Сабақ Бөлім Өзім туралы Педагогтің аты- жөні



бет14/35
Дата12.10.2023
өлшемі114,72 Kb.
#185129
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б
силлабусс СД пдф, Валеология ОТ силлабус рус 2022-23, Å. Í. Âèíàðñêàÿ 2005, МАТЕМАТИКА ЕРЕЖЕЛЕР 1-4 СЫНЫП (1), Құжат (1), ЖЕП презентация 3 5 (1), Бизнес-план №1 СРС Ару, 1-nuska fizika
Су туралы ән

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;


Сабақтың мақсаты

Судың қозғалысын сипаттайтын өлең жолдары мен суреттердің, музыкалық шығармалардың мағыналық және бейнелік сипатын ұғынады. Ля, си ноталарының бес сызыққа жазылымын ауызша көрсетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма.Тыңдау.
(МК, Ұ) Мұғалім «Су туралы ән» тақырыбымен танысу үшін оқушыларға композитор М.Сағатовтың «Бұлақ» фортепианолық пьесасын тыңдатады. Оқулықта пьеса атауына байланысты шағын әңгіме мен сурет ұсынылған. Балалар әңгіме мәтінін оқығанда мұғалімнің көмегіне сүйенуіне болады. Мәтінде судың пайда болуына ықпал ететін күн, бұлт, желдің рөлі де айтылған. Әңгіме мәтіні: «Бірде шағын ауылда таудағы тастар құлап, кішкене бұлақтың көзін жауып тастайды. Бір тамшы су қашып құтылып, не болса да бауырларын құтқаруға бел буады. Ол Күннен, бұлттан, желден көмек сұрап, адамдарға жеткізуін өтінеді. Көмекке келген адамдар бұлақтың көзін ашып, су тамшыларының қуанышын қызыға бақылайды».
«Бұлақ» пьесасы – шағын болғанымен, ерекше шығарма. Композитор жылдам екпінде орындалатын негізгі әуенді бұлақтың үремелі қозғалысымен аса үлкен шеберлікпен үндестіре білген.



Оқушылар композитор М.Сағатовтың «Бұлақ» фортепианолық пьесасын тыңдайды. Музыкалық шығармадан алған әсерлерімен бөліседі.
Халқымыздың суға байланысты тағылымдық мақалдарын талдауға қатысады.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия

Ортасы

2-тапсырма. Зерттеу.
(М,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын теңіздің үш күйі бейнеленген суреттер мен өлең жолдарына аударады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
-Суреттер мен өлең жолдарына назар аудар.
-Суретте теңіздің қандай күйі бейнеленген деп ойлайсың?
-Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпына сәйкес келетін динамикалық белгілерді ата (крещендо, диминуэндо). Мұғалім ертегі құрастыруына да болады.
3-тапсырма. Орындау.
(М, Ұ) Сабақта жаңа ән үйренеді: «Сылдыр бұлақ» (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов) Ән тез жатталады, шумақты, қайырмалы көңілді әуенімен ерекшеленеді. Мұғалім оқушылардың назарын әннің өлең жолдарына, ән дикциясына, әуен тазалығына аударуы керек.

Теңіз қалпын, толқынды, буырқанған (тасқынды) зерттеп, бақылайды. Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпына сәйкес келетін динамикалық белгілерді көрсетеді.
Оқушылар «Сылдыр бұлақ» (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов) әнінің бірінші шумағы мен қайырмасын үйренеді.




«Музыка» оқулығы

Соңы

Сабақ соңында ән қайырмасының бірінші жолы алдымен сөзі және әуенімен, онан кейін нотамен айтылады. Мұғалім ля, си ноталарының жазылымын пысықтайды.
(М.О) Бағалау:
-Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпының қайсысын дұрыс көрсеттім?
-«Сылдыр бұлақ» әнін қалай орындадым?
-Ля, си ноталарының жазылуы туралы не білдім?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Ән қайырмасының бірінші жолын әуен сөзімен, нотамен орындайды. Си нотасының жазылымымен танысады.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.




«Бағдаршам» әдісі туралы

Оқу ісінің меңгерушісі: Тлеубеков. С

Бөлім

Бізді қоршаған әлем

Педагогтің аты- жөні

Смайлова Г

Күні

20,21.12.22ж

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет