күштерден 100 есеге жуық артық. Бұл табиғатта кездесетін күштердің ең қуаттысы. Сондықтан ядролық бөлшектердің өзара әсерін көбінесе күшті өзара әсерлер деп атайды.

    • Сонымен бірге, күшті өзара әсерлер тек ядролардағы нуклондардың өзара әсері ғана емес. Бұл электромагниттік өзара әсермен қатар, көптеген элементар бөлшектерге тән өзара әсердің ерекше түрі.

    • Ядролық күштердің басқа маңызды ерекшелігі - бұл олардың қысқа мерзімді әсер ету сипаты. Электромагниттік күштер ара қашықтыққа байланысты біршама баяу кемиді. Ядролық күштер шамасы жөнінен ядроның өлшемдеріне тең (10-12 - 10-13см) ара қашықтарда едәуір біліне бастайды. Мұны атом ядроларының -бөлшектерді шашыратуы жөнінен Резерфорд жасаған тәжірибелер көрсетті. Ядролық күштер бейнелеп айтсақ, “өте қысқа қолды батыр». Ядролық күштердің дәйекті сандық теориясы әлі де болса құрыла қойған жоқ. Бұл теорияның құрылуы жолындағы айтарлықтай табыстарға жақында ғана, соңғы 10-15 жылда қол жетті.

    • Атомдардың ядросы протондар мен нейтрондардан құралады. Бұл бөлшектерді ядроның ішінде ядролық күштер ұстап тұрады.

    •  VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    • §56, 57 дайындық сұрақтарын талдау.

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    1. 44-жаттығу № 1,3

    2. 45-жаттығу. № 1,3

    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §56, 57 дайындық сұрақтары. 44-жат №2, 45-жат №2

    • 9а сынып № 50 сабақ ____________________



    • Сабақтың тақырыбы: Ядроның байланыс энергиясы.



    • Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Ядроның байланыс энергиясын үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

    3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.



    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау



    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.



    • Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,



    • Сабақтың барысы:

    • І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

    • 1. Сәлемдесу;

    • 2. Оқушыларды түгендеу;

    • 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

    • 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

    • 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

    • А) теориялық білімдерін тексеру.

    • Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

    • Б) есептерін тексеру.

    • ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

    • Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша ядроның байланыс энергиясымен танысамыз.

    1. Нуклондардың арасындағы гравитациялық және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады?

    2. Ядролық күш дегеніміз қандай күш?

    3. Ядролық күштердің қасиеттері қандай?

    4. Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем алынады?

    5. Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?

    6. Атомдық және ядролық физикада энергия бірлігіне не алынады?

    7. Масса ақауы дегеніміз не және оны қалай есептеуге болады?

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • Атом ядросының байланыс энергиясы



    • Ядролық физикада аса маңызды рөл атқаратын ұғым ядроның байланыс энергиясы. Байланыс энергиясы ядроның орнықтылығын түсіндіруге, ядролық энергияның бөлініп шығуына келтіретін қандай процестер екенін айқындауға мүмкіндік береді.

    • Нуклондар ядро ішінде ядролық күштермен мықтап ұстасқан. Нуклонды ядродан бөліп алу үшін, зор жұмыс істелуі керек, яғни ядроға едәуір энергия беру керек.

    • Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз — ядроны түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажет энергия. Энергияның сақталу заңының негізінде жеке бөлшектерден ядро түзілгенде бөлініп шығатын энергия байланыс энергиясына тең деп сенімді түрде айтуға болады. Атом ядроларының байланыс энергиясы өте көп. Бірақ оны қалай табу керек?

    • Қазіргі кезде байланыс энергиясын атомдағы электрондар үшін жасалғандай етіп теориялық жолмен есептеу мүмкін емес. Осыған сәйкес есептеулерді тек масса мен энергияның арасындағы Эйнштейн қатынасын қолданып қана орындауға болады:

    • (1)

    • Ядроның массаларын өте дәл өлшеулер ядроның тыныштық массасы МЯ әрқашан оны құраушы протондар мен нейтрондардың тыныштық массаларының қосындысынан кем болатындығын көрсетті:

    • (2)

    • Массалар ақауы дейтін болады: массалардың айырымы оң сан:



    • Мысалы, гелий үшін ядроның массасы екі протон мен екі нейтрон массаларының қосындысынан 0,75% кем. Соған сәйкес гелийдің бір молі үшін

    • Нуклондардан ядро пайда болғанда массаның кемуі, бұл жағдайда осы нуклондар жүйесінің энергиясы Ебайланыс энергиясының шамасына кемитіндігін көрсетеді:



    • (3)



    • Бірақ мұнда Е бай энергиясы мен DМ масса қайда кетеді?

