Сабақ Бөлім Өзім туралы Педагогтің аты- жөні



бет13/35
Дата12.10.2023
өлшемі114,72 Kb.
#185129
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б
силлабусс СД пдф, Валеология ОТ силлабус рус 2022-23, Å. Í. Âèíàðñêàÿ 2005, МАТЕМАТИКА ЕРЕЖЕЛЕР 1-4 СЫНЫП (1), Құжат (1), ЖЕП презентация 3 5 (1), Бизнес-план №1 СРС Ару, 1-nuska fizika
Ауа райы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;

1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу;

Сабақтың мақсаты

Ауа райының құбылыстарына сипаттама беруді, жел, күркіреген күннің, жаңбырдың дыбыстарын ажырата алуды үйренеді. Әнді аспаптармен сүйемелдей алады, орындайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1-тапсырма. Музыка тыңдау. Талқылау.
(М) Оқулықты ашқызбай, сабақ тақырыбының неге байланысты екенін анықтау мақсатында ауа райының аудиожазбасын тыңдатады. Оқушылар естіген дыбыстарға сәйкес қимыл-қозғалыстар көрсетеді және неліктен олай көрсеткендігін түсіндірулері керек. Мұндағы мақсат – ауа райының өзгерісін көрсету. Ауа райы құбылыстарына жауын-шашын, жел, тұман, бұлт жатады. Сыныпқа қойылатын бағыттаушы сұрақтар: «Қандай дыбыс естіп отырасыңдар?», «Оларды естігенде, нені елестетесіңдер?» Табиғат пен ауа райының алуан түрлі болатыны, түрлі көңіл күйді, дыбыс қарқындылығын, түрлі ырғақты беретіні туралы түсінік қалыптастырады.
(М,Ұ,ОТ) Мұғалім Б.Аманжоловтың «Жаңбыр» пьесасын тыңдатады. Үш бөлімді формада жазылған шығармада әуеннің негізгі интонациялары қайталанып берілген. Шығарма табиғатының көктем кезінде жауатын жаңбырлы сәтін суреттейді. Балаларға шығарманы тыңдар алдында оқулықта көрсетілген суреттерге назар аударамыз. Суретте жыл мезгілдерінің бірнеше көрінісі көрсетілген. Осыған байланысты төмендегідей тапсырмалар беріледі:
-Саған қандай ауа райы ұнайды?
-Суреттерде табиғат пен ауа райының қандай құбылыстары бейнеленген?
-Тыңдаған музыкаң суреттердің қайсысына жақын?

Оқушылар ауа райына байланысты аудио, бейнетаспадан естіген дыбыстарын қимыл- қозғалыс, дауыстық имитация арқылы көрсетеді. Ауа райы құбылыстарын талқылайды.

Б.Аманжоловтың «Жаңбыр» пьесасын тыңдайды. Тыңдаған әсерлерімен бөліседі.






Фоно – хрестоматия
Дыбыстар: Ауа райы
(звуки, погода)

Ортасы

2-тапсырма. Орындау.
(М, О) Ауа райына байланысты келесі үйренетін әннің бірі – «Жаңбыр» әні. Әнді орындауда ешқандай қиындық туындамайды. Оқушы әннің бірінші жолын нотамен орындайды, ля нотасымен танысады.

«Жаңбыр» әнін үйренеді. Әнді үйренгеннен кейін бірінші жолын оқулықта көрсетілген нотамен орындайды. Ля нотасының нота сызығындағы жазылымымен танысады




«Музыка» оқулығы

Соңы

(МК,Т,ОТ)
Мұғалім шығармашылық жұмысқа байланысты тапсырманы жалғастырады. Келесі тапсырма: «Жаңбыр» әнінің бірінші жолын оқулықтағы «Жаңбыр, жаумай, тоқтай тұр» көрсетілген үлгісіне сәйкес сүйемелдеу.Мұнда алғашқы сүйемел соғылымын барабан, одан асатаяқ жалғастырады, соңғы соғылымға үшбұрыш қосылып, бәрі бірге аяқтайды. (М.О) Бағалау:
-«Жаңбыр» әнін орындауда қандай тапқырлық көрсете алдым?
-Әнді сүйемелдеуде қандай қиындықтар кездеседі?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.

Оқушылар шығармашылық жұмысты жалғастырады. Оқулықтағы үлгіге сәйкес «Жаңбыр» әнінің бірінші жолын ұрмалы аспаптармен сүйемелдейді.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.




«Музыка» оқулығы

«Бағдаршам»


әдісі туралы

Оқу ісінің меңгерушісі: Тлеубекова.С



Бөлім

Бізді қоршаған әлем

Педагогтің аты- жөні

Смайлова Г

Күні

13,14.12.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет