САБАҚ: 4
Бөлім: «Махаббат пен абырой»
Тақырыбы: Д.Исабеков «Әпке» драмасы
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
СЫНЫП: 8
Пән: қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А/И 1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
А/И 3 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
(оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген)
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Шығармаға композициялық талдау жасай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Шығармадан көркемдегіш құралдарды (сатира, ирония, психологиялық параллелизм, гротеск) анықтайды, ойын мысалдар арқылы дәлелдей алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (сатира, ирония, психологиялық параллелизм, гротеск) қолданысын талдай отыра, автор стилін анықтай алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Композициялық талдау жасайды, көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіреді, автор стилін анықтайды.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
композиция, сатира, ирония, психологиялық параллелизм, гротеск
|
Алдыңғы оқу:
|
«Әпке» драмасының мазмұнын біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы
6 мин
|
Оқу мақсатымен таныстыру. Слайд арқылы оқушыларға оқу мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға бағалау критерийлері жазылған кеспе қағаз беру; сабақ бойы белгілеп отыруын ескерту.
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
+/-
|
1. Шығармаға композициялық талдау жасай алады.
|
1. Оқиғаның басталуын бір сөйлеммен жазады.
|
|
2. Оқиғаның байланысын бір сөйлеммен жазады.
|
|
3. Оқиғаның дамуын бір сөйлеммен жазады.
|
|
4. Оқиғаның шарықтау шегін бір сөйлеммен жазады.
|
|
5. Оқиғаның шиеленісуін бір сөйлеммен жазады.
|
|
6. Оқиғаның шешімін бір сөйлеммен жазады.
|
|
2. Көркемдегіш құралдарды (сатира, ирония, психологиялық параллелизм, гротеск) анықтайды, ойын мысалдар арқылы дәлелдей алады.
|
1. Шығармадан сатира кездесетін 1-2 үзінді келтіреді.
|
|
2. Шығармадан ирония кездесетін 1-2 үзінді келтіреді.
|
|
3. Шығармадан психологиялық параллелизм кездесетін 1-2 үзінді келтіреді.
|
|
4. Шығармадан гротеск кездесетін 1-2 үзінді келтіреді.
|
|
3. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (сатира, ирония, психологиялық параллелизм, гротеск) қолданысын талдай отыра, автор стилін анықтай алады.
|
1. Автор стилін анықтайды.
|
|
2. Өз көзқарасын білдіреді.
|
|
Топқа бөлу: «Түймедақ гүлі» әдісі арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. Шарты: тақтада ілініп тұрған түймедақ гүлі гүлтешесінің біреуін таңдап, астында жазылған сан бойынша екі топқа бөлінеді.
Гүлдің гүлтешесі сабақ соңында керек болатынын ескерту.
«Миға шабуыл» әдісі: оқушыларға сұрақтар қою.
Композициялық талдаудың құрылымын атаңдар.
Қандай көркемдегіш құралдарды білесіңдер?
Драма дегеніміз не? Драманың қандай түрлері бар?
«Әпке» шығармасының кейіпкерлерін атаңдар.
Шығарма желісі қалай басталады?
Шығарма немен аяқталады?
|
Слайд
Кеспе қағаз |