    • Бөлшектерден ядро түзілгенде бөлшектер, ара қашықтық үлкен болмағанда, ядролық күштер әсерінің есебінен бір-біріне орасан зор үдеумен ұмтылады. Мұнда шығарылатын -кванттың энергиясы Е бай, ал массасы:



    • болады. Байланыс энергиясы шамасының қаншалықты үлкен екендігін мысалмен түсіндіруге болады: гелий пайда болғанда шығатын энергия мен 1,5-2 вагон тас көмір жанғанда бөлініп шығатын энергияға тең болады.

    • Меншікті байланыс энергиясының массалық А санға тәуелділігіне қарап ядролардың қасиеттері жөнінде негізгі ақпарат алуға болады.

    • Меншікті байланыс энергиясы деп ядроның бір нуклонына сәйкес келетін байланыс энергиясын атайды. Оны эксперимент жүзінде анықтайды.

    • Ең жеңіл ядроларды есептегенде меншікті байланыс энергиясы шамамен тұрақты және 8 МэВ/нуклонға тең екені 1-суреттен жақсы көрінеді. Сутегі атомындағы электрон мен ядроның иондау энергиясына тең байланыс энергиясы ол шамадан миллион есе дерліктей кіші.

    • 1-суреттегі қисық максимум мәнге жетпеген. Максимал меншікті байланыс энергиясы (8 МэВ/нуклон) болатындар массалық сандары 50-ден 60-қа дейінгі элементтер болып келеді. Бұл элементтердің ядролары ең орнықты.

    • Z-тің өсуіне қарай протондардың кулондық тебілу энергиясы артатын болғандықтан, ауыр ядролардың меншікті байланыс энергиясы кемиді. Кулондық күштер ядроны жаруға тырысады.

    • Ядродағы бөлшектер бір-бірімен күшті байланысқан. Бөлшектердің байланыс энергиясы масса ақауымен (дефектісі) анықталады.

    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    • §58 дайындық сұрақтарын талдау.

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    1. Оттегі-17 атомы ядросын протондар мен нейтрондарға ыдырату үшін қандай ең аз энергия шығындау керек? Ядроның меншікті байланыс энергиясы қандай?

    2. 46-жаттығу №2

    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §58 дайындық сұрақтары. 46-жаттығу № 1,3.

    • 9а сынып № 51 сабақ ____________________



    • Сабақтың тақырыбы: Радиоактивтік сәуле шығарудың табиғаты.



    • Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Радиоактивтік сәуле шығарудың табиғаты туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

    3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.



    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау



    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.



    • Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,



    • Сабақтың барысы:

    • І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

    • 1. Сәлемдесу;

    • 2. Оқушыларды түгендеу;

    • 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

    • 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

    • 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

    • А) теориялық білімдерін тексеру.

    • Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

    • Б) есептерін тексеру.

    • ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

    • Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиоактивтік сәуле шығарудың табиғатымен танысамыз.

    1. Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз қандай энергия?

    2. Байланыс энергиясы мен масса ақауы арасында қандай тәуелділік бар?

    3. Меншікті байланыс энергиясы деп қандай энергияны айтамыз?

    4. Ядролық энергияны босатып алудың қандай жолдары бар?

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • Альфа-бөлшектер

    •  

    • -бөлшектердің табиғатын анықтау анағұрлым қиын болды, себебі олар магнит және электр өрістерінде нашар ауытқиды.

    • Бұл мәселені тыңғылықты етіп Резерфорд шешті. Ол магнит өрістеріндегі ауытқуына қарап, бөлшектің q зарядының оның m массасына қатынасын өлшеді. Ол шамамен протондікінен — сутегі атомының ядросынікінен — екі есе аз екен. Протон заряды элементар зарядқа тең, ал оның массасы массаның атомдық бірлігіне өте жақын. Олай болса -бөлшектің бір элементар зарядына массаның екі атомдық бірлігіне тең масса сәйкес келеді.

    • Бірақ -бөлшектің заряды мен оның массасы белгісіз болып қала берді. -бөлшектің не зарядын, не массасын өлшеу керек болды. Гейгер санағышы жасалған соң зарядты өлшеу оңай да сенімді болды. Жұқа терезе арқылы -бөлшектер санағыш ішіне өте алады және оны санағыш тіркейді.

    • Резерфорд -бөлшектер жолына Гейгер санағышын қойып, радиоактивті препараттардың белгілі бір уақыт ішінде шығарған бөлшектер санын өлшеді. Сонан соң санағыш орнына сезгіш электрометрмен қосылған металл цилиндр қойды (3-сурет).

    • Бөлшектер шығаратын көздің цилиндр ішінде сондай уақытта шығарған -бөлшектерінің зарядын Резерфорд электрометрмен өлшеді (көптеген заттардың радиоактивтігі уақыт өтуімен өзгермейді деуге болады). a-бөлшектердің қосынды зарядын және олардың біле отырып, Резерфорд сол шамалардың қатынасын, яғни бір -бөлшектің зарядын анықтады. Сол заряд элементар екі зарядқа тең болып шықты.

