Бағалау: Оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне бағаларын қойып беремін.Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар, кітап не үшін керек?
Сенде қазақ тілі кітап бар ма?
Қалам не үшін керек?
Мектебің қай көшеде?
Үй тапсырмасын түсіндіңдер ме?
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар!
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 3
Тақырыбы: Қала. 5-сабақ.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен материалды сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталату, жаңа материалдарды түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлем құрату,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту,сөзжұмбақты шештіру;
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, көру, есту, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға,қаланы таза ұстауға,достыққа, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге,оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: әр түрлі қала суреттері ,Қостанай қаласының суреті, сөзжұмбақ, карточкалар,сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа даярлықтарын байқау;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Өткен материалдардан қайталау сұрақтарын қою;
II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
тексеру: - 11бет. 4-тапсырма. Орысша сөйлемді аударып жазу.
- Кім дайын? Кім дұрыс сөйлемді аударып жазып келді?
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық.Үй тапсырмасын сұрап,дәптерлерін тексеріп шығып,
күнделіктеріне бағаларын қоямын.
III Жаңа сабақ: - Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып
тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Қала» Мақсатымыз: Бір бір-бірімізге сұрақ қойып, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу,сурет бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап береміз,орысшадан қазақшаға сөздерді аударамыз.
Мұғалім сөзі: - Оқушылар, Қала сөзі туралы біраз әңгімелесейік. Қала деген не? Қалай түсінесіңдер? Қостанай ол не? Қандай қала? ҚР-нда қалалар өте көп. Мысалы: Алматы,Астана, Көкшетау.т.б.Әр қалалардың өзіне тән климаттық ауа рай, қазба байлықтары бар. Мысалы:Қостанайда қандай қазба байлық бар? Руда өндіреді иә ма?
К
Сен қайда тұрасың?
ітаппен жұмыс: 1- тап. 12 бет. Сұрақтарға жауап бер.
2 - тапсырма. Сурет бойынша айт.
Үстінде – на
Астында –под
Қасында - возле
Жаңа сөздер.
3 - тапсырма. Үлгі бойынша сөйле.
1.Алматы.
2
Қала . ..
.Алматыда тұрамын.
3.Мен Алматыда тұрамын.
4.Мен Алматыда Алтынсарин көшесінде тұрамын. Бұл
4
Ауыл ...
- тапсырма. Сұрақ қойып үрен.
Кітап ...
Б
Көше ...
ұл
Телефон ...
Дүкен ...
5-тапсырма. Сөйлемдерді аударып жаз.
Жеке тапсырмалар:
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Қандай қала аттарын білдіңдер, атаңдаршы?
Оқушылар,сабағымызды жұмбақты шешу арқылы бекітейік. Мен мәнерлеп жұмбақты оқимын, сендер ойланып шешіңдер. «Ойлан,тыңда,шеш»
Жұмбақ.
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі,
Қызыл,сары,жасыл. Бұл не?
V Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 14 бет. 6 тапсырма. Сөзжұмбақты ойланып шешіңдер. Дәптерлеріңе жазып келіңдер.
Бағалау: Белсене сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне бағаларын қойып беремін.Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Жаңа материалдар бойынша сұрақтарға жауап бер.
Сен қайда тұрасың?
Біздің облысымыз қай қала?
Астанамыз қай қала?
Ол қай жерде орналасқан?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 3
Тақырыбы: Достық. 2- сабақ.
Мақсаты: 1. Оқушыларға «дос» деген сөз туралы айт түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;
2. Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту,есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға ,достыққа, адал,адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді сыйлай білуге,оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: Суреттер, мәтіндер, карточкалар, сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
- Сынып тазалығын қарау;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Бүгін қандай күн?
- Қандай жыл мезгілі?
- Өткен материалдардан қайталау сұрақтарын қою;
II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
тексеру: - 6 бет. 6 -тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Кім дайын? Кім сұрақтарға дұрыс жауап берді.
- Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, дәптерлерін тексеріп шығып,
күнделіктеріне бағаларын қоямын.
III Жаңа сабақ: - Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Достық» Мақсатымыз: Бір бір-бірімізбен дос болуға үйрену, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу,сөйлемдерді аудару, сұрақтарға жауап береу,орысшадан - қазақшаға сөздерді аудару.
Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Дос» деген кімдер? Сенің досың бар ма? Дос деген бірге оқыған,бірге өскен құрбылар,сырласар достар. Ұл мен қыз немесе қыз бен қыз өмірде дос бола алады. «Ақылы көпті жау алмайды, досы көпті дау алмайды» деген мақал сөз бар. Құрбы – подруга.
Кітаппен жұмыс: 1- тап. 6 бет. Диалогті толықтырып сөйле.
Менің атым -----------------------.
Мен ----------- сыныпта оқимын.
Мен ----------- жастамын.
Менің ---------- , -----,- --------,---------- бар.
2 тапсырма. Досыңның отбасы туралы айт.
Бұл –менің досым (құрбым).
Оның аты .... .
Отбасында ... адам бар.
Олар ...,....., .... .
Ол ... көшесінде тұрады.
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударып сөйле.
учитель
Әкем
Әкең
врач
продавец
повар
4-тапсырма. Сұрақ қойып үйрен. Бұл - Сашаның атасы. Бұл ------атасы.
Мынау – менің атам. Мынау ----------? Аты – Иван Иванович.
Ол 60 жаста.Ол ------ жаста? Аты ----------------------?
Жеке тапсырма:
Емес – не (отрицание)
5-тапсырма. Есіңе түсір,қайтала.
Кітап емес,дәптер.
Дәптер емес, альбом.
Қалам емес, қарындаш.
Парта емес,үстел.
Терезе емес, есік.
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Өз достарың туралы айтыңдаршы.
- Сенің досыңның шашы ұзын ба?
- Бойы қысқа ма?
- Оқушылар,сабағымызды сөзжұмбақты шешу арқылы бекітейік. Мен сөздерді оқимын, сендер ойланып шешіңдер. «Тез ойлан тап»
Сұрақтар:
Д
|
ә
|
р
|
і
|
|
О
|
р
|
м
|
а
|
н
|
|
С
|
а
|
т
|
у
|
ш
|
ы
|
Т
|
а
|
қ
|
т
|
а
|
|
Ы
|
с
|
т
|
ы
|
қ
|
|
Қ
|
ұ
|
р
|
б
|
ы
|
|
лекарство
лес
продавец
доска
жарко
подруга
V. Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 7 бет. 5 тапсырма. Сөйлемдерді аударып жаз.Үлгі: Ата (возьмите) алыңыз.
Бағалау: Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне алған бағаларын қойып беремін.Оқушыларға алған бағаларын айтып,хабарлаймын.
VI Қорытынды кезең: «Менің досым». Тақырыбында шағын эссе жазыңдар. 10 мин. Уақыт беріледі.Болған оқушы эссесін оқиды,баға қоямын.
Қандай тақырып өттік?
Сабақ түсінікті болды ма?
Сабақ аяқталды!
Сау болыңдар!
Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 3
Тақырыбы: Кітапханаға саяхат.
Мақсаты: 1. Оқушыларға «саяхат» деген сөз жайлы түсінік беру, жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;
2. Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту,есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту,сөздік қорларын молайту;
3. Кітапханаға саяхат жасай отырып, кітапты оқуға,күтіп,таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: Суреттер, мәтіндер, карточкалар, т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар?
- Кім кезекші?
- Көңіл күйлерің жақсы ма?
- Оқу құралдарын түгел ме?
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Қандай сабақ?
- Қандай жыл мезгілі?
Достарыңызбен бөлісу: |