САБАҚ: Алгебра
|
Мектеп: Кеңащы орта мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Кешуова К.С.
|
СЫНЫП: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы: ЕКІ АЙНЫМАЛЫСЫ БАР СЫЗЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ МАҒЫНАСЫНА ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ.
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулердің шешу алгоритмін қолданады. Есептер шығару арқылы білімдерін жүйелейді.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырата алады;
Оларды шешу алгоритмін біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Теңдеу графиктерінің бойында орналасқан нүктелер координаталары осы теңдеудің шешімі болатыны жөнінде нақты әрі тұрақты пікір қалыптастыра алады;
|
Кейбір оқушылар:
|
График салғыш Advanced Gapher программасы (АКТ) арқылы график салуды және шығарған есептерді тексеріп, тұжырымдайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулердің гео-метриялық мағынасын анықтай алады;
Олардың графиктерін салуға есептер шығара алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
График, теңдеу шешімі.
|
Алдыңғы оқу
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Ұйымдастыру . 1 мин.
Сабақтың ұраны:
Біз бәрін де білеміз
Білмесек ізденеміз.
Үйренеміз,талпынамыз,
Мақсатымызға жетеміз!
Психологиялық ахуал: 2мин.
«Аффирмация – өзін-өзі сендіру
МЕН КЕРЕМЕТПІН...»
Топқа бөлу
Әр оқушы таратылған карточкадан теңдеулердің түрін ажырату арқылы топқа бөлінеді. Карточкалар түрлі түсті: көк түс – көшбасшы, қызыл түсті –спикер, жасыл және сары түстер – қосымша тапсырмалар орындайды.
1-топ «Сызықтық теңдеулер»
2-топ «Сызықтық емес теңдеулер»
«БББ» кестесін толтыру. 1 мин.
«Білемін» «Білгім келеді» бағанына оқушылар белгілі бір тақырып немесе сұрақ түрінде жазып, стикерлерін іледі.
Үй тапсырамасын тексеру. 1мин
а) АКТ қолдану.
- Үйге берілген тапсырмалардың жауаптары экранға шығарылады.
(Үйге берілген есептің жауабын экраннан көріп оқушылар өзін-өзі бағалайды.)
Өткен сабақ бойынша қайталау 8 мин
«Домино» әдісі
Сұрақтар мен жауаптарды түрлі түсті қағаздарға жазады. Біріншіден, өз топтарында домино құрастырады, содан соң басқа топқа өз сұрақ-жауаптарымен ауысады. Қай топ доминоны бірінші құрастырып болса, сол топ қолдарын көтереді.
|
Слайд
Карточка
«БББ» кестесі
Интер белсенді тақта
«Бас бармақ» арқылы бағалау
Дұрыс жауапты
«Бағдаршам» арқылы бағалау
|
Ортасы
|
Практикалық тапсырма: 7 мин
Постер дайындау:
1-топ. «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және оның шешімі» тақырыбы бойынша
2-топ. «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және оның шешімі» тақырыбы бойынша
Оқулықпен жұмыс - 14 мин
а)Есептершығару:
Әр оқушының деңгейіне байланысты жеке тапсырмалар беріледі:
Сергіту сәті 1мин
«Адасқан теңдеулерді орналастыру» слайды көрсетіледі.
Сабақты бекіту.
«Карточкалар иерархиясы» 3 мин
Оқушыларға бірнеше карточка беріледі. Оқушылар оларды маңыздылығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады. Сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.
График сызғыш программа (Advanced Gapher) 3 мин
Әр топтағы бір оқушыға карточка беріледі. Есептердің жауабын компьютерде «График сызғыш программа (AdvancedGapher)» бағдарламасы арқылы көрсетеді.
Бекіту. 2 мин.
Венн диаграммасын құру
Сызықтық емес теңдеу
Сызықтық
теңдеу
|
Сызғыш;
Плакат;
Түрлі түсті маркерлер
Алгебра оқулығы
Деңгейлік тапсырма
Критерийал-ды бағалау
Слайд
Карточкалар
Компьютер
|
Аяқталуы
|
«БББ» кестесі . 1мин.
Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын толтырады.
Рефлексия 2мин
Өз ойларын стикерге жазу
Үйге тапсырма
Қорытынды
|
«БББ» кестесі.
Стикер
Слайд
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
| | |