    • Сонымен, ол -бөлшектің элементар екі зарядының әрқайсысына массаның екі атомдық бірлігі сәйкес келетінін анықтады. Олай болса, элементар екі зарядқа массаның төрт атомдық бірлігі сәйкес келеді екен. Осындай заряд және осындай салыстырмалы атомдық масса гелий ядросында болады. Осыдан -бөлшек – гелий атомының ядросы деген қорытынды шығады.

    • Резерфорд қолы жеткен нәтижемен тоқтап қалмай, бұдан соң тағы тікелей тәжірибелермен радиоактивтік -ыдырауда гелий пайда болатынын дәлелдеді. Бірнеше күн бойы -бөлшектерді арнаулы резервуарға жинап, Резерфорд спектрлік анализдің жәрдемімен ыдыстың ішіне гелийдің жиналғандығына көз жеткізген (әрбір бөлшек екі электронды қармап алып, гелийдің атомына айналып отырған).

    • Радиоактивті ыдырау кезінде -сәулелер (гелий атомының ядросы), -сәулелер (қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару) және -сәулелер (электрондар) туындайды.

    •  Бета-сәулелер

    •  Басынан бастап-ақ - және -сәулелер зарядталған шектердің ағыны түрінде қарастырылған. Ең оңайы b-сәулелермен эксперимент жасау болады, себебі олар магнит өрісінде өте күшті ауытқиды.

    • Негізгі мәселе бөлшектердің заряды мен массасын анықтауда болды. Бөлшектердің электр мен магнит өрісіндегі ауытқуын зерттеу арқылы, бұлар жарық жылдамдығына жакын өте жоғары жылдамдықтармен қозғалатын электрондар екендігі анықталды. Алынып отырған радиоактивті элемент шығарған b-бөлшектердің жылдамдығы бірдей еместігінің

    • маңызы бар. Жылдамдықтары алуан түрлі бөлшектер кездеседі. Бұл -бөлшектер шоғының магнит өрісіндегі ұлғаюына себеп болады (1- сурет).

    •  Гамма-сәулелер

    •  Өзінің қасиеттеріне қарағанда -сәулелер рентген сәулелеріне өте ұқсас, бірақ олардың өтімділік қабілеті рентген сәулелерінен анағұрлым артық. Бұл -сәулелер электромагниттік толқындар болуы керек деген ой туғызады. -сәулелердің кристалдардағы дифракциясы анықталып, олардың толқын ұзындығы өлшенген соң, ол жөнінде ешбір күдік қалмады. Олардың толқын ұзындықтары өте аз – 10-8 -нен 10-11см-ге дейін.

    • Электромагниттік толқыңдар шкаласында -сәулелер тікелей рентген сәулелерінен соң келеді. -сәулелердің таралу жылдамдығы барлық электромагниттік толқындардікі сияқты факкумда 300 000 км/с-қа жуық.

    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    • §59 дайындық сұрақтарын талдау.

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    • №1 К. ядросының байланыс энергиясын және меншікті байланыс энергиясын табыңдар.

    • №2 К ядросының байланыс энергиясын және меншікті байланыс энергиясын табыңдар.

    • №3 К

    • Алюминийді () -бөлшекпен атқылағанда протонды ыршытып шығарумен қарбалас өтетін ядролық реакцияны жазыңдар.

    • №4 К

    • Борды () -бөлшекпен атқылағанда нейтронды ыршытып шығарумен қарбалас өтетін ядролық реакцияны жазыңдар.



    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §59, дайындық сұрақтары. 47-жаттығу

    • 9а сынып № 52 сабақ ____________________



    • Сабақтың тақырыбы: Атом ядросының физикалық негіздері. Сындық (кризистік) масса. Ядролық реактор.



    • Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Атом ядросының физикалық негіздері. Сындық (кризистік) масса. Ядролық реактор туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

    3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.



    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау



    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.



    • Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,



    1. Ядролардың ыдырауы деп нені айтады, оның себептері қандай?

    2. Ядролардың бөлінуі деп нені айтады?

    3. Жартылай ыдырау периоды деген қандай уақыт?

    4. Радиоактивті ыдырау заңы қалай өрнектеледі?

    5. Тежегіштер дегеніміз не? Олар қандай мақсатта және не себептен қолданылады?

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • Кризистік масса

    •  Реактордың өлшемдері оған сәйкес уранның массасы белгілі бір кризистік мәндерінен артқан жағдайда ғана көбею коэффиценті бірге тең болады. Кризистік масса деп бөлінетін заттың тізбекті ядролық реакция жүре алатындай ең кіші массасын айтады.

    • Өлшемдері шағын болғанда реактордың активті аймақтың беті арқылы (ураны бар стержень орналасатын көлем) нейтрондардың шығыны өте көп болады.

