1.Мұғалімнің сөзі – ой қозғау.
Балалар, әлемдегі қандай өнер мұражайларын, бейнелеу өнері
галереяларын білесіңдер?
(Третьяков галереясы, Лувр, Эрмитаж, т.б.) Ал Қазақстанда қандай өнер
мұражайы бар екен? ( Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайы) (Слайд көрсетіледі)
2. Сөздік жұмыс.
Мәдени-ағарту ісі – культурно-просветительское дело
Қор – фонд
Сала – отрасль, направление
Толықтырыла берді – дополнялось
Халықтық дәстүрлі қолөнер – народное традиционное прикладное искусство
Туынды – произведения
Шетелдерде – в зарубежных странах
Мәтінмен жұмыс. 56 бет (10минут)
Оқылым
«Ойлан – жұптас - бөліс» әдісі.
Жеке жұмыс: мәтінді әрбір оқушы жеке дара оқып шығады.
Жұппен жұмыс: мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтіннен түсінгенін бір – бірімен бөліседі.
Мәтінді оқыту
3. Мәтінді түсініп, оқу.
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай
Әбілхан Қастеев атындағы мұражай – бейнелеу өнері саласындағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісінің орталығы. Мұражай 1935 жылы құрылды. 1950 жылдан бастап оның
қоры Қазақстан суретшілері, мүсіншілері, графиктері мен кескінші-
лерінің ең таңдаулы деген шығармаларымен толықтырыла берді. 1976
жылдан бастап Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы өнері мен
халықтық дәстүрлі қолөнердің көрмесі ашылды.
Қазіргі кезде мұражайда Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс
және басқа елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік қолөнер
туындыларынан құралған 22 000-ға жуық экспонат бар.
Мұражай қорындағы туындылар республикалық көрмелерде және АҚШ, Жапония, Канада, Бельгия, Финляндия, Венгрия, Польша, Германия, Чехословакия, Норвегия, Иран, Ауғанстан сияқты шетелдерде де көрсетілді.
|