« Қай жануар қай топқа жатады?» дидактикалық ойыны.
52
жылан
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
бақа ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
БАЛЫҚТАР
аю
тоқылдақ БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР
балық ҚОСМЕКЕНДІЛЕР
құмырсқа ҚҰСТАР
Экологиялық есептер.
Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1 кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады?
Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12 кг шөп жесе, 3 маралға неше килограмм шөп керек?
53
Е сіңде болсын!
«Қызыл кітап» өсімдіктер мен жануарлардың қай түріне қауіп төнгені туралы ақпарат береді.
Жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерімен танысуға шақырады.
Жануарлар мен өсімдіктерге қауіп төнгенін ескертеді.
Жануарлар мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтауға кеңес береді.
Табиғат жанашырларының ережелері.
Ормандағы және шалғындағы гүлдерді жұлма.
Табиғатқа серуендеу кезінде айқайлама.
Жануарларды себепсіз өлтірме.
Бұталар мен ағаш бұтақтарын сындырма.
Суқоймаларды ластама.
27 – сабақ.
Табиғатты сүйіңдер және қорғаңдар!
( топ серуен )
Мақсаты: табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгін табиғатқа серуенге шығамыз Серуенге шықпас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейікші.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Әр мезгілдегі табиғаттың көрінісін ата.
Кімге қай мезгіл ұнайды және несімен ұнайды?
Қазақ халқының салт – дәстүрін сақтап, жақсы жерге қоныс тебейік.
Балалар, біз бүгін қаламыздың шағын бағына барамыз.
Біздің қаламыз туралы не білесіңдер?
Айналамызда жайқалып өсіп тұрған ағаштар. Қаламыздан өндірілетін фосфор жайлы әңгімелеп көрейік.
Ауданымыздың атап өтетін тағы қандай байлығы бар?
Түркістан ауылында бидай егіледі.
Ал ол егінді кімдер егеді?
Ағаларымыздың еңбектері Қазақстан, Отан, туған жер, ауыл үшін өте пайдалы. Олар бізге нан береді.
Ал нан туралы кім мақал-мәтел, өлеңдер біледі?
Т 54 уған жерімізде өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер?
Алабота, түймедақ, ақселеу, жусан.
Табиғаттың бір үзігі – өсімдіктердің де арқарар шаруасы көп. Олар адамға дәрі-дәрмек, ем болып, өмірлерін қауіп-қатерден қорғауға өз үлестерін қосады.
Қандай жануарлар тіршілік етеді?
Түлкі, қоян, қасқыр, дала тышқандары т.б.
Таза ауамен демалып, түрлі ойындар ойнау.
( «Ақ селеу, көк селеу» , «Мені құтқар», «Кім жылдам? » т.б. )
Қорытынды.
Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғау азаматтық борыш. Оны аялап, сүйе білейік. Табиғатты сүю үшін табиғат туралы көп білу керек. Ал мол білім - кітапта. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі.
Мысалы: сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқылы жайқалып тұрған орман – тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жыл керек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
28 – сабақ.
Таяу шетел, алыс шетел.
Кеңес Одағы тарап, ТМД ( Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ) құрылғаннан кейінгі кезеңде саяси басылымдарда «таяу шетелдер», «алыс шетелдер» деген ұғымдар пайда болды. «Таяу шетелдер» деп шартты түрде бұрынғы КСРО құрамында болған елдер атала бастады. Оған себеп бұл елдердің кезінде бір мемлекеттің құрамында болғандығы, экономикалық, мәдени – рухани жағынан жақын тұрғандығы болды. Кезінде бұл елдердің азаматтары бір-бірімен еркін араласып жатты, олардың қарым-қатынастары, тілдік кедергілері де болған жоқ. Бұрынғы КСРО – ның құрамында болмаған елдердің барлығы да «алыс шетелдер» қатарына жатады. Бізбен шекаралас ҚХР – да, бізге таяу жатқан Үндістан да осы топқа жатады. Қазақстан қазір таяу шетелдердермен де, алыс шетелдермен де экономикалық – мәдени байланыстар жасайды. Бұл жердегі негізгі ұстаным – екі жақты тиімділік. Демек, екі ел немесе елдер тобы арасындағы жасалатын шарттар сол актіге қатысушылардың бәріне де тиімді болуы керек.