    • Жүйенің өлшемдерін арттырғанда бөлінуге қатысатын ядролардың саны көлемге пропорционал, ал шағын болатын нейтрондардың саны беттің ауданына пропорционал өседі. Сондықтан жүйені үлкейту арқылы көбею коэффициентінің мәндеріне жеткізуге болады. Егер қармалатын және шағын болатын нейтрондар саны бөліну процесінде алынатын нейтрондардың санына тең болса, онда жүйенің өлшемдері кризистік өлшем болады. Кризистік өлшемдер және оған сәйкес кризистік масса ядролық отынның түріне, баяулатқышқа және реактордың конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

    • Шар тәрізді таза уран үшін (баяулатқышсыз) кризистік масса 50 кг-ға жуық. Бұл жағдайда шардың радиусы жуықтап алғанда 9 см болады (уран өте ауыр зат). Нейтрондарды баяулатқыштарды және бериллийден жасалған нейтрондарды шағылдырушы қабықшаларды қолдана отырып, кризистік массаны 250 г-ға дейін азайту мүмкін болды.

    • Реакторды басқару кадмийі немесе боры бар стерженьдердің жәрдемімен орындалады. Стерженьдер активті аймақтан толық шығарылған кезде к>1 болады, ал стерженьдер толық енгізілген қалпында к<1 болады. Активті аймақтың ішіне стерженьдерді бірте-бірте енгізіп, кез келген уақыт мезетінде тізбекті реакцияның әрі қарай үдеуін тоқтатуға болады. Ядролық реакторларды басқару ісі ЭЕМ көмегімен қашық жерден жүзеге асырылады.

    •  

    • Ядролық реакторлардың негізгі элементтері

    •  

    • Суретте ядролық реакторы бар энергетикалық қондырғының сүлбесі келтірілген.

    • Ядролық реактордың негізгі элементтері мыналар: ядролық отын (, ) және т.б. нейтрондарды баяулатқыш (ауыр су немесе кәдімгі су, графит т.б.) реактор жұмыс істеген кезде пайда болатын энергияны әкетуге арналған жылу тасымалдағыш (су, сұйық натрий т.б.) реакциялардың жылдамдығын реттеуші құрылғылар (реактордың жұмыстық кеңістігіне ендірілетін нейтрондарды жақсы жұтатын кадмий немесе бор сияқты заттары бар стерженьдер).

    • Реакторды сыртынан - сәулесі мен нейтрондарға тосқауыл болатын қорғаныс қабықшамен қоршайды. Қабықшаны темір толтырғыш бар бетоннан жасайды.

    • Ауыр су ең жақсы баяулатқыш болып табылады. Кәдімгі судың өзі нейтрондарды қармап алып, ауыр суға айналдырады. Сондай-ақ ядролары нейтрондарды жұтпайтын графит те жақсы баяулатқыш болып табылады.

    •  



    •  

    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    • §61 дайындық сұрақтарын талдау.

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    • 1. уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі-ксенон , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.

    • 2. Жартылай ыдырау периоды 27 жыл болатын, 8 кг радиактивті цезийден 135 жылдан кейінгі қалған атомдарының массасы қандай? (0,25 кг)

    • 3. Радиактивті кобальттің жартылай ыдырау периоды 72 тәулік. Массасы 4г кобальттің 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі қандай?(3,5 г).

    • 4. уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі- , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.

    • ,



    • ТЕРМОЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР



    • Жеңіл ядролар энергия бөле отырып бірігуі мүмкін.

    • Тыныштықтағы уран ядросының массасы, ядро бөлінетін жарықшақтардың тыныштықтығы массалары қосындысынан артық. Жеңіл ядролар үшін жағдай керісінше. Мысалы, гелий ядросының тыныштықтағы массасы гелий ядросының құрамды бөлігі екі ауыр сутегі ядросының тыныштық массаларының қосындысынан аз.

    • Бұл -- екі жеңіл ядро біріккенде тыныштық массасы азаяды, ендеше, көп мөлшерде энергия бөлініп шығады деген сөз. Жеңіл ядролардың бірігуіндегі мұндай реакциялар термоядролық реакциялар деп аталады, себебі олар тек өте жоғары температураларда ғана жүре алады.

    • Термоядролық реакциялар - бұл жеңіл ядролардың өте жоғары температураларда бірігу реакциясы.

    • Ядролардың бірігуі үшін олардың 10-12 см шамасына жақындауы, яғни олардың ядролық күш әсерінің сферасына түсуі қажет. Мұндай жақындауға ядролардың кулондық тебілуі кедергі жасайды, оны тек ядроның жылулық қозғалысының өте зор кинетикалық энергиясының есебінен ғана жеңуге болады.

    • Термоядролық реакцияларда бөлініп шығатын бір нуклонға есептелген энергия, ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлініп шығатын меншікті энергиядан артып кетеді. Мысалы, ауыр сутегі - дейтерий сутегінің аса ауыр изотопы - тритиймен біріккенде бір нуклонға 3,5 МэВ-қа жуық энергия бөлінеді. Уранның бөлінуі кезінде бір нуклонға шамамен 1 МэВ энергия бөлінеді.

