а) білімділігі: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін,құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Тақырыптық композиция және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. «Қыс қызығы» композициясын құрастыру. Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.
б) дамытушылығы: Оқушыларға композиция заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту;
в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу. Живопись өнерінің пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету.
Пейзаж жанры– табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Жылдың төрт мезгілі бар.Олар: қыс, күз, жаз, көктем. Біз бүгінгі сабағымызда қыс мезгіліне тоқталамыз. Қыс қызықтарына не жетсін! Достарыңмен уақытты көңілді өткізген тамаша-ақ қой! Қар лақтырып ойнау, қар қамалын тұрғызу,шаңғы тебу, шанамен сырғанау, аққала соғу. Қысқы орман табиғаты,қысқы дала көріністері де алуан түрлі. Табиғат көрінісін бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын перспектива заңдылықтарын міндетті түрде білуіміз керек. Бірінші зат бізден неғұрлым алыс тұрса,ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат-кеңістіктегі сұлу табиғатты көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу.
Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді.
Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас-қағым сәтте орындау «этюд» деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады.
Этюд орындау үш топқа бөлінеді:
Табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу:
Табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;