Сабақ бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы; Көлік кешені Мектеп; №111 Ж. Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп; №111 Ж .Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні;26 .01.2017ж
Мұғалімнің аты-жөні;
Сынып; 9
Қатысқандар саны;
Қатыспағандар саны;
Сабаққа негізделген оқу
мақсаты
Көлік кешені туралы маңызды ақпарат жинап, көлік кешенінің салаларын жайында түсіндіреді
Сабақ мақсаттары
Барлығы; Көлік кешені неліктен өндірістік салаға жатқызылатанын біледі. Кескін картаға Қазақстанның маңызды теміржол магистралдарын түсіреді
Көпшілігі; . Қазақстан шаруашылығының дамуы және халықтың өмірі үшін көліктің маңызын түсінеді Автомобиль көлігінің басқа көлік түрлерінің ерекшелігін талдайды
Кейбірі; . Қазақстан шаруашылығының автомобиль жолдары мен теміржол.Өз облысымызда көлік торабы баяндама
Тілдік мақсаты
Оқушылар; тақырыптағы жана сөздердің мағынысын түсіндіре алады қай жерде қолданатынын біледі.
Негізгі сөз тіркестер; инфрақұрылым, шикізат
Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған тармақтар; инфрақұрылым, аграрлы металлургия
Сіз неліктен екенін айта аласызба?
Көлік кешені маңызы қандай? Көлік зауыттары қай қалаларда орналасқан.
-Жеңіл өнеркәсібі жайында жан-жақты қарастыра алады
-Өнеркәсіптің негізгі ерекшеліктерін түсіндіріп бере алады
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Басталуы
Кіріспе
(5 минут)
А) СәлемдесуШаттық шеңбері «Жақыннан танысу» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын
Б) Үй тапсырмасын сұрау «Серпілген сауал» жаттығуы арқылы сұрадым Үш топтан
үш оқушыны таңдап алдым .Мақсатым оқушылардың
өткен тақырыпты қаншалықты менгергендігін білу үшін.. Тақырыпшалар жазылған әртүрлі пішіндегі оқушы санына байланысты кесілген ,қағаздарды алады және құрастырады.Парақшаларды құрастырған кезде топтың
Тапсырмасы шығады.
1-топ Мақта мата
2-топ.Кендір-кенеп
3-топ.Аң терісі
Ортасы;
Тұсаукесер
(5 минут)
Негізгі бөлім
(20 минут)
Парақшаларды құрастыру және топқа бөлу арқылы бүгінгі .Сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылды .Топтарда тапсырма парақшаларын құрастыру арқылы
Джигсо әдісі өздігінен іске асады.Джигсо әдісін қолданғандағы мақсатым ;Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімдерін жетілдіру.Оқушылар өз тапсырмаларын оқиды, талқылайды және плакат бетіне түсіріп қорғайды. Қорғау бар дәлелмен моделдеу әдісі арқылы картадан көрсетеді тақырыбына байланысты.
Бүгінгі сабақта түртпе,сынақтан өткізу,басқаға бағыттау арқылы сабақты пысқтаймын
1.Көлік кешені өнеркәсібі маңызы қандай?Көлік кешені салаларын кандай факторлармен анықтай алатынын айта аласыз ба? Келесі оқушыға сіздің пікіріңіз қандай?
2.Көлік өнеркәсібі аз болуы аумақты игеруді ,еңбек әлеуетінің ұлғаюын шектейді ме?Уөлік өнеркәсібіне бір екі мысал келтіре аласызба? Басқаға бағыттау Көлік өнеркәсібі аз болу не себебті сіздің ойыңыз кандай?
3 Көлік өнеркәсібі салалары арасында байланыс бар ма?Егер байланыс бар немес жоқ болса себебін түсіндіре аласыз ба? Жауабына байланысты ол жайында мысал келтіре аласыз ба?
Аякталуы
Қортынды
(10 минут)
Такырыпты қаншалықты меңгергендігін білу
мақсатында сабақты қортындылаймын.Ыстық
орындық тәсілі арқылы .Бүгінгі сабаққа кері байланысты екі жұлдыз бір тілек арқылы жазбаша түрде аламын.
5 минут
Үйге тапсырма. Осы тақырыпты түгел оқып келу.
Кері байланысты Бағдаршам әдісі арқылы жазбаша түрде алдым Бағалау парақшасына қызыл ,жасыл,сары түстер
арқылы бағалаймын
Қосымша ақпарат сайттар?
Саралау;Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау.Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде б.з.б. 3-мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді қалықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар «ат – ердің қанаты» деп есептеген. Бағзы бір замандарда «аттың жалында, түйенің қомында» жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, поезд, ұшақтарға ығыстыра бастады. Сөйтіп техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, құбыр желісін қамтитын және жеткілікті дәрежеде дамыған көлік жүйесі қалыптасқан. Қазақстан көлігі республика халық шаруашылығының салалық кешендерінің (аграрлық-өнеркәсіптік, отын-энергетикалық, кен-металлургиялық, құрылыс кешендері мен басқа да кешендердің) қалыптасуын ескере отырып дамытылған, ол экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендердің де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Көліктің барлық түрлері республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. 90-жылдары ТМД елдерінде басталған экономикалық құлдырау көліктің барлық түрлерінде тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне соқтырды. Тасымал көлемінің тұрақталып, өсуі 1999 жылдың аяғынан басталды. 2000 ж. көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының үлесі теміржол көлігінде –63%, өзен көлігінде –0,02%, автомобиль көлігінде –12%, әуе көлігінде –0,02%, құбыр желісінде –25%. Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш пен құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, теміржол көлігімен «тоғысатын» өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабына қызмет көрсетеді. Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімі – көмір, астық, мұнай, кентас, минералдық тыңайтқыш сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер. КСРО ыдырағаннан кейінгі экономикалық дағдарысты елдің темір жол көлігі саласы да бастан кешті. Тасымал көлемі соңғы 10 жыл бойы құлдырап, 1999 ж. оның деңгейі 1991 жылғы деңгейдің 26%-ы болды. Тек осы жылдың аяғынан және 2000 жылдан бастап өрлеу жолына түсті. 2000 ж. темір жол көлігімен тасылған өнім көлемі 34%-ға өсті (135 198 млн. т-км). Автомобиль көлігі – жүктерді қысқа және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Төңкеріске дейінгі кезеңде қатынас көлігі негізінен түйе мен ат болатын. Автомобиль сирек кездесетін. Мысалы, 1910 жылы Қазақстанда небәрі 20-дан сәл-ақ асатын жеңіл автомобиль болды, оның өзі де адам таситын автомобильдер еді. Өткен ғасырдың 20-жылдары Қарсақпай комбинаты мен Түрксіб құрылысында небәрі 81 жүк автомобилі пайдаланылды, ал 1928 жылдың аяғына қарай олардың саны 247-ге жетті.