    • Термоядролық реакциялар Әлемнің эволюциясында шешуші рөл атқарады. Күн мен жүлдыздардың сәуле шығару энергиясының термоядролық тегі бар. Қазіргі болжамдар бойынша, алғашқы даму кезінде жұлдыздар негізінде сутегінен құралған. Жұлдыздың ішіндегі температураның жоғары болатыны сонша, оның ішінде протондардың бірігуінің реакциясы гелий түзілуімен қатар жүреді. Бұдан кейін гелий ядроларының бірігуі кезінде неғұрлым ауыр элементтер де түзіледі. Осы реакциялардың бәрі энергия бөліп шығарумен қабаттаса өтеді, ол миллиардтаған жылдар бойынша жұлдыздардың жарық шығаруын қамтамасыз етеді.

    • Жерден басқарылатын термоядролық реакцияны пайдалану мәселесін шешу адамзатқа іс жүзінде таусылмайтын энергияның көзін береді. Бұл бағытта ең перспективті болып есептелетін реакция - дейтерийдің тритиймен бірігу реакциясы:



    • Бұл реакцияда 17,6 МэВ энергия бөлінеді. Тритий табиғатта жоқ болғандықтан, ол термоядролық реактордың өзінде литийден өндірілуі тиіс.

    • Есептеулер көрсеткендей, экономикалық жағынан тиімді реакция, реакцияға түсетін заттарды жүз миллиондаған градус шамасына дейін қыздырғанда ғана заттың үлкен тығыздығында (1 см3-де бөлшек 1014 - 1015) жүре алады. Мұндай температураларды плазмада қуатты электр разрядтарын туғызу арқылы алуға болады. Бұл бағыттағы негізгі қиыншылық - осындай жоғарғы температурадағы плазманы қондырғының ішінде 0,1-1 с бойы ұстап тұру.

    • Бұған ешбір заттан жасалған қабырғалар жарамайды, себебі соншалықты жоғары температурада олар бірден буға айналып кетеді. Жоғары температурадағы плазманы шектеген көлемде ұстап тұрудың бірден-бір мүмкін болатын әдісі өте күшті магнит өрістерінің әсерін пайдалану болып табылады. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселені толық шешу плазманың тұрақсыздығынан мүмкін болмай келеді. Бұл тұрақсыздық зарядталған бөлшектердің бір бөлігін магниттік "қабырғалардан" өтетін диффузияға әкеліп соғады.

    • Қазіргі уақытта таяудағы 10-20 жылдың ішінде термоядролық реакторлар жасалады деген сенім бар. Басқарылатын термоядролық реакцияны алу жолында ғалымдар үлкен табыстарға қол жеткізді. Бұл жұмыстар Л.А.Арцимович пен М.А. Леонтовичтің басшылығымен басталған және олардың шәкірттері жалғастырып жүргізіп жатыр.

    • Әзірше қопарылыс түріндегі басқарылмайтын синтез реакциясын ғана сутегі (немесе термоядролық) бомбасында жүзеге асыруға мүмкін болды.

    • Басқарылатын термоядролық реакцияларды жүзеге асыру адамзаттың энергетикалық проблемасын шешуге қабілетті. Сутегі бомбаларындағы басқарылмайтын термоядролық реакциялар адамзатты жойып жібере алады.
    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.


    • §62 дайындық сұрақтарын талдау.

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    1. Деңгейлік тапсырмалар.

    • І деңгей.

    • 1. Борды -бөлшектерімен атқылағанда нейтронды ыршытып шығарумен қарбалас өтетін ядролық реакцияны жазыңдар.

    • 2. Мына ядролық реакциядағы жетіспей тұрған белгілерді жазыңдар:



    • 3. Азот ядросын протондарға және нейтрондарға ыдыратуға қажет ең аз энергия қандай?

    • ІІ деңгей.

    1. Плутоний қандай радиактивті ыдырау нәтижесінде уранға айналады?

    2. Натрий қандай радиактивті ыдырау нәтижесінде магнийге айналады?

    3. Радиактивті элементтің активтілігі 8 тәулікте 4 есе кеміген. Жартылай ыдырау периодын табыңдар.

    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §62, дайындық сұрақтары.

    • Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

    • Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

    • Сабақтың көрнекіліктрі: Заттың қандай күйін плазма дейміз?

    1. Термоядролық реакциялар дегеніміз қандай реакциялар?

    2. Басқарылатын термоядролық реакцияны алу үшін қандай проблемаларды шешу керек?

    3. Токамак деген қондырғының жұмысы қандай физикалық идеяларға негізделген?

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • ИЗОТОПТАР

    •  Радиоактивтік кұбылысты зерттеу атом ядроларының табиғатына қатысты маңызды жаңалықтардың ашылуына себепші болды.

    • Көптеген радиоактивтік түрленулерді бақылау нәтижесінде радиоактивтік қасиеттері мүлдем әртүрлі (яғни түрліше тәсілдермен ыдырайтын), бірақ өздерінің химиялық қасиеттері жөнінен барабар заттар бар екені анықталды. Белгілі химиялық тәсілдердің бәрімен де оларды ажырату ешбір мүмкін болмады. Осының негізінде 1911 ж. Содди химиялық қасиеттері бірдей, басқа жағынан, мәселен өзінің радиоактивтігімен ұқсамайтын элементтер бар екені жөнінде болжам айтты. Мұндай элементтерді Менделеевтің периодтық жүйесінің бір тор кезіне орналастыру керек. Сондықтан Содди оларды изотоптар (яғни периодтық жүйеде бірдей орын алатындар) деп атады.

    • Бір жылдан соң Дж.Томсон электр және магнит өрісіндегі ауытқу тәсілімен неон индарының массасына дәл өлшеулер жүргізген кезде Соддидің болжамы ойдағыдай дәлелденіп, оған терең түсініктеме берілді. Томсон неон атомдардың екі түрінің қоспасы екенін байқады. Олардың басым көпшілігінің салыстырмалы атомдық массасы 20-ға тең. Бірақ салыстырмалы атомдық массасы 22-ге тең аздаған атомдар қоспасы да бар. Осының нәтижесінде қоспаның салыстырмалы атомдық массасы, 20,2-ге тең. Бірдей химиялық қасиеттері бар атомдардың массаларында айырмашылық байқалды. Неонның екі түрінің де Менделеев кестесінде бірдей орын алатындығы анық, ендеше, олар изотоптар болып табылады. Сонымен, изотоптардың тек өздерінің радиоактивтік қасиеттері жағынан ғана емес, массасы жағынан да айырмашылығы болады екен. Сонымен бірге соңғы жағдай басымырақ рөл атқарады. Изотоптарда атом ядроларының зарядтары бірдей болады. Сондықтан атом қабықшаларындағы электрондар саны, демек, изотоптардың химиялық қасиеттері бірдей. Бірақ ядроның массалары әртүрлі. Сонымен қатар, ядролар радиоактивті де, тұрақты да бола алады. Радиоактивті изотоптар қасиеттерінің түрліше болуы олардың ядроларының массалары әр түрлі болуына байланысты.

    • Қазіргі уақытта химиялық элементтердің бәрінің изотоптары бар екендігі анықталған. Кейбір элементтердің изотоптары тұрақты болмайды (яғни радиоактивті). Изотоптар табиғаттағы ең ауыр элемент — уранда (салыстырмалы атомдық массасы 238, 235 т. б.) және ең жеңіл — сутегінде де (салыстырмалы атомдық массасы 1, 2, 3) бар.

    • Әсіресе сутегінің изотоптары ерекше, себебі массасы жағынан екі немесе үш есе айырмашылығы бар. Салыстырмалы атомдық массасы 2 болатын изотоп дейтерий деп аталады. Ол стабильді (яғни радиоактивті емес) және әдеттегі сутегіне аздаған қоспа (1:4500) түрінде енеді. Дейтерий оттегімен қосылғанда ауыр су пайда болады. Оның физикалық қасиеттері кәдімгі судың қасиетінен анағұрлым бөлек. Қалыпты атмосфералық қысымда ол 101,2° С-та қайнайды да, 3,8°С-та қатады.

    • Салыстырмалы атомдық массасы 3 болатын изотоп тритий деп аталады. Ол -радиоактивті, жартылай ыдырау периоды 12 жылға жуық.

    • Изотоптардың болуы, атом ядросының заряды атомдардың барлық қасиеттерін анықтамай, тек химиялық қасиеттері мен электрон қабықшасының маңына байланысты физикалық қасиеттерін, мысалы, өлшемдерін анықтайтындығын дәлелдейді. Атомның массасы мен радиоактивтік қасиеттері оның Менделеев кестесіндегі реттік нөмірімен анықталмайды. Изотоптардың салыстырмалы атомдық массаларын дәл өлшегенде олардың бүтін саңдарға өте жақын болатындығының елеулі маңызы бар. Кейбір химиялық элементтердің атомдық массаларының бүтін саннан айырмашылығы көп болады. Мысалы, хлордың салыстырмалы 35,5-ке тең. Бұл табиғи күйде химиялық таза зат изотоптардың әртүрлі пропорциялардағы қоспасы болып келетіндігін көрсетеді. Изотоптардың салыстырмалы атомдық массаларының бүтін сан болуының (жуықтап алғанда) атом ядросының құрылысын анықтауда маңызы зор.

    • Химиялық элементтердің бәрінің изотоптары бар. Изотоптар атомы ядросының зарядтары бірдей, бірақ массалары әртүрлі.

    • 4.



    • ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

    1. Элементар бөлшектер деп қандай бөлшектерді айтамыз?

    2. Бөлшек пен антибөлшектің айырмашлығы?

    3. Ғарыш сәулелері дегеніміз не?

    4. Радиоактивті сәулелердің қауіптілігі?

    • ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

    • Бүгінгі негізгі мақсатымыз «Әлем» жайында, оның пайда болуы туралы түгел мәлімет алу, аспан әлемінің басқа да денелерімен танысу, эксперименттік зерттеулердің нәтижелерімен танысу.

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • 1. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы мәлімет беру.

    • Ғарыш сәулелерінің пайда болуы – жұмбақ..Алайда олардың пайда болуын қартайған жұлдыздардың қойнауында жүріп жатқан процестер арқылы түсіндіруге негіз бар.Шынында да, жұлдыздарда термоядролық отын таусылғаннан кейін,ядроларбың бірігуі реакциясы кезінде туатын ғаламат зор сәулелік қысым жойылады. Сөйтіп, гравитациялық тартылыс күші, өзіне қарсы бағытталған сәулелік қысым жойылысымен, жұлдыз массасын оның центріне қарай алапат зор күшпен қысады. Егер осындай күшке Жер немесе Күн тап бола қалса, онда Жер радиусы бар болғаны 1см. Шардың, ал Күн радиусы 3км. Шардың аумағына сыйып кетер еді.Бұндай радиустарды гравитациялық радиус деп атайды.

    • 2. Пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз туралы түсінік беру.

    • Алапат гравитациялық қысым салдарынан жұлдыз атомдарының электрондары ядро ішіне еріксіз сығымдалады. Сөйтіп, электрондармен протондар бірігіп, нейтрондарды құрайды.Осылайша пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз пайда болады.

    • 3. Коллапс дегеніміз не?

    • Гравитациялық қысымның әсерінен пульсардың температурасы біртіндеп милиардтаған градустқа көтеріледі.Соңында қартайған жұлдызда жинақталған есепсіз мол ішкі энергия коллапс деп аталатын қопарылысқа алып келеді. Коллапста босайтын энергия Күннің бүкіл 10млрд. жыл бойы шығаратын энергиясынан 100есебей артық болады.Коллапсқа ұшыраған жұлдыз күндізге күн жарығынан да басым түсіп, көк жүзінде әсіре жарқырап барып сөнеді. Осндай коллапстарды біздің бабаларымыз да, қазіргі замандастарымыз да жай көзбен-ақ көрген. Көк жүзінде күндіздің өзінде де көзді ұялтып, кенеттен пайда болатын бұндай жұлдыздарды әсіре жаңа жұлдыз деп атайды.

    • Қазіргі Шаянтектес тұмандық 1054 жылдың 4 шілдесінде әсіре жаңа жұлдыздың жарылуынан кейін оның жұртында қалған қалдығы болып табылады.Ол бізден 3500 жарық жылындай қашықтықта орналасқан.Сол сияқты 1987ж. 23 ақпанда бізге жақын орналасқан( 16 мың жарық жылы) тағы бір әсіре жаңа жұлдыз коллапсқа ұшырады. Ал телескоптар алыс ғаламдардағы осындай коллапстарды жылына ондап тіркейді.Бізге жететін ғарыш сәулелерінің үштен бірі Шаянтектес тұмандық тұстарынан келеді.Соған қарап ғарыш сәулелерінің тууына коллапстар себеп болған деген ғылыми жорамал бар.Коллапсқа душар болған жұлдыздың материясы мүлдем жоғалып кетпейді.Олардың кеңістікке сейіліп кеткен бөлшектерінен қайтадан жаңа жұлдыздар мен басқа да денелер түзіледі.Біздің Күн жүйеміз де, сендер мен біздер де бір кездері жарылған және жаңадан пайда болған ғарыштық денелердің ұрпақтары болып табыламыз.

    1. Қара құрдымның пайда болуы туралы ақпарат.

    • Күннің орташа жұлдыз екенін білеміз. Ал Күннен массасы ондаған,жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық радиусқа дейін сығылса,онда олар “қара құрдымға” айналады.Гравитациялық радиус аймағанда зат сингулярлық күй деп аталатын ерекше бесінші күйге ауысады. Сөйтіп әлем дамуының барсында зат бес күйді басынан өткізеді.

    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    1. Әлем дегеніміз не?

    2. Пульсар дегеніміз не?

    3. Коллапс дегеніміз не?

    4. Қара құрдым дегеніміз не?

    • VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

    • Есеп шығарту

    • VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §65, 66, дайындық сұрақтары.



    • ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

    • А) теориялық білімдерін тексеру.

    • Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

    • Б) есептерін тексеру.

    • ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

    1. Элементар бөлшектер деп қандай бөлшектерді айтамыз?

    2. Бөлшек пен антибөлшектің айырмашлығы?

    3. Ғарыш сәулелері дегеніміз не?

    4. Радиоактивті сәулелердің қауіптілігі?

    5. Әлем дегеніміз не?

    6. Пульсар дегеніміз не?

    7. Коллапс дегеніміз не?

    8. Қара құрдым дегеніміз не?

    • ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

    • Бүгінгі негізгі мақсатымыз «Ғылыми техникалық өркениет және ноосфера»» жайында, оның пайда болуы туралы түгел мәлімет алу, аспан әлемінің басқа да денелерімен танысу, эксперименттік зерттеулердің нәтижелерімен танысу.

    • V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

    • 1. Элементар бөлшектер-өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшек.

    • 2. Бөлшектердің аннигиляциясы-антибөлшектер өзара әрекеттескенде орасан зор энергия босатып, басқа бөлшектерге түрленуі.

    • 3. Ғарыш сәулелері-әлем кеңістігінен келетін энергиясы аса үлкен бөлшектер.

    • 4. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туралы болжам.

    • 5. Пульсар –нейтрондық жұлдыз.

    • 6. Заттың сингулярлық күйі.

    • 7. Қара құрдым.

    • 8. Үлкен жарылыс.

    • 9. Ғылыми техникалық өркениет және ноосфера, экологиялық мәдениет.

    • VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

    1. Радиоактивті сәулелердің қауіптілігі?

    2. Әлем дегеніміз не?

    3. Пульсар дегеніміз не?

    4. Коллапс дегеніміз не?

    5. Қара құрдым дегеніміз не?

    • І нұсқа.

    • 1. уранның -ыдырауы реакциясын жазыңдар.

    • 2. ядросының Е-байланыс энергиясын және меншікті байланыс энергиясын табыңдар.

    • 3. көміртегін протондармен сәулелендіргенде көміртегі изотопы пайда болады. Бұл жағдайда қандай бөлшек шығады?

    • 4. Радиактивті кобальттің жартылай ыдырау периоды 72 тәулік. Массасы 4 г кобальттің 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі қандай?

    • ІІ нұсқа

    • 1. уранның -ыдырауы реакциясын жазыңдар.

    • 2. ядросының Е-байланыс энергиясын және меншікті байланыс энергиясын табыңдар.

    • 3. Екі протонның термоядролық қосылу реакциясы нәтижесінде дейтерий мен нейтрино пайда болады. Тағы қандай бөлшек пайда болады?

    • 4. Жартылай ыдырау периоды 10 мин радиактивті изотоптың 106 атомы бар. 20 мин ішінде осы атомдардың ыдырауға қанша атом ұшырайды?





    • \

    • 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    • ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.

    • І нұсқа.

    • 1. Автомобиль жылдамдығын 10с уақыт ішінде 36 км/сағ-тан 54 км/сағ-қа дейін арттырғанда, қандай үдеумен қозғалады?

    • 2. Тыныштық күйден 0,4 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль 20с ішінде қанша жол жүреді?

    • 3. Массасы 10кг денеге 10 с ішінде 20 Н күш әсер етеді. Дене қандай жылдамдық алады және көрсетілген уақыт ішінде қандай орын ауыстыру жасайды? Дененің бастапқы жылдамдығы 4 м/с. (Жылдамдық векторының бағыты күш векторының бағытымен сәйкес келеді). Дененің қозғалыс жылдамдығының графигін салыңдар.

    • 4. Математикалық маятниктің ұзындығы 40 см. Осы маятник тербелістерінің периоды Ай бетінде қандай болады? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2.

    • 5. Тас 10 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Қандай биіктікте тастың кинетикалық энергиясы оның потенциалдық энергиясына тең болады?

    • 6. Фотоэлектрондардың күміс бетінен шығу жұмысы 4,3 эВ. Күміс үшін фотоэффектінің ұзын толқындағы (қызыл) шекарасы қандай?

    • 7. Ядросында 8 протон және 9 нейтрон бар нейтрал атомның электрондар қабатында қанша электрон болатынын анықтаңыз.

    • ІІ нұсқа

    • 1. Пойыз жылдамдығын 5с уақыт ішінде 18 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін арттырғанда, қандай үдеумен қозғалады?

    • 2. Тыныштық күйден қозғала бастаған велосипедші 10с бойы 2 м/с2 үдеумен қанша жол жүреді?

    • 3. Массасы 4кг денеге 4 с ішінде 8 Н күш әсер етеді. Дене қандай жылдамдық алады және көрсетілген уақыт ішінде қандай орын ауыстыру жасайды? Дененің бастапқы жылдамдығы 0,5 м/с. (Жылдамдық векторының бағыты күш векторының бағытымен сәйкес келеді). Дененің қозғалыс жылдамдығының графигін салыңдар.

    • 4. Жүгінің массасы 250 г, ал серіппенің қатаңдығы 100 Н/м болатын серіппелі маятниктің еркін тербелістерінің периоды неге тең? .

    • 5. Массасы 50 г, тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен атылған жебені қозғала бастаған уақыттан 2 с өткендегі потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергиясының мәндері қандай?

    • 6. Фотоэлектрондардың цезий бетінен шығу жұмысы 1,8 эВ. Цезий үшін фотоэффектінің ұзын толқындағы (қызыл) шекарасы қандай?

    • 7. Ядросында 26 протон және 30 нейтрон бар нейтрал атомның электрондар қабатында қанша электрон болатынын анықтаңыз.

    • ІІІ. ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: Қайталау.


















































































































































    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет